1. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың ана сына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге дағдыландыру.
2. Баланың анаға деген құрметін арттыру. Сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту.
3. Анаға сый - құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, түсіндіру, мәнерлеп оқу, жалғастыра оқу, шығармашылық жұмыс, модель қорғау.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу, дүниетану, музыка
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, интерактивті тақта, суреттер, «Ана» моделі.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық: "Жылу сыйлайық"
2. Үй тапсырмасын сұрау
1 - топ. Ата-ананы құрметтеу.
2 - топ. Ата-анаңды ренжітуші болма.
3 - топ. Ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды.
- Міне, өздеріңнің ата - аналарыңа деген ізет, құрметтеріңнің қандай екенін жазған шығармаларыңнан білдік. Әрдайым ата - анаңды құрметтесең, олардың да ізгі тілектері қабыл болғаны. Ата - ана туралы бабаларымыздың да даналық сөздері бар.
3. Жаңа сабақ.
Құт береке – атаң қымбат,
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - апаң қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат,... - деген даналық сөзді жазған кім екенін білеміз бе?
- Қазыбек би
4.Ана туралы видео.
- Жүректеріңнен шыққан жылы сөздерің, мейірімділік, жанашырлық сезімдерің кімге арналады?
5.Автор туралы мәлімет.
- Балалар,олай болса, кімнің суретін көріп отырмыз?
- Фариза Оңғарсынованың суреті
- Фариза Оңғарсынованың қандай өлеңін білеміз?
- «Білім керек бәріне»
- Олай болса, біз бүгін поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың "Жылу" өлеңімен танысамыз.
(Тақтаға күннің жады мен тақырыпты жазу, мақсатын баяндау)
Фариза Оңғарсынова -көрнекті ақын, жазушы туралы мәлімет беру.