Саба?ты? ма?саты: м?тінді м?нерлеп, т?сініп о?у?а ?йрету. Ту?ан жер, ту?ан ел туралы білімдерін тере?дету.
Ойлау, с?йлеу ?абілетін дамыту.
Ту?ан жерін с?юге, ??рметтеуге т?рбиелеу.
Саба?ты? типі: жа?а саба?
Саба?ты? ?дісі: к?рнекілік ?дісі. С?ра?- жауап ?дісі.
Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та.
Саба?ты? барысы мен ма?ызы
1.?йымдастыру кезе?і.
Бір, екі,?ш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жал?аулы?ты тастаймыз,
Саба?ты біз бастаймыз.
Кіріспе.
?ызылорда ?аласына-195 жыл.
-?ркімні? ту?ан жері ?зіне ысты?.
2.Жа?а саба?.
Та?ырыбы: Ту?ан жерді? тасы да танымал
М. С?рсеке.
Медеу С?рсеке 1936 жылы 2 ?а?тарда Семей облысы, Абай ауданы, ?айсар селосында ту?ан. М. С?рсеке-инженер-металлург,кейіннен ??гіме жазумен ш??ылдан?ан, жазушы.
М?тінмен ж?мыс.(м?тінді б?лімге б?лу, іштей о?у, б?лімге ат ?ою)
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? Ту?ан жер»
Күні: 18 қазан
Сабақтың тақырыбы: Туған жердің тасы да танымал
М. Сәрсеке
Сабақтың мақсаты: мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Туған жер, туған ел туралы білімдерін тереңдету.
Ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.
Туған жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік әдісі. Сұрақ- жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы мен маңызы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Бір, екі,үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Кіріспе.
Қызылорда қаласына-195 жыл.
---Әркімнің туған жері өзіне ыстық.
2.Жаңа сабақ.
Тақырыбы: Туған жердің тасы да танымал
М. Сәрсеке.
Медеу Сәрсеке 1936 жылы 2 қаңтарда Семей облысы, Абай ауданы, Қайсар селосында туған. М. Сәрсеке-инженер-металлург,кейіннен әңгіме жазумен шұғылданған, жазушы.
Мәтінмен жұмыс.(мәтінді бөлімге бөлу, іштей оқу, бөлімге ат қою)
1. бөлім
*Мәтін кім жайында?
*Ол қайда барған еді?
*Үкімет шенеунігі Қ.Сәтбаевқа қандай ұсыныс айтты?
*Осы бөлімнен Британ музейін суреттеген жерді кім оқиды?
*Геолог музейден нені көрді?
Сөздікпен жұмыс
Мистер- мырза
Геолог- жер қойнауындағы байлықты табатын адам
Яшма- мүйіз тас, шақпақ тас
Музей- мұражай
Шенеунік- патша үкіметі кезіндегі кеңсе қызметкері
Бөлімге қандай ат қоясыңдар?
2.бөлім
Оқушы оқиды.
Сұраққа жауап алу
*Музейді аралап жүрген Қаныш қандай күйде болды?
*Қ.Сәтбаевтың не нәрсеге көзі түсті?
*Қаныштың сөзін кім жақтырмады?
Сөздікпен жұмыс
Трансвааль- Оңтүстік Америка Республикасындағы елді мекен.
Гид- ел тарихы жайлы түсінік беретін адам
Саф- қоспасыз, таза.
Бөлімге қандай ат қоясыңдар?
Сергіту сәті.
3.бөлім
Оқушы оқиды.
Сұраққа жауап алу
*Мыстың түпкі мекені қай ел?
*Сапар аяқталған кезде келген хатта не жазылған?
Сөздікпен жұмыс
Экспонат-музейге қойылған зат.
Отель- қонақ үй.
Таған-музей экспонаттарын қоятын сөре.
Бөлімге қандай ат қоясыңдар?
Түнгі Лондон (үнтаспадан тыңдау)
-Бүгінгі сабақта қай қала жөнінде сөз еттік?
-Жезқазған.
Қазақстан –әлеміндегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Мыстың көп бөлігі Жезқазған аймағында өндіріледі.
Дәптермен жұмыс
Трансвааль-Оңтүстік Америка Республикасындағы елді мекен.
Яшма-мүйізтас, шақпақ тас- тау жынысы.
Түйіндеу.
Қ.Сәтбаев кім?
--Қ. Сәтбаев- аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері.Туған жері- Павлодар облысы,Баянауыл ауданы.
*Ғалым хатты алғанда неліктен қуанды?
*Қ.Сәтбаевтың орнында болсаң ,сен не істер едің?
Бекіту. Туған жердің әр тасы, әр бұтасы,аспаны мен бұлты да- ата-бабамыздың бізге тастап кеткен баға жетпес байлығы. Әркімнің туған жері жұмақтың төріндей ыстық,жақын болмақ.
---Қазақстандағы қандай қазба байлықтарды білесіңдер?
Сәйкестендіру тесті
Пайдалы қазбалар атауы Өндірістік қала атауы
Көмір Қызылорда
Мыс Қарағанда
Тұз Ақтау
Мұнай Жезқазған
Әңгіме кесте
Әңгіме тақырыбы
Авторы
Кейіпкерлері
Идеясы
Қорытындылау. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас дегендей әр адамға өз туған жерінің тасы да суы да топырағы да ыстық.
Сондықтан кең байтақ, бай әрі сұлу жерімізді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат ету мына бізге міндет.