Білімділік: О?ушылар?а ертегідегі негізгі о?и?аны, идеяны ??ындыру. ??стар туралы білімділерін ке?ейту. Затты? атын білдіретін с?здер туралы білімдерін жетілдіру. Ой ?оз?ау стратегиясын пайдалана отырып, о?ушылар?а с?ра?тар ?ою ар?ылы жан - жа?ты ойлау?а ?йрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сауыс?ан мен к?кек»
Сабақтың тақырыбы: «Сауысқан мен көкек» / ертегі/. Түрі: Дамытпалы сабақ. Типі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың негізгі үш мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ертегідегі негізгі оқиғаны, идеяны ұғындыру. Құстар туралы білімділерін кеңейту. Заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін жетілдіру. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақтар қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың сын тұрғысынан ойлауын, болжау стратегиясын пайдаланып, дәлелді сөйлеуге, дискуссия жүргізе білуге үйрету. Оқушылардың есте сақтау танымдық қабілеттерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін, оқу мен жазу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жаман әдеттен (еріншектік, жалқаулық) аулақ болуға, керісінше еңбекқор, іскер, жұмыскер, тиянақты, мейірімді болуға тәрбиелеу. Оқытудың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, понарамалық / әңгімелеу/, дискуссия, ассоциациялық әдіс, жазбаша, ауызша, ойын, көрнекілік, диалогті сөйлеу, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, / плакат/ «Ауыл көрінісі», дидактикалық материалдар (құстар, ұялар, жемсауыт, талдар), тест тапсырмалары. Кестелер «Ой қозғау», «Ассоциациялық аймақ құру, құстардың атрибуттары» (қаз, тауық, сауысқан) Пәнаралық байланыс: дүниетанумен, өмірмен, табиғатпен. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық ахуал.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып, білім аламыз.
Криттериальды бағалау тәсілін таныстырып кету. (Әдемі көктемнің гүлдерімен бағалау.)
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Келіңдер құстарым өлеңін жатқа сұрау.
Құстар неше топқа бөлінеді? (жыртқыш құстар, жыл құстары, үй құстары, қыстап қалатын құстар.)
Жыл құстары неге жылы жаққа ұшып кетеді екен?
Құстардың қандай пайдасы бар?
Ережені қайталау.
- Біз қандай ережемен таныстық? (2-3 оқушыдан сұрау.)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Суретпен жұмыс.
( кім? және не? сұрағына жауап беретін сөздерді атау.)
IY. Мақсат қою кезеңі: Балалар, біз бүгін сендермен тағы да құстарға байланысты әдемі ертегі өтеміз және заттың атын білдіретін сөздерге байланысты жаттығу жұмыстарын орындаймыз.
Y. Жаңа сабақ:
- Қандай жыл мезгілдерін білеміз?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінің айларын маған кім атап береді?
- Наурыз айындағы айтулы күндер? (1-наурыз-алғыс айту күні, 8-наурыз аналар, қыздардың мерекесі, 22-наурыз-Ұлыстың ұлы күні,барша мұсылман елінің жаңа-жылы.)
- Бүгін қай күн?
Дәптермен жұмыс: Олай болса, дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді әдемі етіп жазамыз.
87-жаттығу. Оны терме жұмысы ретінде орындату. (1 оқушы тақтада орындайды.)
Сергіту сәті: «Ия, жоқ.» ойынын ойнату. Берілген сөйлем дұрыс болса, орнымыздан тұрамыз. Ойын барысында шатаспай, дұрыс жауап беріп отыру керек.
Дәптер не деген сұраққа жауап береді ме? (ия)
Апа сөзі кім деген сұраққа жауап береді ме? (ия)
Кім сұрағы заттар мен жануарларға қойылады ма? (жоқ)
Құстардың балапандарын ұядан алып ойнауға болмайды? (ия)
Көкек, сауысқан үй құстарына жатады ма? (жоқ)
Құстар ағаштарды құрттардан қорғайды. (ия)
Олай болса , мен қазір сендерге бір жұмбақ жасырайын , соны шешу арқылы бүгінгі жаңа сабағымызда солар туралы көбірек әңгіме қозғаймыз.
Ала шапан кигені
Сескенгіш болған соң,
Қыпылықтап жүргені. (Сауысқан)
Қайталап атымды
Ән салып аламын
Кез-келген ұяға
Жұмыртқа саламын. (көкек)
Сауысқан- ала қанатты, ұзын құйрықты, өте сақ құс. Ерекшелігі- Жылтыр, әшекейлі заттарға құмар. Оның ұғымталдығы сонша кәдімгі қараторғай мен тоты сияқты адамның айтқан сөзін жаттап алады. Сауысқан қарға тұқымдасына жататын, қысқа тұмсықты құс. Денесінің көп бөлігі қара, тек кеудесі ақ болады.
Көкек- орман құсы. Көкектің өзі ұя жасамайды. Басқа құстардың ұясына жұмыртқалап кете береді.
Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтағы ертегіні балаларға мәнерлеп оқып беру.
Оқушыларға тізбектеп оқыту.
Сұрақтар қою арқылы ертегіні түсінгендерін сұрау:
Ертеде қандай құстар орманды мекендепті?
Олардың нелері болмапты?
Сауысқан көкекке қандай ұсыныс жасады?
Көкек не деп жауап берді?
Сауысқан ұясын қалай салды?
Көкекке не болды ? Ол қандай құс екен?
Топпен жұмыс.
1-топ. Дискуссия.
Сауысқанға мінездеме бер? Сендер сауысқанға ұқсағыларың келе ме?
2-топ. Пікір.
- Сендерге көкек ұнай ма? Егер ұнамаса не себепті?
3-топ Ситуация.
- Егер сендер көкектің орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Мұғалім түсіндірмесі: Тастанды балалар туралы айтып өту.
YI. Қорыту:
Балалар, біз бүгін қандай ертегімен таныстық?
Ертегі мазмұнын түсіндік пе?
Ертегіден қандай ой түйдік? ( Жалқау болмай, еңбекшіл, іскер болу.)
YII. Кері байланыс: Венн диаграммасы.
YIII. Бағалау: Балалардың білімдерін бағалау, мақтап, мадақтау.
IX. Үйге тапсырма: Сауысқан мен көкекті оқу, мазмұнын айту.