kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "Тор?ай то?ылда?" 1 "?" сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Тор?ай.То?ылда?.

Саба?ты? ма?саты: Жа?а та?ырыпты ме?герту

Білімділік: о?ушыларды? о?у техникасы мен жазу машы?ын жетілдіру,

Дамытушылы?:  ойлау,есте са?тау ?абілеттерін дамыту.С?здік ?орын молайту.

 Т?рбиелік: к?ркем, сауатты жазу?а, ?йымшылды??а т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекіліктері:  Суреттер,  ж?мба?,   кестелер, ?има ?а?аздар.

Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?

Саба?ты? ?дісі: СТО –ны? элементерін пайдалану.

І.Саба?ты? барысы: ?йымдастыру кезе?і

а) Сынып о?ушыларымен с?лемдесіп, т?гендеу.

?) Сынып о?ушыларыны? зейінін саба??а аудару.

?ызы?ушылы?ты ояту.      

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Тор?ай то?ылда?" 1 "?" сынып»



А.Дәулетбеков атындағы орта мектептің

бастауыш мектеп мұғалімі

Алдабергенова Гүлбану Алдабергенқызы

Талас ауданы , Майтөбе ауылы

Сынып: 1 «ә»

Сабақтың тақырыбы: Торғай.Тоқылдақ.

Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгерту

Білімділік: оқушылардың оқу техникасы мен жазу машығын жетілдіру,

Дамытушылық: ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: көркем, сауатты жазуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, жұмбақ, кестелер, қима қағаздар.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО –ның элементерін пайдалану.

І.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

а) Сынып оқушыларымен сәлемдесіп, түгендеу.

ә) Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту.

Үлкенгеде сіз,кішігеде сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Өткен сабақты еске түсіру. «Ой қозғау» ойыны

1.Дыбыс деген не?

2.Әріпті не істейміз?

3.Буын неден құралады?

4.Сөз неден құралады?

5.Сөйлем неден құралады?

6.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту .

Жұмбақ.

Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге. (шана)

ІІІ.Жаңа сабақ:Торғай.Тоқылдақ.



Ережемен таныстыру:

Дауысты дыбыс әріптері: а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,(у),ю,я,ё,э.



Дәптермен жұмыс: Көркем жазу минуты. Тт торғай



Суретпен жұмыс: Балалар суретке қарап әңгіме құрау.



11-жаттығу.Өлеңді оқып,көшіріп жазыңдар.

Торғай

Торғай,торғай,торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тонбайсың?

Тапсырма:Торғай,жем деген сөздердегі дауысты дыбыс әріптерінің астын

сызыңдар.



Қандай жабайы құстарды білесіңдер?

Топтастыру.





12-жаттығу.Сөздерді қатесіз көшіріп жазу.

Суықторғай,қарға,сауысқан,кекілік,тоқылдақ,шіл,құр,шағала,аққу.

Тапсырма: Сөздегі дауысты дыбыстарды атаңдар.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Қарлығашқа ұқсайық,

Ұшып,ұшып алайық.



Мәтінмен жұмыс: «Тоқылдақ» мәтінмен таныстыру.

-Мәтіннің мазмұнын түсіндіріп оқып беремін.

-Тізбектеп оқыту.

Жұмбақ жасыру

ІV. Қорытынды. Кубизм ойыны:

Сұраққа жауап беру.

1.Тоқылдақты неліктен орман емшісі дейді?

2.Құстардың тағы қандай пайдасы бар?

3.Қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?

V. Үйге тапсырма беру. Ережені жаттау, мәтінді түсініп оқу.

VI. Бағалау.Оқушылар білімін бағалау.

Күні: 21.10.15ж

Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі:Оқушылардың төрт түлік туралы ұғымдарын тереңдету,төрт түліктің адам өміріндегі пайдасы туралы түсіндіру.

2.Дамытушылығы:Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту,тіл байлығын, ой-өрісін кеңейтіп, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелігі:Оқушыларды мейірімділікке ,еңбексүйгіштікке,ұйымшылдыққа баулу;

Көрнеклілігі: Төрт түлік суреттері,тақырыптық суреттер.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару



Үлкенгеде сіз,кішігеде сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Топқа бөлу

1топ-«Құлыншақ»

2топ -«Ботақан»

3топ -«Қошақан»

ІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

1 топ «Құлыншақ» - Түйені топтастыру

2 топ «Ботақан» - Түйенің пайдасы туралы әңгімелеу.

3 топ «Қошақан» - «Түйе»өлеңін мәнерлеп оқу.


ІІІ. Жаңа сабақ.


Жұмбақ шешу.

Ал, қанекей балалар!

Мен, бір жұмбақ айтайын

Шешуін қай топ тез таба алар?



  1. Қамыс құлақ,тостаған тұяқ

Мінсең қанат,сүті дәрі,еті тамақ (Жылқы)

  1. Екі айнасы бар

Қызық найзасы бар (Сиыр)

  1. Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Екі құлағы бар және сақалы бар (Ешкі)

  1. Үстінде екі тауы бар

Өзі қызық жануар (Түйе)



-Бұл жұмбақтың шешуі- Жылқы,Сиыр,Ешкі,Түйе.

-Барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?(төрт түлік мал)

Енді осы төрт түлік малдың пірлерін еске түсіреміз.

Жылқы атасы-Қамбар ата

Түйе атасы - Ойсылқара

Сиыр атасы - Зеңгі баба

Қой атасы- Шопан ата

Ешкі атасы- Сексек ата



Ой қозғау: Төрт түлік ерекшеліктерін атау.



Мұғалім Түйе төрт түліктің ең ірісі.Оның жүні,еті,сүті пайдалы.

Түйе шөлге өте шыдамды.Төлі бота. «көс-көс» деп шақырады.Түйе пірі -Ойсылқара.Түйе төлін 12 ай көтереді.Түйе тобын «келе» деп атайды.

1 топ Сиыр ірі қара малға жатады.Еті тамақ,сүтінен айран,құрт, ірімшік,май алынады.Сиырды «ахау-ахау» деп шақырады.Сиыр төлін 9 ай көтереді.

2 топ Жылқы жеті қазынаның бірі.Ол сезімтал жануар.Жылқыда өт болмайды.Жылқыны көлік ретінде пайдалана ды.Жылқы сүтінен қымыз жасайды. Жылқыны құрау-құрау деп шақырады.

3 топ Қой төрт түлік мал ішіндегі ең жуасы.Қой еті,жүні,терісі пайдалы.Жүнінен киіз басады,түрлі киім-кешек тоқиды.Сүйікті шөбі жусан.Пірі Шопан ата.Қойды «пұшайт-пұшайт» деп шақырады.

-Дұрыс, балалар.Әр топ өз білетіндерін барынша айтып берді.



Топтастыру:



жылқы



қой

Сиыр





Оқулықпен жұмыс.

1.Мәтінді мәнерлеп оқу,түсініп алу.

2.Мәтінді рөлге бөліп,мәнерлеп оқу.

ҮІ.Сергіту сәті

«Қошақаным» әні

Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер,тыйым сөздер білесіңдер ме?

1.Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

2.Сиырды теппейді,

Сүтті төкпейді.

3.Түйе атасы –нар,

Ағаш атасы –шынар.

4.Төрт түліктің төресі,

Түйе дейді.

V. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі төмендегі сөздердің мағанасын ашатын тіркестерді дәптерге теріп жазу.



Берілген сөздер

Мәтіндегі осы сөздердің мәні.


1Тұрмыс жағдайы төмен адам

сиыр

2.Еңбекқор адам

түйе

3.Батыл,өжет адам

жылқы

4.Шаруасы жақсы,бай адам

қой



Суретпен жұмыс: Төрт түлікті өз жайылымдарына орналастыру



қой Сиыр







жылқы Түйе



Төрт түлік бағып күтуге байланысты еңбек түрлерін ата.

ҮІ.Сабақты қорытындылау.

Қазақ халқы ежелден мал баққан ел.Мал мінсе көлігі, ішсе-сусыны, жесе-тамағы, кисе- киімі, тұтынса- бұйымы,байлығы мен салтанаты осы мал болған.Қазақ елін малсыз елестету мүмкін емес.Сондықтан біз кейінгі ұрпақ ата дәстүрін сақтап,қасиетті төрт түлікті,ұлтымыздың бай тәжірибесін қадірлеуіміз керек.

ҮІ. Үйге: Төрт түліктің кеңесі Мәтінді мәнерлеп оқып, сызбаны дәптерге толтыру.

ҮІ. Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау.

Күні:17.11.2015

Пәні:қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы оқушылардың білімі мен

біліктілігін нығайту.

Білімділік: Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерін дамыту,

байланыстыра сөйлеуге дағдыландыра отырып,шығарма-

шылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: көркем, сауатты жазуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Сабақтың типі: аралас, жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: СТО –ның элементерін пайдалану.

Сабақтың көрнекіліктері: сызбалар, сурет - жұмбақ, семантикалық карта, сызба нұсқа, кестелер, бағалау парағы.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сынып оқушыларымен сәлемдесіп, түгендеу.

ә) Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.

Ал, балалар, үйге қандай тапсырма берілді?



Миға шабуыл: ойыны

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2.Жіңішке,жуан дауыстыларды ата.

3.Үнді,ұяң дауыссыздарды ата

4.Қатаң дауыссыздарды ата

5.Не істеді?,не қылды? Қайтты? сұрағына жауап беретін сөздер нені

білдіреді?

Ой шақыру.

Оқушыларға сурет жұмбақ шешкізу.

Шешуі: Сөйлем

Жаңа сабақ: Сөйлем туралы түсінік

Ережемен жұмыс:Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Сөйлемнен соң не нүкте,не сұрау белгісі,не леп белгісі қойылада.

IV. Оқулықпен жұмыс

164- жаттығу.Сөздерді салстырып оқу.

Шекара,шекарашы,ел,қорғайды,күзет,олар,тұрады.

Шекарашылар күзетте тұрады.Олар еліміздің шекарасын қорғайды.

Тапсырма: Қайсысы сөйлем? Неліктен?

165- жаттығу. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.

Ажар кітапхана+ға барды.Кітапхана+да адам көп.Ол кітапхана+дан кітап алды.

Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатыр жұмысқа

Алды допты қолына

Қойды допты жолына

Оңға бір қарады

Солға бір қарады.

Үлкен тау деп ойлады.

166- жатттығу.Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.Сырғанақ,бірнеше,бала,теуіп,жүр. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.

Ақан,сырғанады,шанамен. Ақан шанамен сырғанады.

Ол,айырылып,қалды,шанадан,абайсызда. Ол шанадан абайсызда айырылып қалды.

Төмен,шана,қарай,сырғанай,жөнелді. Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.

168-жаттығу.Ребус шешіп,шешуіндегі сөзге әңгіме құра.



VII. Қорытынды:

Сөз табы

күлді

үш

ұлу

әдемі

тоқыды

Сәби

Кім?не?

кімдер?нелер?



+



+

Қанша?неше?

нешінші?



+





Қандай?қай?





+



Не істеді?не қылды?Қайтті?

+




+


Семантикалық карта





VIII. Үйге тапсырма беру. 167- жаттығу.Ереже жаттау



IX. Оқушылар білімін бағалау.





Мерзімі:1.09.2015 ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»

Елімнің астанасы-Астана

Мақсаты:

Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

Дамытушылық: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Отанын, туған жерін қорғай білуге, ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, Астана суреттер

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік

Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.



Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Біз бүгін ата - аналармен бірлесе отырып, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып,, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?

- Қазақстан

- Қазақстан жері қандай?

- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.

- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.

- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)

Мұғалім:

Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.



Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен.

Бабамыз бен атамыз,- деп жырлаған.



Енді өздерің атамекен,туған жер туралы қандай жыр,тақпақтар білесіңдер?

Отан деген- атамекен

Отан деген- туған жер.

Отан – деген ана, пан,

Қазақстан-туған ел.

Отан- менің ата-анам,

Отан -досым, бауырым,

Отан -өлкем астанам,

Отан- аудан, ауылым.

Отан –деген атамекен,

Отан деген- туған жер.

Отан- ана,

Отан –үлкен

Қазақстан -туған ел.

Отан туралы мақал-мәтелерге көңіл аударайық.

І. «Атамекен аясы-адамның жан саясы»

Атамекеннің тамаша табиғаты, кең даласы,толқыған теңізі, жасыл орманы, ұшқан құстары, жүгірген аңдарды ата-бабаңа деген сағынышыңды басады.

2.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей –ел болмас

-Халық даналығында үлкен мәні бар.Туған жер әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені.Ең алғаш жұтқан ауасы.

-Өздерің туған жер,атамекен.Отан жайлы мақал-мәтелдер білесіңдер?



Қазастан Республикасының картасына назар аударайық.



Астана қаласына саяхат жасайық.

Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жыл алды?

І.Аялдама.Бәйтерек

Міне,жапырағын жайып,жас шынардай жарқырап бәйтерек тұр.Ол күн нұрымен шағылысып,төңірегіне жарық сәуле шашқан,алып шарда өмір мен мейірім символын әлемге паш етіп тұр. «Бәйтерек» кешені астананың символы.Биіктігі 97 метрлік.



Бәйтерек туралы қандай жыр,тақпақтар білесіңдер?

ІІ.Аялдама.Рәміздер

Мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген күні1992 жыл 4 маусым.

Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілді.

1998 жыл жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.

Сұрақ-жауап

1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Егеменді)

2. Қазақстан Республикасының рәміздері? (әнұран, ту, елтаңба)

3.Елтаңбаның авторы кім? (Шота-Аман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков)

4.Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

5.Әнұранның сөзін жазған кімдер? (Н. Назарбаев. Ж. Нәжмедиев)

Рәміздер туралы қандай жыр,тақпақтар білесіңдер?

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.



Туымызға жас туған

Бір қарамай өтпейді.

Сол көк тудың астында

Көгереміз көктейміз.



Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай акстында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

ІІІ.Аялдама.Ақорда

Осы жерде елбасы Н.Ә. Назарбаев отырып ел басқарады.

