Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? жоспары "Дидактикалы? ойындар: « Не арты?? не кем?», «??сасын тап ». Логикалы? есептер. Тура ж?не кері санау .»
Сабақтың тақырыбы: Дидактикалық ойындар: « Не артық? не кем?», «Ұқсасын тап ».
Логикалық есептер. Тура және кері санау .
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өткен сабақтарды қайталауда дидактикалық ойындар арқылы
балалардың қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Ойындар арқылы балалардың логикалық ойлауын, тілін, есте сақтау
қабілетін дамыту .
Тәрбиелік мәні: Балаларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, қамқор болуға, үй
жануарларын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап, ойындар арқылы өткізу.
Сабақтың түрі: Тіл дамыту, бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, жапырақ, алма т.б
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық: 1. 1, 2, 3 бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз, цифрларды жазамыз.
Оқып, ойнап, ойлаймыз, тура, кері санаймыз.
Сабаққа «Мақта қыз бен мысық » ертегісінің желісі бойынша кіреміз.
- Балалар бізге бүгінгі сабағымызда ертегілер еліне саяхат жасаймыз.( Слайд )
(Мақта қыз бен мысық)
- Балалар бұлар кімдер , қай ертегі деп ойлайсыңдар?
- Мақта қыз бен мысық.
- Балаларға ертегі желісін түсіндіре отырып, сабақты мысықтың айтқан тапсырмасын орындаумен ойындар арқылы өткіземіз.
Мысық сыиырға келеді :
Сиыр, сиыр маған қатық берші,- дейді мысық.
Менің айтқан тапсырмамды орындап және жапырақ әкеліп берсең мен саған қатық
беремін.
- Олай болса, балалар, сиырдың тапсырмасын орындайық.
Сиыр тапсырмасы: ІІ.Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар өткен сабақта бүтінді нешеге бөліп едік?
- Төртке бөлдік.
- Олай болса алманы төртке бөліп көрейік.
Слайд: (төрт бұрыш, төрт мезгіл) түсінік береміз.
- Кәзір балалар көктем мезгілі. Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Көктем мезгілінде қар ериді, күн мен түн теңеледі, құстар ұшып келеді, ағаш бүршік жарады,Үй жануарлары төлдейді.
- Балалар өткен сабаққа тоқталып сиырдың алғашқы тапсырмасын орындадық. Енді біз жапыраққа барайық. Балалар жапырақты біз қайдан аламыз?
- Ағаштан аламыз.
Мысық ағашқа келеді.
-Ағаш, ағаш маған жапырағыңды берші!
Ағаш:
-Менің айтқан тапсырмамды орындап, мен шөлдеп тұрмын маған су әкеліп берсең, мен саған жапырақ беремін.
-Менің тапсырмамды орындап және жұмыртқа әкеліп берсең мен саған сағыз беремін,- дейді.
Дүкенші тапсырмасы: Не артық? Не кем?
Ойын шарты: Үй жануарлары туралы түсінік беру, санату арқылы балалардың
шапшаң ойлау қабілетін дамыту.Қай жануарлардың артық, кем екенін
айыра білуге үйрету. Балаларды тақтаға шығарып үй жануарларын санату
арқылы сандарды жаздыру.
Слайд: Түйе-2, Сиыр- 3,Қой- 4,жылқы- 1.
Үй жануарларынан алатын өнімдері туралы түсінік беру.
-Балалар біздер дүкеншінің алғашқы тапсырмасын орындадық. Мысыққа енді жұмыртқа керек. Мысық тауыққа барады.
-Тауық, тауық маған жұмыртқа берші,- дейді.
- Біздің айтқан тапсырмамызды орындап ,бізге дән әкеліп берсең ,біз саған жұмыртқа береміз,-дейді.
Тауық тапсырмасы: Қызықты есептер.
Ойын шарты: Берілген өлең есептердің жауабын табу.Балалардың ойлауын шапшаңдығын
дамыту.
1.Көлден ұшып жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі
Қане, кім тез шешеді?(5 қаз)
2.Алдында үш балапан
Артында үш балапан
Қане санап көрейік
Айтшы санын балақан! (6 балапан)
3.Маратта бар бес іні
Мұратта бар екі іні
Қоссақ бес пен екіні
Неше болды шешуі.(7 іні)
4.Табақта бес өрік
Қолымда төрт өрік
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік?(9 өрік)
Мысық тауықтың алғашқы тапсырмасын орындап ,енді не қыламын деп бара жатса ін қазып жатқан тышқанды көреді.
Мысық тышқанға бас салып :
-Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар?-дейді
Тышқан қорыққанынан:
-Үйімде бір табақ тарым бар, -дейді.
Мысық:
Маған бір уыс тары бер,-дейді.
Тышқан бір уыс тарыны мысыққа әкеліп береді.
Қорытынды бөлім: Балалардан сұрақ- жауап түрінде жүргізу.
Мысық тышқаннан не алды?
Тары.
Мысық тарыны апарып кімге берді?
Тауыққа.
Тауық не берді?
Жұмыртқа.
Жұмыртқаны кімге берді?
Дүкеншіге.
Дүкенші оған не берді?
Сағыз.
Сағызды кімге берді?
Қыздарға.
Қыздар мысыққа не берді?
Су берді.
Суды апарып қайда берді?
Ағашқа берді.
Ағаш мысыққа жапырақ берді.
Жапырақты кімге берді?
Сиырға берді.
Сиыр мысыққа қатық берді.
Қатықты кімге апарады?
Мақта қызға.
Балалар міне мақта қыз қатықты алғасын мысыққа құйрығын береді.
Сендер сабаққа жақсы қатысып ,барлық тапсырманы жақсы орындағандарың үшін мысық өз ризашылығын білдіреді. Балаларға алғыс ретінде мысық дорбасынан балаларға алма беру.
Слайд: Мысық суретін көрсету арқылы балаларға бейнелеу сабақты қатыстыра отырып