Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "?арлы?ашты? ??йры?ы неге айыр?"»
Сабақтың тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Мақсаты: 1.Оқушылардың ертегіні түсініп оқып,өз сөзімен әңгімелей білуге,ондағы кейіпкерлерге баға беруге,өзіндік пікір айтуға үйрету,сөздік қорын байыту,қиялын дамыту,дүниетанымын кеңейту. 2.Оқушының өмірдегі біліміне,білетініне сүйену. Жаңа ақпарат беру арқылы ойлау,сөйлеу,оқу дағдысын дамыту. 3.Оқушыларды қайырымдылыққа,жақсы мен жаманды ажырата білуге баулу. Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, серпілген сауал, ой толғау,бағдаршам
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Жүректен-жүрекке.Қазір біз сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге ізгі тілек арнайық:
-Олардың қолдарында қару алып жау шабуда емес, дұшпан алдында именбей, өткір тілмен турап түсетін әділетті сөз айтуында.
-Билер кімдерге кеңесші болған?
- Билер хан-сұлтандарға кеңесші болған.
- Қазыбек би кім?
- Қазыбектің ағаларын ата? –Бертіс би, Тілеуке би.
- Қазыбекті ағалары қалай жазаламақшы болды? –Бұзықтар үстіне шекпен жауып, сабамаққа айналады.
- Кім көмекке келді? -Кенже інісі Бөдене батыр.
-Ашулы інісін қалай тоқтатты? –Шырағым, бір қолың ұрысшы болса,екінші қолың арашашы болсын. Ашу – дұшпан, ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды еш уақытта жақыныңа сілтеме!
-Халық алдында Қазыбек қалай толғады?
2.Жаңа сабақ.
Психологиялық дайындық -Қазір мен сендерге жұмбақтар жасырамын :
1. Өзі айлакер, өзі бір қу
Жүрген жері айқай да шу. (түлкі)
2. Бір жәндік бар ұшып жүріп ән салады,
Әркімге қонақ болып бір барады.
Барлығы мақұлықтан ығыр болып,
Дауысын естігендер зар қағады. (маса)
3.Түсі суық ызғарлы,
Аузында айыр бізі бар. (жылан)
4.Екi айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрiгi. (қарлығаш)
Оқулықпен жұмыс . Мұғалімнің оқуы. Іштей оқуы. Тізбектей оқуы.
1. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегіні оқу . Алған әсерлерін,түсінгендерін айтқызу. Осы ертегіден алған әсерлерің қандай? 2.Ертегіні әңгімелеу,талдау:
1. Ауруға ұшыраған Айдаһардың халін суреттеген жерді мәтіннен тауып оқы.
2. Масаның зұлымдығын көрсеткен тұсты оқы.
3. Маса ,Қарлығаш ,Айдаһар - үшеуінің айқасқан көрінісін қара сөзбен ,өз түсініктері бойынша әңгімелеу.
Не қилы – әр түрлі. Сергіту сәті мультфильм «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Қарлығаш — адамның досы, жанашыры, қай кезде де қамқор боп жүретін адал құс, мейірімді , зұлымдыққа жол бермейді, адал.
Жауыз жылан адамның қанын ішкісі келеді,қарлығашты өлтірмек болады. Түлкі жыланның тілегін орындамақ болады. Маса ең тәтті қанды іздеп тапты, жыланға айтпақшы болады, зұлым .
адал
Қарлығаш қайырымды
нәзік
киелі
3.Сабақты бекіту.
Шаңырағыма бір бейкүнә қарлығаш ұя салып еді.Ол жер бетін топан суы басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап, адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорғаған құс еді.Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын зарлатып-сарнатып кете алмадым.
Төле би.
Ой қорыту:
Ой толғау. Адамгершілік – асыл қасиет.
4.Қортынды.
1.Біз бұл ертегіден көңілімізге не түйдік?
5.Үйге тапсырма: 314-317 бет түсініп, мәнерлеп оқу. ( Осы мәтін бойынша суретті фильм жасап көру) .Адамгершілік туралы мақал-мәтел жазып келу.