kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы?_саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

М?риям Хакімжанованы? шы?армашылы?ымен танысу, ?аза?ты? ?а?арманы ?ызы, Ке?ес Ода?ыны? батыры М?нш?к М?метованы? балалы? ша?ымен танысып, ерлігі туралы жан - жа?ты м?лімет алу. ?з пікірін ?ор?ай біліп, ойын ашы? жеткізуге машы?тану. Тіл байлы?ымызды арттырып, шы?армашылы? ж?мыстар жасау?а талаптану. М?нш?к апамыздай елімізді, жерімізді ?ор?ай білуге ?йрену, Отан алдында?ы азаматты? пен адамгершілік парызымызды сезіну.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы?_саба?»

Сабақтың тақырыбы: М. Хакімжанова «Бала Мәншүк»
Сабақтың мақсаты: Мәриям Хакімжанованың шығармашылығымен танысу, қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысып, ерлігі туралы жан - жақты мәлімет алу. Өз пікірін қорғай біліп, ойын ашық жеткізуге машықтану. Тіл байлығымызды арттырып, шығармашылық жұмыстар жасауға талаптану. Мәншүк апамыздай елімізді, жерімізді қорғай білуге үйрену, Отан алдындағы азаматтық пен адамгершілік парызымызды сезіну.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың технологиясы: сыни тұрғысынан ойлау мен жазу.
Әдіс – тәсілдері: топтық жұмыс, БББ кестесі, Жиксо№1,
Жиксо №2, INSERT «түртіп алу», 5 жолды өлең, Автор орындығы
Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәриям Хакімжанованың суреттері, тірек сызбалар, компьютер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбер.
Топқа бөлу (геометриялық фигуралар арқылы 3топқа бөлу)
І. Үй тапсырмасын тексеру(Қызығушылықты ояту)
- Өткен сабақта қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?
- Әлия Молдағұлова
- Әлия туралы білімімізді жинақтайық. Әлия қалай естеріңде қалды.(постерге түсіру)
(байсалды, қайратты, ақылды, өжет, қайсар, жауынгер, батыр, ержүрек, батыл)
I топ Әлияға мінездеме.
II топ Әлиянің ерлігі (жауапкершілігі, қайсарлығы)
III топ Әлия - Шығыс шынары. (Кенес Одағының батыры, қазақтың қаһарманы қызы,)
Әр топ тапсырмаларын қорғайды. Әр топтың пікірі құнды.
II. Мағынаны ажырату.
- Ә. Молдағұловадан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер? (Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров)
- Әлия Молдағұловадан басқа тағы Қазақстаннан шыққан батыр қыз кім?
(Мәншүк Мәметова)
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
1. БББ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?
Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке - жеке орындайды
«Білемін» бөлігін топтастырады.
Білемін. Білгім келеді.Білдім.
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз.
Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры.
1. БББ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады.
- Мәншүк туралы не білгілерің келеді?
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек, батыр қыз.
Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры. Мәншүк апа туралы тереңірек білгім келеді.
Мәншүк пен Әлия соғыста бір - бірімен кездесті ме?
Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
Пулеметші болғаны рас па?
2. «Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 2 сұрақты сыныпқа жариялап айтады.
Балалар, сендер білгім келеді бөлімін топтастырғанда тереңірек білгім келеді дедіңдер ғой, Қазір мен бейнефильм ұсынамын.(Соғыс туралы бейнефильм)
- Қандай сезімде отырсыңдар бейнефильнен кейін? (аянышты екен)
- Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды? (18 жаста)
- Қай жерде және қай жылы дүниеге келген екен?(
Бейнефильнен «білгім келеді» бөліміндегі сұрақтарына жауап ала алдыңдар ма?

Жаңа сабақ
Оқулықта «Бала Мәншүк» туралы М. Хакімжанованың естелік шығармасы бар.
- Естелік дегенді қалай ұғасыңдар?
- Мәриям Хакімжанова туралы не білеміз? (1 - 2 бала)


- М. Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобыланды ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны. «Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар.

Мәншүк туралы суреттерді слайдтан корсету



Кітаппен жұмыс
Енді, балалар, мәтін бойынша жұмыс жасаймыз.
(ЖИГСО №1 оқу, ЖИГСО №2 талдау.)
Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі. Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап, түсінігін бір - біріне айтады.
Сөздік жұмыс.( INSERT әдісі). Өздеріне түсініксіз сөздерді түртіп қойындар.
Дәптерлеріңе жазып алыңдар.«Түртіп алу» әдісі.
Дерлік – түгел, бәрі, айтарлық
Әсте қыңыр – басқаша, қызық, бір түрлі, өзгеше сөйлейді
Домбығып – ісіну, томпаю

Сергіту сәті.

 Хор. «Мәншүк әні»

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін, 

Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың. 

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған, 

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

  Қолында пулеметі «Максим» оның, 

Бойында күш-жігері тасқын оның. 

Ерлермен тізе қосып шабуылда, 

Оғымен қырғын майдан атты жолын.

Көзінен ұшұын оттай лапылдаған

  Жауына қатер төгіп, қатуланған. 

Отан үшін шайқаста ауыр күнде, 

Төксе де өлім қаупі жасымаған

Бекіту
(ЖИГСО №2 )Схема арқылы негізгі ойымызды анықтайық.
I топ – Тақырып. Негізгі ой. І бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы» (жауапкершілігі, қайсарлығы, )
II топ – Рөлге бөлу.
III топ - Тақырып. Негізгі ой. ІІІ бөлім. «Мәнсияның жанама аты»
Топта талдау.
«Ой ширату»
I топ –- Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсиянің қандай мінездері ұнады? Өздеріңе ше?
ІI топ – Әңгімедегі Мәнсиянің қандай қызықты жайы естеріңде қалды?
III топ – Сендердің ойларынша Мәнсия «Моншағым» деген атқа лайықты ма?
Топта талдау, сұрақтарға жауап беру

Балалар, Мәншүк апаларың ұнады ма?
Ендеше қалай ұнағанын көрейік.
Бес жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім? – Мәншүк
2. Етістік Не істеді? Қайтті? – атысты, шайқасты, ерлік көрсетті.
3. Сын есім. Қандай? – ержүрек, батыр, өжет.
4. Синоним. Мәншүк - Мәнсия
5. Сөйлем. Мәншүк қазақтың батыр қызы.
«Автор орындығына» келіңдер.
Қорытынды:
1. БББ кестесі «Білдім» бөлігін топтастыру.
Білемін Білгім келеді Білдім
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек, батыр қыз.
Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры. Мәншүк апа туралы тереңірек білгім келеді.
Мәншүк пен Әлия соғыста бір - бірімен кездесті ме?
Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
Пулеметші болғаны рас па?
1. Мәншүктің шын есімі Мәнсия.
2. Олар бір - бірімен кездеспеген.
3. Батыс қазақстан облысында дүниеге келген.
4. 19 жасында майданға аттанған.
5. Пулеметші болған.
Ұлы Отан соғысында құрбан болған Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Үйге тапсырма:
1. «Бала Мәншүк» мәтінін оқып келу.
2. «Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды» эссе жазу.
3. Батырлық, ерлік туралы мақал – мәтел жаттау.
Бағалау.(басбармақ арқылы)
Мадақтау.
Тілек: «Сіздерді батыр бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін!» деп сабағымызды аяқтау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ашы?_саба?

Автор: Серкенова Шуга Даукеновна

Дата: 28.02.2016

Номер свидетельства: 299974


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства