kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? та?ырыбы: Абай «Жаз?ыт?ры»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  ма?саты: - О?ушылар?а  Абай  ?мірі, шы?армалары  туралы  т?сінік  бере отырып, ?ле?ні?  мазм?нын  ??ындыру. К?ктем мезгіліні? ерекшеліктерін  т?сіндіру.

-Тілін  дамыту, ?ле?ді  м?нерлеп  о?у?а  баули  отырып, ж?йелі баяндай  білуге  ?йрету

-Таби?атты  с?юге  оны  ?ор?ау  білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? та?ырыбы: Абай «Жаз?ыт?ры»»

ШҚО Ұлан ауданы

Ново – Одесское ауылы

Б. Ахметов атындағы орта мектеп.

3 «А» сынып.

Сабақтың тақырыбыАбай «Жазғытұры»

Сабақтың  мақсаты: - Оқушыларға  Абай  өмірі, шығармалары  туралы  түсінік  бере отырып, өлеңнің  мазмұнын  ұғындыру. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін  түсіндіру.

-Тілін  дамыту, өлеңді  мәнерлеп  оқуға  баули  отырып, жүйелі баяндай  білуге  үйрету

-Табиғатты  сүюге  оны  қорғау  білуге тәрбиелеу.

Сабақтың   көрнекілігі:    слайд, видеопроектор.

Сабақтың    әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,топпен  жұмыс.

Сабақтың    барысы:

Ұйымдастыру

Сабақ  қазақтың  ұлттық  ойыны « көкпар» ойынының  бағытын  негізге  ала  отырып, өткізіледі.

Көкпар.

1.Ширату

2.Іліп  әкету

3.Қамшы  басу.

4.Қазандық

1-бөлім: Ширату «Көзбен  көр,  сөзбен  өр

«Біліміңді тексер» тест тапсырмалары.

Балаларды топқа бөлу. Геометриялық фигураларды таратып беру. Балалар топқа бөлінеді.

1-топ:  Сұрақтары

1. «Бұл  адам  емес»  деген  сөйлем  қай  мәтінде   кездеседі?

 З)  Шал  мен  бала   Г) Мейірім   ж)  Нағыз  адам

2. «Оның  домбырасынан  теңіз   толқынындай  арындаған  асау   күй  төгіледі» деген  жолдарда  кім  туралы  айтылған?

А)  Құрманғазы  Ә)  Шәмші   б)  Әміре

3.  «Күзек»  сөзінің  мағынасын  тап.

ж)  Көктемгі  егіс  даласы    з)   Қойды  күзде  бағатын  қоныс.

4. «  Таза  бұлақ»  мәтінінің   авторы

г)  Б.Соқпақбаев   ғ)  Ы.Алтынсарин. д) Ж.Кәрменов.

5. Ән  құдіреті  туралы  қай  мәтінде  айтылған?

и)  Әке  тәлімі.  Ы)  Аққұс  туралы  аңыз.   Е)  Рәсім

2-топ   сұрақтары

1.Әміре  Қашаубаев  кім?

П) күйші    т)  әнші   р)  жазушы

2. «Достық  деген   ізгіліктің  алаңы  қай  өлеңнен   алынған  үзінді?

Ү)  ана      ұ)  Достық   өлкенсінің   заңы   у)  төрт  ана

 3. Әбілхан  Қастеев   кім? П)  сазгер  р)   суретші  л)  ғалым

4. «Кісідегінің  кілті  аспанда»  деген   мәтел  қай  мәтінде  кездеседі?

И)  Абай  шаңырағы   ы)  Сәкен  аға    с)  Ақ  шаш       

(«Жазғытұры»  деген  сөз  шығады)  Демек  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы

«  Жазғытұры» сөзі шығады. Тақтаға сөз ілінеді.

Жаңа  сабақ.

Балалар өз орындарына отырады.

- Балалар тақтада қандай сөз шықты. (Жазғытұры)

Жазқытұры деген не? (көктем)



Ендеше біз сендермен А.Құнанбаевтың «Жазғытұры» деген өлеңімен таныс боламыз.

Сендер Абайдың басқа қандай өлеңдерін білесіңдер ме? Абайдың басқа мезгіл туралы жазған өлеңдері бар ма? Кім жатқа айтып бере алады? (Жатқа айтқан балалардан сұрау)

Қазір біз сендермен Абай Құнанбаев туралы қысқаша мәлімет тыңдап көрейік.

Бейнетаспаны қосу.

Автор  А.Құнанбаев  туралы  мәлімет.

2-бөлім. Іліп  әкету. 

«Оқы   да,  ойыңа  түй!»

Өлең жазылған таспа қосылады. Мазмұнын  түсіндіру.

Сөздік жұмыс:

Масатыдай құлпырар – кілемдей түрленер.

Анталаса бұл жерде: қуана қараса.

Мазатсып – рақаттану, масайрау.

  • Балалар, көктемде нелер төлдейді?

  • Төрт түлік мал төлдейді.

  • Дұрыс, яғни, түйе боталап, қой қоздап, барлық жан-жануарлар төлдейді екен. Ал көктем келгенде құстар не істейді?

  • Шаттана, қуанып, сайрап өлең айтады. – Дұрыс айтасыңдар.

  • Ағаштар мен гүлдерде не өзгеріс болады?

  • Олар әдеміленіп, құлпырады. – Жарайсыңдар, балалар.

  • Көктем келгенде сай-саладан не ағады?

  • Су ағады.

  • Су қалай ағады? – Сыбдырлап, сыңғырлап ағады.

  • Міне, көрдіңдер ме, балалар. Абай атамыз көктем көрінісінің табиғатын қалай жырлаған? Әдемі, сұлу көріністі көз алдымызға елестетіп жіберді емес пе? Көктемгі табиғаттың сұлу көрінісін көркем сөзбен суреттеп отыр. (Көктемді бейнелейтін сурет көрінісі көрсетіледі.) Міне, мына көріністе көктемді суретші сурет арқылы суреттеген болса, ал Абай атамыз «Жазғытұры» өлеңінде көктемді, сөзбен, жан бітіріп суреттеп отыр. Абай атамыздың табиғат лирикаларында осыны байқауға болады. Міне, көрдіңдер ме, Абай атамыздың Ұлылығын.

  • Абай аталарыңның көптеген шығармаларымен одан әрі танысатын боласыңдар.

Балаларға өлеңді мәнерлеп оқыту.

-­Өлең не жайлы?

- Абай көктемді қалай бейнелеген?

- Табиғаттағы өзгерістер жайлы не деген?

- Малдар не істейді?

- Су қалай ағады?

- Жер қалай құлпырады?

Сергіту

3- бөлім  « Қамшы  басу. «Мәнін   ұғын,  түйінде!»

Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық бүгінгі күнді жазамыз.

(берілген сөздерге сөз тіркестерін тауып жазамыз)

Күн ................... жылынды, жүгірді, терледі.

Қар ................. еріді, балқыды, пысты.

Құстар ................ ойнады, биледі, келді.

Жаңбыр .................. қақты, еріді, жауды.

Көктем .................. келді, қақты, еріді, жауды.

Жаңбыр .................. себеледі, еріді, ұрды.

Қыс.................. кетті, тоқыды, күлімдеді.

Балаларды тексеру. Әр бала тұрып оқиды.





Тақтамен жұмыс

Мақалды жалғастыр:

1. Сәуір  болмай,  тәуір  болмас

2.Сәуір  келсе  күн  күркірер,

Күн  күркіресе,  көк  дүркірер.

Қазір біз сендермен «Көктем» тақырыбына эссе жазып көрейік.

4- бөлім  Қазандық «Тобықтай  түйін»

- Балалар тақтаға қараңдаршы, мына сызбаны толықтырайық. Жазғытұрым тағы қандай өзгерістер болады.

Қар ериді Күн ұзарып, түн қысқарады бәйшешек

гүлдейді

Күн жылиды ағаш

отырғызады



Қорыту.

«Интервю»стратегиясы

  1. Жазғытұры жер беті қалай өзгереді?

  2. Көктемде қандай мерекелер бар?

  3. Бұл сабақта не туралы жаңа мағлұмат алдың?

  4. Абайдың бұдан өзге қандай шығармасын білесің?

Балалар мен сабақты мынандай сөздермен қорытындылағым келіп тұр. «Абай күн секілді Қазақстан аспанында елмен бірге өмір сүре береді» (Тұман Молдағалиев)

Бағалау.

Үйге  тапсырма:Өлеңді  жаттау. 






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ашы? саба? та?ырыбы: Абай «Жаз?ыт?ры»

Автор: Мешелова Умыт Турсынгожа?ызы

Дата: 26.05.2016

Номер свидетельства: 330354


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства