Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарға амандасып, сабағымызды бастайық. Қазір біз білімді аталар ауылдарына саяхатқа барамыз. Бұл ауылдарда берілген тапсырмаларды орындаймыз.
Жеті аталарға кім жатады?
әке Жеті ата ата
немене бала немере шөбере шөпшек
Саяхатқа шыгу үшін өзімізге көлік әзірлеп алайық.
Қандай көліктермен бара аламыз? Көлік түрлерін атандар.
Дұрыс, балалар, бірақ ертедегі ауылға барамыз. Бұрын ата-бабаларымыз техника дамымаған.Ертеде көлік ретінде нені қолдаған?
Атты, түйені, өгізді.
Сендер соның қайсысын қалайсыңдар?
Атты.
Жарайды, атты жолға әзірлейік.
Атты шанаға жегу үшін қандай жабдықтар керек?
Доға, делбе, қамыт, ершік, шана.
2. Ал ,ендеше, жолға шығайық. «Ата» ауылына келіп қалыппыз. Мынадай тапсырмалар дайындапты: