kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "Мені? ?йім. Н?тиже саба?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мені? ?йім. Н?тиже саба?

Жарайсы?дар, балалар! Міне б?гінгі саба?ымызды ?орытындылай келгенде,та?тада?ы ?йіміз де ?демі, ?лкен болып ??растырылды. Біздер «Арман шы?ына» ?ол ?стасып, ?р сатыдан м?дірмей,еш ?иынды?сыз ?ттік. Сонымен, балалар, «Арман шы?ына» шы?у о?ай ма екен? Б?л к?рініс б?гінгі ал?ан, берген саба?ымызды? ?демі к?рінісі болды. Балалар, болаша? ?з ?йлері?ні? ?андай бол?анын ?алар еді?дер?

Ба?алау. Б?гінгі саба?ымызда барлы? о?ушылар да саба??а белсене ?атысып отырды. Екі топ та жа?сы ж?мыстар жасады. (5 мин)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Мені? ?йім. Н?тиже саба?"»

26 орта мектебі










Сабақтың тақырыбы: «Менің үйім» Нәтиже сабақ

3 «б» сыныбы







Мұғалім: Кожабергенова Г.А.















Ақтөбе қаласы-2015 жыл


Сабақтың тақырыбы: Менің үйім. Нәтиже сабақ.

Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген модульдің тақырыптары бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау. Пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

2.Ауызекі тілде сөйлету арқылы тіл байлығын дамыту,сөздік қорын кеңейту,топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

3.Бейнелеу арқылы оқушыларды көркемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,суретпен жұмыс, ойын.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, сандық, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)

Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады, амандасу, қонақтармен амандасу

- Бүгін сыныпта кезекші кім?

- Сыныпта кім жоқ?

- Оқу құралдарын тексеру (оқулық,дәптер,қалам,сөздік дәптер)

Тіл дамыту кезеңі:

Қазір қай сабақ?

Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?

Аптаның қай күні?

Бүгін ауа райы қандай?

Бүгінгі сабағымыз өтілген тақырыптарды қорытындылауға арналады. Алдарыңда бірнеше баспалдақтар тұр, сол баспалдақтардан өтіп «Арман шыңына» жетулерің керек.Олай болса 2 топқа бөлініп, «Арман шыңына» қол ұстасып, жолда кездескен кедергілерге шалдықпай жетулеріңе тілектеспін.

-Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?

( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5 минут)

Жұмбақ жазып,жаттау.

1-саты (2 минут)

Сандарды сөйлет . Берілген сандар мен зат есімдерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастыру керек.

6

7 4 5 10

8 3 2 1 9

Зат есімдер: қабат, бөлме,үй, орындық, пәтер, сынып, мектеп, парта, тоңазытқыш, сурет.

Мен үшінші қабатта тұрамын. Менің үйім төрт бөлмелі. Қабырғада 8 сурет ілулі тұр. Сыныпта 10 орындық бар. Менің мектебім 2 қабаты. Сенің үйіңде жаңа тоңазытқыш бар. Менің досым 4-ші сыныпта оқиды. Мен 7-ші партада отырамын. Мен 1-ші үйде тұрамын.



2-саты (5 минут)

« Қатесін тап» Әр топқа мәтін таратылады. Топ мүшелері мәтіннің қатесін түзейді. Екі топ алмасып тексереді. Қателер жігін арнайы параққа жазады.

Үй біздің көшесінде Абай орналасқан. Үй біздің үлкен және әдемі.Үйіміз бес қабатты. Үшінші қабатта тұрамыз біз. Үйде төрт бөлме бар. Бөлмемде менің тұр кереует шкаф орындық үстел. Бөлмем таза менің әдемі. Үйде ас бар тоңазытқыш үстел ыдыстар. Жудым мен еденді сүрттім терезелерді.Көмектестім шешеме мен.


3-саты. (2минут)

Сергіту сәті. Мынау-менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-басым ақылды,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым,

Барлық істі басқарған.

4-саты (3 минут)

«Қыз қуу» ойыны.Бір ұл, бір қыз шығады. Қыз тек сын есімдерді,ал ұл тек зат есімдерді айтады. Екінші жұпта қыз сан есімді, ал ұл зат есімдерді айтып айтысады.

Қандай? Не? Неше? Не?

Әдемі үй Бір есік

Кең бөлме Төрт терезе

Қызыл перде Екі бөлме

Қара есік Үш кереует

Қоңыр еден Жеті гүл

5-саты (5 минут)

«Біздің үй» .

Бір бөлмені таңдап, мәтін құрастыру.

Ас үй

Қонақ бөлмесі

Ұйықтайтын бөлме





6-саты (5 минут)

  1. Дыбыстар әлемі. Берілген дыбыстарды үйге дұрыс жинау.

А Т М Е К Ғ Қ Ы І Ә Ұ Ү Ң Р Д

Дауысты Дауыссыз

  1. «Біліміңді шында» (Берілген сөздерді тәуелдеу)

І топ ІІ топ

Орындық Кереует




7-саты (5 минут)

« Cиқырлы сандық» Келесі 7-ші сатыға көтерілу үшін балалар,сиқырлы сандықтағы жасырынған сұрақтарға екі топ кезек-кезек шығып, жауап беруі керек. Сұраққа дұрыс әрі толық жауап берген топ алмаға ие болады . Қай топ көп алма жинаса, сол топ жеңімпаз болады.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

1.Қай қалада тұрасың?

2. Мекен-жайың қандай?

3.Заттарды бір сөзбен ата.

Кесе,қасық,пышақ,шанышқы.

4.Пәтерің неше бөлмелі?

5.Зат есімнің тәуелдік жалғауларын ата?

6.Төртінші артықты тап.

Қасық,кесе,пышақ,орындық.

7.Пәтерің нешінші қабатта?

8.Сенің бөлмең қандай?

9.Берілген сөздерді буынға бөл.

Жиһаз,кереует,орындық.

10. Төртінші артықты тап.

А,Е,Ә,К

Сабақты бекіту:

Енді, балалар тақтадағы мына үйдің қабырғасына назар аударайық.Осы үйді толық құрастыру үшін келесі сұрақтарға жауап беруіміз керек.

  1. Ыдыс-аяқтар қай бөлмеде тұрады? (ас бөлмесінде)

  2. Қонақты қай бөлмеде қабылдайды? (қонақ бөлмесінде)

  3. Оқушының кітаптары қайда тұрады? (кітап сөресінде)

  4. «Пәтер» сөзін тәуелде

  5. Қай бөлмеде ұйықтайды? (ұйықтайтын бөлмеде)

  6. Сенің үйің қай көшеде орналасқан?

Қорытындылау: Жарайсыңдар, балалар! Міне бүгінгі сабағымызды қорытындылай келгенде,тақтадағы үйіміз де әдемі, үлкен болып құрастырылды. Біздер «Арман шыңына» қол ұстасып, әр сатыдан мүдірмей,еш қиындықсыз өттік. Сонымен, балалар, «Арман шыңына» шығу оңай ма екен? Бұл көрініс бүгінгі алған, берген сабағымыздың әдемі көрінісі болды. Балалар, болашақ өз үйлеріңнің қандай болғанын қалар едіңдер?

Бағалау. Бүгінгі сабағымызда барлық оқушылар да сабаққа белсене қатысып отырды. Екі топ та жақсы жұмыстар жасады. (5 мин)

Үй тапсырмасы: «Менің болашақ үйім» (2 минут)

І.Сурет салу

ІІ.Мәтін құрастыру Бағалау (5 мин)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ашы? саба? "Мені? ?йім. Н?тиже саба?"

Автор: Кожабергенова Гульмира Абдигалиевна

Дата: 02.04.2016

Номер свидетельства: 314140


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства