Білімділігі: Балаларға төрт түлік туралы түсінік беріп, олардың әрқайсысының
пайдасы, төлі, ерекшеліктері жөніндегі білімдерін кеңейту. Олар туралы
өлең, тақпақтарды мәнерлеп, жатқа айта білу арқылы көркем әдебиетке
қызықтыру.
Дамытушылығы: Төрт түлік малға байланысты жұмбақтар жасыру, әңгімелер, тақпақтар
айтқызып, білімдерін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ата кәсібіміз мал шаруашылығын сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: төрт түлік малдың суреттері, ойыншықтар.
әдіс-тәсілі: сұрақ - жауап, ойын.
Пәнаралық байланыс : тіл дамыту, сауат ашу.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Қызығушылығын ояту( психологиялық дайындық)
1 қатар – Біз әдепті баламыз, оқып білім аламыз.
2 қатар – Еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ боламыз.
3 қатар – Оқы, ойна, жалықпа, үйрен, ізден, анықта.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау: « Көктем мезгілі ».
Бір жылда неше мезгіл бар? ( 4 мезгіл)
Қандай мезгілдер бар?( қыс, көктем, жаз, күз)
Қазір жылдың қай мезгілі?( көктем)
Балалар көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?( қар ериді, ағаш бүршік жарады, құстар ұшып келеді, жаңбыр жауып, кемпірқосақ шығады, күн жылынады, малдар төлдейді)
Дұрыс өте жақсы айтып отырсыңдар, балалар.
Дидактикалық ойын: « Кім тапқыр? Кім зерек?»
Ойын шарты: Жұмбақ жасыру.
1. Кезікті бір жануар, 2. Басында таяғы бар,
Үстінде екі тауы бар.( түйе) Төрт аяғы бар, иегінде сақалы бар.(ешкі)
3. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (қой)
Жарайсыңдар, балалар. Өте тапқыр, зерек екенсіңдер.
Балалар, біз адамбыз. Сендер адамның баласысыңдар. Ал үй жануарларына тоқталсақ, мысалы: түйе, сиыр, қой, жылқы, ешкі. Үй жануарларының баласын төлдер дейміз.
ІV. Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: « Төлдер жыры ».( сабақтың мақсатын айтып өту)
Түйе төлін қалай атайды? ( бота)
Сиырдың төлін калай атайды? ( бұзау)
Жылқының төлін қалай атайды? ( құлын)
Қойдың төлін қалай атайды? ( қозы)
Ешкінің төлін қалай атайды? ( лақ)
Сергіту сәті:
Қошақаны қойдың Шөре-шөре лағым
Қайда қалып қойдың. Тентек болма, шырағым.
Бұлтиып тұр бүйірің, Секектеме, деміңді ал,
Қай өрістен тойдың. Селтеңдемей құлағың.
Қар көзің мөлдіреп, Әукім-әукім, әукешім,
Қызықтырмай қоймайды. Қасиыншы әукесін.
Жібек жүні үлбіреп, Енең әне келеді,
Қарасам, көз тоймайды. Ақ мамасын береді.
Құлын, құлын, құлыншақ Айналайын қозым,
Желкілдейді тұлымшақ. Мадан жуас, бозым.
Құйрығында жұлдызы, Көтерілсе бетке,
Маңдайында жұлдызы. Тойынасың көкке.
Айналайын ботам, Жал-жұлт етіп лақ
Қандай күлте жотаң. Жағалайсың бұлақ.
Табандарың жалпақ, Секірме деп, бірақ,
Теріп жейсің жантақ. Қала көрме құлап.
Дидактикалық ойын: «Төлін тап ».
Төрт түліктің пайдасы: Түйе – байлық
Қой – мырзалық
Ешкі – жеңілдік
Жылқы – сәндік
Сиыр – ақтық.
Кеспе әріптермен жұмыс: бота, лақ, қозы.
Дидактикалық ойын: « Үй жануарларының адасуы ».
Қорытынды: Балалардан бүгінгі өткен сабақтан түсініктерін сұрақ – жауап түрінде