Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. Та?ырыбы: Батылды?.»
Пәні: Әдебиеттік оқу
Күні: 21.04.2016ж
Сабақтың Тақырыбы: С.Мұқанов. Батылдық
Сабақтың мақсаты: Әңгіме мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру. Оқушыларға Балуан Шолақ туралы мәлімет беру, мәтіннің мазмұны арқылы қосымша біліммен толықтыру,
Әр топтан бір оқушадан сабақ сұралып, сұрақ қойылады?
Мұқан қозы бағып жүргенде қандай жағдайға тап болды?
Мұқанның қандай әрекеті ауыл адамдарын таң қалдырды?
Бала жігіт неге тарығып жылады?
Мал иесі бұл жағдайды қалай қабылдады?
1-топ: Тұлпар тобы
Мұқан қандай адам болған?
2-топ: Сұңқар тобы
Қажымұқанның жетістігі
3-топ: Болашақ тобы
Ерлік туралы мақал-мәтел айту.
4-топ: Қайсар тобы
Суретке әңгіме құра.
Жаңа сабақ
«Ой қозғау»
-Балалар батыл дегенді қалай түсінесіңдер?
-Күшті, мықты, жігерлі, қайсарлы.
Сонымен, бүгінгі өтетін тақырыбымызда Сәбит Мұқановтың «Батылдық» әңгімесімен танысамыз. Әңгіменің кім туралы, не туралы екенін бүгін танысып білеміз.
Жазушы туралы
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов 1900 жылы 22 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, қазіргі Сабит Мұқанов атындағы совхозда кедей шаруа семьясында дүниеге келген. Ол 200-ден астам әдеби – сын мақалалар жазды. Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды, қазақтың батырлық және ғашықтық жырларын, айтыстарын зерттеді. Ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Көрнекті жазушы. «Балуан Шолақ» романын жазған.
Оқулықпен жұмыс:оқушыларға тізбектей оқыту.
Сөздік жұмыс:
Құрық-басында ілмек арқаны бар, асауды ұстайтын ұзын сырық ағаш.
Жәукемдеп-жайратып, құртып.
Сергіту сәті
Балуан шолақ туралы видео ролик
Әр топқа берілетін сұрақ.
Балуан Шолақтың шын есімі кім?
Ол неліктен «батыл бала», «балуан бала» атанған?
Мәтіннен Нұрмағамбеттің күштілігін көрсететін тұстарды тауып, дауыстап оқы.
Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қой.
Берілген суретке зер салайық.
Суреттен нені көріп тұрсың?
Суреттегі адамның күштілігін неден аңғардың?
Ойымызды жинақтап қорытынды жасайық.
Балуан Шолақ жайлы не білдік? Қандай адам болған?
Егер Балуан Шолақ біздің заманымыздың, тәуелсіз елдің азаматы болса қалай болар еді?
Қазақстанның атын әлемге, дүние жүзіне танытар еді. Халық қаhарманы деген атақ алар еді.
Біздің Қазақстанымызда Балуан Шолақтың ізін жалғап жүрген қандай адамдарды білесің?
Бар, әрине олар Жақсылық Үшкемпіров, Қазақстан барысында Бейбіт
Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров.
Балалар, біздің сыныпта қасқырмен бетпе-бет келіп қалса, өзін Балуан Шолақ сияқты ұстайтын батыл бала бар ма? Қәне ортаға шығайықшы?
Сәбит Мұқанов кім? - жазушы әнші күйші
Нұрмағамбет қандай бала? - Батыл,балуан қорқақ, өнерлі,әнші