Сабақ тақырыбы | Сабақтың тақырыбы: «Туған жер» Оразақын Асқар |
Сілтеме | Әдістемелік, интернет желісі, энциклопедия |
Жалпы мақсаты | Өлеңнің мазмұнын түсініп, автордың көңіл-күйін сезіне білуге үйренеді. Мәнерлеп оқуға үйренеді. |
Күтілетін нәтиже | Өлеңнің мазмұнын түсінеді. Автордың көңіл-күйін сезіне алады. Мәнерлеп оқулары дамиды. |
Негізгі идея | Диалог, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, дарынды және талантты балалармен жұмыс. |
Тапсырмалары | Топпен ,жұппен, жеке |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары | м | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | 1 | Тренинг «Бір шаңырақ астында» -«Қазақ елі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр» деп айту | Оқушылар жіптерді бір-біріне беру арқылы Қазақстан қандай мемлекет деген сұраққа жауап береді? М: егеменді, дербес, тәуелсіз т.б. Содан кейін ортасына тұрып жіптерін көтеріп, |
Білу (Үй тапсырмасын тексеру) | 6 | Ақылбек Манабаевтың «Найзатас» аңызын есімізге түсірейік. Топтық жұмыс Әр топқа дайындалған аңыз желісі бойынша коллаж беру. Аңызды осы коллаж бойынша мазмұндап береді. | 1 топ- «Найзатас» туралы 2 топ- Жонғар шапқыншылығы жайында 3 топ- Қаржау батырдың ерлігі 4 топ- Найзатасқа қандай сөз жазар едің? |
Түсіну | 6 | Әлемдегі барлық ақындар қанша өлең жазып шықты екен, білесіңдер ме? Мүмкін ол аспандағы жұлдыздардан да, бүкіл дүниежүзіндегі адамдардан да, тіпті ұсақ жәндіктердің бәрінің санын қосқаннан көп шығар, біз білмейміз. Бір таныс емес елсіз, адам баспаған аралға сені жіберсе, барар ма едің? «Жас зерттеушілерміз» ойынын ойнау -Таныс емес нәрсе саған қандай ой туғызады? М: сандықтың ішіндегі жұмбақ затты табу керек делік. Сен не істер едің? (сандықтың ішіндегі зат-Қазақстан картасы) -Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақ не туралы болуы мүмкін? Отан, Туған жер тақырыптарына тақтада «Топтастыру» жазу | Топта талқылайды. Өз ойларын ортаға салады Отан, туған жер – өз үйің, туып-өскен жерің, туысың, әке-шешең, қалаң, мемлекетің, өз мектебің, |
Қолдану | 10 | Автор туралы қосымша мағлұмат алдын-ала бір оқушыға тапсырылған болатын. Сол оқушы айтып береді. Суретін көрсетеді. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.(слайд) Өлеңді талдау А) Ақынның өлеңіндегі басты сезімі қайсысы: а) қуаныш, ә) мақтаныш, б) сүйіспеншілік дәлелде 4. Әр шумақтан сүйіспеншілікті білдіріп тұрған сөзді табыңдар 5. Өлеңдегі «Байлық, бақыт тұнған жер» деген сөзді түсіндір Дәптермен жұмыс 6. Қазақстан дүниежүзіне қандай жетістіктермен белгілі? (қосымша мәлімет беру) дәптерге өлеңннен теріп жаз «Өз өлкеңді таны» кестесін толтырту 5.Тайынша қаласындағы тарихи ескерткіштер туралы мағлұмат беру | Поэзия минуты
Ораз Асқар 1937 жылдың 16 қыркүйегіндегі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданы Бесқұдық аулында туған. Ол ақындық биік армандарды аңсаған ақын. Балаларға арналған“Жеңісбай” “Ақмарал”,”Кім көріпті мұндайды”, “Ақ тоқаш”, “Алатау” атты кітаптары бар. Көптеген әндердің авторы, “Анашым”, “Бақытты балалық”, “Мейірбан ұстаздар”, “Қоңыр күз” сияқты әндері ерекше. Ақын туған өлкеміздің шар тарабын, әр көрінісін сүйсіне жырлайды.
Сол оқушы айтып береді. Суретін көрсетеді. Оқушыларға өлеңді дауыс ырғағымен оқыту (2-3 оқушы) Топтар кестені жұппен толтырады. |
Сергіту сәті | 1 | Отан туралы мақал-мәтелдер айту(слайд) | |
Талдау Шешім шығару | 5 | Сөйлемдерді аяқта. Топтарға таратып беру 1- Топ: Мен туған жерімді сүйемін, өйткені.... 2- Топ: Мен туған жерімді аялаймын, өйткені.... 3- Топ: Менің туған жерім мен үшін қымбат, өйткені.... 4- Топ: Менің отанымдай жер жоқ, себебі... | Оқушылар топта талқылап ауызша жауап береді. |
Жинақтау | 7 | | |
Бағалау | 2 | Жауап парақшаларын толтырып отыру. Оқушылар формативті бағасын қояды. Жиынтық бағаны мұғалім қояды. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» | Бақылаушылар бағалау парақшасын толтырады. Екі ұнаған нәрсесін, бір тілегін немесе ұсынысын жазады. |
Үйге тапсырма | 1 | Өлеңді жаттап келу | |
Дерек көздер мен жабдықтар | | Слайд, маркер, плакат, суреттер | |