kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Матрицалармен жұмыс жасаймыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұнайлы ауданы №1 орта мектеп.Ашық сабақ "Матрицалармен жұмыс жасаймыз"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Матрицалармен жұмыс жасаймыз"»

Бекітемін


Сабақтың тақырыбы:

Матрицалармен таңба жасап үйренеміз

Мұғалімнің аты-жөні:Латипова Актлек

Күні: 14.11.17

СЫНЫП: 2


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.2 Шығармашылық идеяларды дамыту

Оқушыларға жаңа техника түрі матрицалармен жұмыс жасау үлгісін көрсету.Геометриялық пішіндерді дұрыс орналастыруды үйрету.

Оқушыларға таңбаларды жасай отырып,әртүрлі пішіндерді өзгертіп,суреттерді бейнелеуді үйрету.Оқушыларды ұқыптылыққа,шыдамдылыққа,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу

Бейнелеу ережелерін ескере отырып,жаңа техника түрі матрица түрлерін қолдана білу қабілеттерін дамыту,өзбетінше таңбалар жасай білуге дағдылау

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Практикалық жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.математика

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

І. Ұйымдастыру.

– Оқушылардың сабаққа қажетті құралдарын түгендеу.

Қандай геометриялық фигураларды білеміз?

(дөнгелек,үшбұрыш,сопақша,төртбұрыш)

– Енді бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлінеміз.

– Әр оқушы өз қолдарындағы қағазға қарап геометриялық фигуралар бойынша бір – бірімен топ құрайды


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)





Сабаққа кіріспе

– Балалар, біз сабағымызды бастамас бұрын, алдымызда үстелдің үстінде алма, картоп, сәбіз тұр. Осылардың барлығы бізге пайдалы, күнделікті тамаққа қолданып жүрген жемістер мен көкөністер. Бірақ дәл қазіргі кезде солардың ішінен бізге жеуге қайсысы қолайлы?

– алма

– Себебі алма адам ағзасына өте пайдалы. Оның құрамында адам ағзасына қажетті көптеген дәрумендер бар. Олар адам бойына күш, қуат береді. Сондықтан күш, қуатымызды арттырып алып, сабаққа жақсылап қатысатын боламыз.















«Аялы алақан»

Тренинг.

Жаңа білім

10 минут




Білу және түсіну

Жаңа сабақ. Теориялық бөлім

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру (слайд)

Біз әр алуан техникамен танысуды жалғастырамыз. Бүгін сіздер матрицалармен жұмыс жасауды үйренесіңдер . Яғни бүгінгі сабақта матрицалармен өрнектер салатын боламыз. Ол өте қызық. Матрица деген не?

Матрица деген ол таңбалар.

Алдымен осы матрицаларды, яғни таңбалар, өрнектер жасап аламыз. Матрица қағаз матаға арналып жасалған таңба қалыптары . Алдымен матрицалар, таңбаның қалыптарын жасаймыз. Матрицаларды картоптан, сәбізден немесе өшіргіштен, пенопластан ойып жасауға болады Алуан түрлі суреттер салу үшін дөңгелек, үшбұрыш, ромб, доғал, төртбұрышты бірнеше қарапайым пішіндер қиып алсаң жеткілікті. Бояуды мол етіп бояу тақтада әбден езесің.қағазға толық таңбасын түсіру үшін матрицаларды бояуға малып отырасың . Матрица таңбалармен матаның немесе тұсқағаздың нобай ларын жасауға болады. Ұлттық ою өрнектер түрлерінде басып жасауға болады

Ұлттық ою өрнектер сан алуан нақыштардан тұрады.Олардың барлығы қоршаған ортадан алынған.Олардың атауларынанда білуге болады.Олардың бірі жануарлардың сипатымен байланылысты.Мысалы:қошқармүйіз,арқармүйіз,түйетабан.Өсімдіктерменде байланысты өрнектер бар.Олар гүл,ағаш өрнектері.

Құстармен «құстұмсық» деген оюлар бар.Табиғатпен «ай,күн,жұлдыз»сипаттарымен байланысты болады.

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

15 минут





Практикалық жұмыс.

Әртүрлі суреттер өрнектер салу үшін осылардан әртүрлі фигуралармен, қарапайым пішіндер жасап аламыз.Олар:дөңгелек,үшбұрыш,төртбұрыш,сопақша Содан соң қоймалжың су бояуды пайдаланамыз. Алдымен бояуды өзінің тақтайшасына езіп дайындаймыз да, сол бояуға дайын піші німізді батырып аламыз. Енді әбден жұққаннан соң алып бастырамыз. Бастырғанда манағы пішініміз пайда болады. Дайын болған суреттің сыртынан фламастер, маркерлер пайдалану арқылы жан жағын әдемілік үшін жинақтау мақсатында сызып шығамыз. Осылайша бірнеше қайтара бастыру арқылы әртүрлі суреттер саламыз.


Топтық жұмыс;

І топ пенопласттан өрнек құрастырып салады

ІІ топ көкөністерден өрнектер бастырады

ІІІ топ губкадан өрнектер салады

ІV топ алақаннан құс салады


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті

Ойын

Ойынның шарты А3 қағазын ілемін. Сол қағазға әр окушы мен айтқан нарсенің суретін белгілі бір уақыт ішінде салады.

Күн, тал, үй, гүл.


Аяқталуы

Сабақты бекіту

2 минут

Сабақты қорыту.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Матрица деген не?

Матрицаларды нелерден жасайды?

Матрицамен жұмыс жасауда қандай жеңілдіктер мен қиындықтар болды


Кері байланыс

1минут


Шарларға сабақтан қандай әсер алғандарын,не үйренгендерін жаздыру

Кері байланыс .

Үйге тапсырма: Матрицалардан өз бетінше өрнектер бастырып келу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ашық сабақ "Матрицалармен жұмыс жасаймыз"

Автор: Латипова Актлек Конысбаевна

Дата: 16.02.2018

Номер свидетельства: 457769


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства