kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? т?рбие са?аты "?ош келді?, Наурыз!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушылар?а ?лтты? мейрамы туралы т?сінік беру,?лтты? салт –д?ст?рлермен таныстыру;

О?ушыларды хал?ымызды? д?ст?ріне,?дет-??рпына арнал?ан жа?сылы? пен а? ниетке толы бабалар жолын жал?астыру?а баулу;

К?рнекілігі: сынып іші мерекеге сай безендіріліп, киіз ?й жабды?тарын безендірілген.?лтты?  та?амдармен мерекелік дастархан жайыл?ан;Салт-д?ст?р халы?ты? белгілі  бір ?дет-??рпынан туындап бірнеше т?рге б?лінеді. Соны? ішінде бала т?рбиесіне байланысты отбасылы? той -томала?тар  мен салт д?ст?рлері ??рса? шашу,шілдехана,с?йінші,бала?а ат ?ою,бесік тойы,ат?а мінгізу, с?ндет той, т?сау кесу  т.б

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты "?ош келді?, Наурыз!"»

Қош келдің ,Әз наурыз!

Мақсаты: Оқушыларға ұлттық мейрамы туралы түсінік беру,ұлттық салт –дәстүрлермен таныстыру;

Оқушыларды халқымыздың дәстүріне,әдет-ғұрпына арналған жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар жолын жалғастыруға баулу;

Көрнекілігі: сынып іші мерекеге сай безендіріліп, киіз үй жабдықтарын безендірілген.Ұлттық тағамдармен мерекелік дастархан жайылған;

«Наурыз –думан» биі биленеді

1-жүргізуші: Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің,татулықтың,еңбектің,көктемнің,ізгіліктің,бақыттың мерекесі ретінде тойланады.

2-жүргізуші: Осы ұлы күнге байланысты наурыз көже,наурыз бата,наурыз жұмбақ,наурыз тілек,наурыз көк сияқты жөн-жоралғылар бар.

1-оқушы:

Жайнап мереке ажары,

Қайнап береке қазаны.

Той боп жәрмеңке,базары

Келді,Наурызым!

Елім жоғын тапқандай,

Әлем шалқып жатқандай,

Бүгін шаттық той-думан!

2-оқушы:

Мәңгі бұзылмас антымыз,

Енді үзілмей салтымыз.

Еркін тыныстап халқымыз,

Шырқа ,Наурызым!

Қонақ толтырып төріне,

Шуақ қондырып жеріме,

Шашуын шашып еліме

Келді,Наурыз төріме!

3-оқушы:

Есебімен дананың,

Күн мен түнді теңеген.

Наурызымыз-жаңа күн,

Парсы сөзі көнеден

Жаңа күн ол-жыл басы

Жиырма екісі Наурыздың.

Наурыз айда –төл басы,

Бүршік атар бау біздің

1-жүргізуші:

Қазақ халқының ұлттық ойындары сан алуан.Бұл ойындар түрлі мереке-мейрамдарда ,тойларда,той, ас сияқты ұлы дүбір жиындарда ойналады.

Қазақ ойын-сауықтарының бірсыпырасы балалар мен жасөспірімдер ойындары.Бұлар «белбеу тастау», «Саққұлақ», «Ақсүйек», «Соқыртеке» т.б ойындар.


2-жүргізуші:

Қазақ ойындарының көп түрі спорттық шынығу сипатындағы ойындар. «Бәйге шабу», «Сайыс», «Қыз қуу», «Жорға салу» , «Көкпар» т.б

Бүгін сендермен қазақтың ұлттық ойындарын ойнаймыз.

1-оқушы: «Орамал тастамақ» ойыны

Ойынның шарты: шеңбердің ортасына орамал қойылады. Бастаушы белгі берген кезде екі топтан екі ойыншы жүгіріп келіп, орамалды іліп алады.Орамалды бұрын алған ойыншының алған ойыншының тобына ұпай қосылады.

2-оқушы: «Асық ату» ойыны

Ойынның шарты:Әр топтан ойыншылар кезек шығып асық атады.Атып алынған асық санына байланысты ұпай саны есептеледі.

3-оқушы: «Жаяу жарыс»

Ойынның шарты: Екі топтан жүйрік деген екі ойыншы шығып жарысады.

4-оқушы: «Көкпар» ойыны

Ойынның шарты: Ортаға көкпар тасталады. Атқа мінген жарысқа қатысушылар шауып келіп,шеңбердің ішіне апарып салуы қажет.Екінші топтың ойыншылары көкпарға таласып тартып алуна болады.

5-оқушы: «Арқан тарту» ойыны

Ойынның шарты: Екі топтың ойыншылары арқанның екі жағынан ұстап тартысады.

1-жүргізуші: Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрпынан туындап бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде бала тәрбиесіне байланысты отбасылық той -томалақтар мен салт дәстүрлері құрсақ шашу,шілдехана,сүйінші,балаға ат қою,бесік тойы,атқа мінгізу, сүндет той, тұсау кесу т.б

2-жүргізуші: Ендеше солардың бірнешеуіне кезек берейік.

Гүлназ: Сүйінші: Қазақ халқының жақсы дәстүрінің бірі «Сүйінші» .Нәресте дүниеге келгенде,қуанышты хабар болғанда туған-туыс,дос-жаран бір-бірінен сүйінші сұрап,мәз-мейрам болып жатады.

Сүйінші ,ата,сүйінші!

Бөпем келді дүниеге,

Сүйінші әже сүйінші!

Батыр келді өмірге,-деп қуанған немерсіне қалған сыйлығын береді.

Айшолпан:

Шашу Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келгенде ,келін түскенде ,құда келгенде,осындай қуанышты күндерде тәттілермен,күміс тиындармен шашу шашылады.

Шәлдехана: Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық,той.Дүниеге келген нәрестеге үш күннен қалдырмай ат қою дәстүрін жасайды. Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады,жастар жиналып ән салады.

Шілдехана –өмірге адам келгеннің және оған қуанудың бір белгісі.Дүниеге ұл келсе-«ат ұстар», қыз келсе –«көйлек тігер» келді деп хабарланған.Осы сөздің өзінде де қазақтың сыпайы сөйлейтін әдептілік мінезі ,мәдениеттілік қалпы тағы аңғарылып тұрған жоқ па!

Сен келдің деп өмірге

Шырақ жағып көңілге.

Қуануы қауымның,

Бекер емес тегінде.

Шұғыла:

«Ат қою» Жаңа туған нәрестеге ат қою-ерекше салтанатты дәстүрдің бірі.Ат қоюға қазақ халқы ерекше көңіл бөлген.Бала есімін жақсы, беделді кісілерге қойғызып,батасын алуды да ұмытпаған.

Бесікке салу: Бесік қасиетті ,киелі құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші- алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді.

Бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап алып,жөргектерін салып болып,баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі киім жабылады. Бәлә-жаладан сақтасын деп ырымдап,оған тұмар ,бүркіт тұяғын ,т.б заттар тағып қояды.

Ақ бесікті тербетіп,

Бір өзіңді жыр етіп.

Әжең тыным таппайды

Өссін деп сен ер жетіп,

Әлди бөпем,әлди –ай,

Тыңдай берші ән-күйді-ай

Қонақ күту салтымыз,

Оқып –біліп жатырмыз

Салт-дәстүр сақталса,

Арта берер даңқымыз

Жаннұр:

Баланы қырқынан шығару: баланың туғанына қырық күн толған соң күміс теңгелер салынған ыдысқа қырық қасық су құйып, «сүт тырнағы» , «қарын шашы» алынып,шомылдырады. Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегін «Ит көйлек» деп атайды. Бала қырқынан шығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп оны иттің мойнына байлап жібереді.Итті балалар қуып жетіп,ұстап алып тәттілерді бөліп алады.

«Ит көйлекті» баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады.

Айсұлтан: Ерулік: ауылға жаңа көрші көшіп келсе,оларды асқа шақырып,танысады.Бұл жаңа адамдарға бөтенсіремей өз орталарына тарту,сыйласудың бір белгісі.Ас желініп болған соң бата беріледі: Елбасымыз аман болсын!

Бақыт оранаған заман болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Ел іргесі берік болсын!

Ғылым-білім серік болсын

Алла тілегіміз қабыл етсін Аумин!

Самғат:

Сыбаға.Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады.Үлкен ақсақалдарға,құдаларға,жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.

Бастаңғы: Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып,жолаушылардың жолда басы ауырмасын «бастаңғы» жаса дейді.Бастаңғының мәнісі жастардың сол үйде ойын-сауық жасап бас қосуы.

Енші: Балалары ержетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние мүлік ,мал беріп,отау тігіп жеке шағарады.Бұны «енші» деп атайды.Ал қызға берілетін мүлік «жасау» деп аталады.

Кекіл: Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып.оның жиегін тегістеп қиып қояды.Оны «Кекіл» дейді.Кекіл ұлдарға жарасымды ажар береді.






























«Қара жорға » биі биленеді.

1-оқушы: Қар еріп, қырда көк қаулап,бусанып аймақ

Тасыды өзен мұз жапқан құрсанып айлап

Қауызы гүлдің жарылып,жұпары аңқып,

Көркіне енді көктемнің нұр-сәні жайнап

2-оқушы: Ұлыс күні қазан толса,

Сол жылы ақ мол болар

Ұлы кісіден бата алса,

Сонды олжалы жол болар

3-оқушы:

Жақында,дастарқанның дәмін тат,

Табады дарқандықтан жаның рақат

Аялап ата-ананың ақ мейірімі,

Көңілді көтереді бір махаббат

-Ендеше, барлығыңызды Наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ашы? т?рбие са?аты "?ош келді?, Наурыз!"

Автор: Талмурзина Маржанк?л ?мбетбай?ызы

Дата: 14.04.2016

Номер свидетельства: 318672


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства