kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? Саба? та?ырыбы: Е е дыбысы мен ?рпі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  ма?саты:  

Білімділік: Е дыбысы мен ?рпін таныту. Ол ар?ылы берілген с?здерді   о?у мен жазуды ?йрету. Оны? жі?ішке дауысты дыбыс   екенін айту. Е ?рпінін баспа ж?не жазба таныстыру.

Дамытушылы?: Е дыбысына байланысты жа?а с?здермен танысу ар?ылы о?ушыларды?  ой-?рісін, тілін дамыту.

Т?рбиелік: Адамгершілікке, е?бекс?йгіштікке, сауатты, ?демі, к?ркемжазу?а т?рбиелеу. Жазу каллиграфиясына ?ата? к??іл б?лу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? Саба? та?ырыбы: Е е дыбысы мен ?рпі»

«Ее» дыбысы мен әрпі

 Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі

Сабақтың  мақсаты:  

Білімділік :  Е дыбысы мен әрпін таныту.Ол арқылы берілген  сөздерді   оқу мен жазуды үйрету. Оның жіңішке дауысты дыбыс   екенін айту. Е әрпінін баспа және жазба таныстыру.

Дамытушылық: Е дыбысына байланысты жаңа сөздермен танысу арқылы оқушылардың  ой-өрісін, тілін дамыту.

Тәрбиелік:  Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, сауатты, әдемі , көркем жазуға тәрбиелеу. Жазу каллиграфиясына қатаң көңіл бөлу.

Түрі: жаңа сабақ 

Әдісі; сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,әңгімелеу.

Көрнекілігі : Ее әрпінінің баспа , жазба түрі , суретті кесте, жеке суреттер, кеспе әріптер, интерактивтік тақта,элект оқулық.

Cабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Шеңбер құрғызу (қимыл –қозғалыс жасай отырып)

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтай сәніміз

Сәлем бердік сіздерге

Басымызды иіп бәріміз

Олай болса,балалар бүгінгі сабағымызды әрбір ісімізге мұқият болайық!

Сендердің жас кездеріңде алған білімдерің тасқа жазылған нақышпен тең. Сабағымызды жақсы көңіл күймен бастаймыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар , қазір жылдың қай мезгілі.?
-Қыс айының үшінші айы қалай аталады?

-Қыс кезінде ауа-райы қандай?

Қыс туралы өлеңдер білісіңдер ме?

Өткен сабақты пысықтау.
- Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық? Ң дыбысы

-Ң дыбысы қандай дыбыс?

Ң дыбысы кездесетін сөздерді ата.

Аң.жаңғақ,жаңбыр,шаң.

Сөйлем құрау

3. Жаңа сабақ: 

.Кел балалар, ойнайық

Ойнайықта ойлайық

Қандай жұмбақ болсада,

Шешпей оны қоймайық.

1.Жұмбақ шешу.

Жарға шығып ойнайды

Ойынға бір тоймайды

Болсадағы сақалы

Секеңдеуді қоймайды Ешкі

Балалар ешкі деген сөзде бізге таныс емес қай әріп?

-Е дыбысы

Ешкі деген сөзді буынға бөлейікші?

-Еш-кі

-Балалар бүгін сендермен Е дыбысы мен әрпін өтеміз.

-Балалар Сауат ашу жай кітап емес сиқырлы кітап.

Электрондық оқулықтан бейне таспа көрсету. Сөздерді айту.

-Е әріпінен қандай сөздер келеді?

-Емен ,егін,есік,есек,ерін,

-Буынға бөлу


-Е дыбысы сөздің басында да, ортасында аяғында келеді.

Мысалы:есек,емен,кесе.


Е-Е-е (хормен айту) .

-Өте жақсы балалар!,

- Е- жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.
- Қандай түспен белгілейміз?
- Қызыл түспен белгілейміз де қызыл үйге кіргіземіз.


3. Кітаппен жұмыс

Сөздерге түсінік беру

Математикада қандай сан бар Е әріпінен келетін?

- 2 екі 8 сегіз дегенде ортасында е әріпі бар. Жарайсыңдар балалар!



4. Дәптермен жұмыс.

Е е дыбысының жазу элементін айтып көрсету.

Ее дыбысы және әрпін ауада жазып көрсету.

Дәптерге үлгі бойынша Ее дыбысын жазып шығу.


Дәптерді көлбеу қояйық

Қолға қалам алайық

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық


Кеспе әріптерден сөздер жазу


5 Сергіту сәті


6. Топпен жұмыс.

Балаларды 3 топқа бөлу

1топ

Әр түрлі суреттерді құрастырады.

2топ

Е әріпінен келетін сөздердің суретін салады.




3 топ

Буындардан сөздер жазады.

КЕ КЕ МЕ ГІН Е СЕ Е МЕН


Ойын Төлдерін тап



Сабақты қорытындылау

Сабақ соңында балалар адамдарға,  айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді. Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді: -

Күлімдеген күн мейірімді!

-           Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

-           Таза мөлдір су мейірімді!

-           Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

-           Аяулы анам мейірімді!

-           Қадірлі әкем мейірімді!

-           Әлпештеген әжем мейірімді!

-           Еркелеткен атам мейірімді!

-           Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

-           Тату-тәтті достарым мейірімді

- Сонымен балалар, бүгін біз сендермен қандай әріппен таныстық?

Сабақ сендерге ұнады ма?
- Сонымен Е дыбысы қандай дыбыс?
- Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?
- Өте жақсы, балалар! Бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Рахмет!




20 С Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы









Пәні: Сауат ашу


Сабақтың тақырыбы:

Е дыбысы және әрпі


Сынып жетекшісі:

Мәуленова Г








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашы? саба? Саба? та?ырыбы: Е е дыбысы мен ?рпі

Автор: Даулеталиева Ма?пал

Дата: 26.09.2016

Номер свидетельства: 346067


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства