Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. Т?йе,бота »
Күні:24.01.2015ж
Пәні:Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:Түйе.Бота.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі:
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.
2. Дамытушылығы:
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Түйенің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі:
Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы:интерактивті тақта, төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмала
Әдісі:сұрақ–жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, ой–қозғау, шығармашылық жұмыс, пікірлесу, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Психологиялық дайындық.
Сыныбымыз тап-таза,
Борда дайын тақтада
Ойымызды жинақтап
Отырайық партаға.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ үй тапсырмасын сұрау
Үйге қандай тапсырма берілді?
«Төлді қалай шақырады»өленің мәнерлеп оқу.
Үй тапсырмасын бекіту.Төлдерін сұрау.
3.Жаңа сабақ.
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу.Төрт түлік бізге - кисек – киім, ішсек – тамақ, мінсек – көлік.- Ал, жақсылап қараңдаршы осы төрт түлік малдың ішінде қандай малдың суреті жоқ? - Дұрыс балалар, төрт түлікке жататын жануардың бірі – түйе.
Балалар сендер түйе малы туралы не білесіңдер?
Түйе - киелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық – суыққа төзімді, ұзақ жүріске шаршамайды.Ертеде ата – бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды. (керуенмен келе жатқан суреттері
- Түйе киелі жануар.Ол шөлге шыдамды,ыстыққа-суыққа төзімді ұзақ жүргенге шаршамайды. Оның терісі, жүні, сүті өте пайдалы. Сүтінен шұбат, қымыран сияқты сусындар дайындайды. Түйе сүтінің емдік қасиеттері бар, бірнеше ауруға ем.
Терісінен аяқ киім тігеді, таспа, қайыс жасаған, ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады. Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында түйе шаруашылығымен айналысады.
Түйенің өзінің бірнеше түрі болады.
Интерак-і тақта арқылы түйенің суреттерің көрсету.
Міне, мына түйені айыр түйе қос өркеш түйе тұқымының бір түрі.
Ал, мына түйе Аруана – сыңар яғни жалғыз өркешті түйе. Аруана айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді, сүті де мол (екі- үш есе) бірақ жүні аз болады. Аруана (сыңар өркешті түйе) Қазақстанда Атырау облысында ғана өсіріледі. Түйенің бірнеше түрін білдік- олай болса, бүгін біз «Түйе» малы туралы жазылған өлеңмен танысамыз.
Түйе
Ең зор түлік-түйемін,
Тікенді шөпті сүйемін.
Пайдалансаң,сүтім-шұбат-
Дертке дауа,жаңға қуат.
Қу тышқанға алдандым,
Жыл басынан құр қалдым.
«Мал өсірсең, түйе өсі, пайдасы оның көл – көсір» демекші түйе күніне 40-50 шақырым жүреді. Түйе малының атасы Ойсылқара екі жылда бір боталайды. Түйенің төлін не деп атаймыз?
Бота
Айналайын, ботам,
Қандай күлте жотаң.
Табандарың жалпақ,
Теріп жейсің жантақ.
Иіліп тұр мойының,
Қанбайды екен ойының.
Тостағандай көзің,
Әдемісің өзің!
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күн ретін жазамыз.
20-жаттығу
1.Сөйлемді көшіріп жазындар
Түйе боздайды.Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды.Жылқы кісінейді.
2.Қарамен жазылған сөздердегі дауыссыз дыбыс әріптерін тауып астын сызыңдар.
21-жаттығу.
«Қай мал қайтеді?»деген сұраққа жауап беретін сөйлемдер құрастырып жазындар.