Елбасымыз әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді. Бізге тегін оқуға,демалуға және емделуге жағдай жасады. .

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.



Елбасы арналған қандай жырларың бар?



ІV.Қорытынды:

1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Егеменді)

2. Қазақстан Республикасының рәміздері? (әнұран, ту, елтаңба)

3.Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)

4. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)





Пәні: Математика

Күні: 27.02.15ж

Сынып:

Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: 7 санын қосу және азайту тәсілдерімен танстыру,есептердңің оқып үйренген түрлерін шығару білігін тиянақтау.

Дамытушылығы: есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.Ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелігі: Тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,қима қағаздар,сандар

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезең

-Балалар,бүгін бізде ашық сабақ.Бұл сабағымызда математикадан бүгінгі күнге дейін не үйреніп, не білгенімізді ортаға салуымыз керек.Сабақты бастамас бұрын мен сендердің қаншалықты жақсы білетіндеріңді байқайын.

Ол үшін бәріміз бірігіп «Кім жылдам» ойынын ойнайық.

3+4 2+6 6-3 9-4 5-2 8-6 5-4 6+3 7-5 4-2 3+5 10-6 9-2 10-8 10-7

«Көршісін тап» ойыны *9* *6* *2* *8* *4* *7* *3*

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

«Миға шабуыл» ойыны

1.Сандарды немен белгілейміз?

2.Кесіндіні немен өлшейміз,оның өлшем бірлігі қалай аталады.?

3.Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз?

4.Заттарды бөліп алуда қандай амал қолданамыз?

5. Азайтудың компоненттерін ата.

6.Қосудың компоненттерін ата.



Жаңа сабақ: 7 санын қосу және азайту тәсілдері

Жұмбақ жасыру.

Мені апам пісірді,доп-домалақ сары ғып,

Алдадым мен аңдарды:қоян,аю,қасқырды.

Бірақ түлкі алданбай,мені алдап түсірді.

Шешуі: бауырсақ

Ертегі еліне саяхат .Бауырсақпен кездесу.

1тапсырма: Қоянның тапсырмасы: ішіне-сыртына

1+7= 2+7= 3+7= 7-7= (дәптерге жазылады)

қосынды 1+7 2+7 0+7 7-0 =

7-0= 7-1= 7-2= 7-3= (ауызша талданады )

айырма 7-4= 7-5= 7-6= 7-7=

2 тапсырма. Аюдың тапсырмасы: «Кесінділерді салыстыру»

9 см 3 см

7 см 9см-7см=2см

7см+3см=10см

2см *10см





3 тапсырма . Қасқырдың тапсырмасы: «Ойлан тап»



Шарты:

Үлкен қасық-10 ?артық

Кіші қасық-7









Сергіту сәті:

4 тапсырма. Түлкінің тапсырмасы:

Салыстыру

10-6*3+5 8-7*4+4 4+5*7-7

1+7*9-2 2+7*6-1 8-3*7+0



Қорытынды: «Құлпынай теріп алайық» ойыны

6-4 2+59-63+71+89-3 4+4



Үйге тапсырма: №6

Бағалау.



Пәні: Қызықты математика .

Тақырыбы:Ертегілер елінде «Бауырсаққа көмек» .

Мақсаты: Білімділік:ертегі желісі арқылы білімдерін шыңдау.Шығармашылық біліктілігін арттыру.

Дамытушылық: айналаны қоршаған ортадағы, оларға ұқсас заттармен салыстыру және көңіл аудару.Ойлау қабілетін жан-жақты дамыту,өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:шығармашылық еңбек ете білуге,ұйымшылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі:
ойын сабақ (ертегі саяхат)
Сабақтың әдіс-тәсілі
: көрнекілік стратегиясын,СТО элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі :ертегі суреттер,ертегі кейіпкерлердің суреттері,әртүрлі пішіндер,үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреті ,ойыншықтар.

Іс-әрекет кезеңдері

Жетекші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.Сезімді ояту.








Ізденістер.

Ұйымдастыру.





















































































































































































Қорытынды





-Сәлеметсіңдер ме, балалар!


-Кәне, балалар «шаттық шеңберіне» жиналып, бір-бірімізге жақсы тілек-лебіздер білдіреміз және амандасамыз.


Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге ,

Құрметтпенен біз.


-Балалар, бүгін сабағымыз ерекше болмақ. Қызықты математика сабағынан

Ертегі елінде «Бауырсаққа көмек» атты ашық сабағымызды бастаймыз. Біздің бүгінгі сабағымыз ертегілермен байланысты болады.


-Сендер қандай ертегі білесіңдер? және қандай ертегі ұнайды?




-Жарайсыңдар, сендер көптеген ертегі біледі екенсіңдер!

-Балалар мына жұмбақтың шешуін тауып көрейік!


Жұмбақ.

Мені апам пісірді ,доп-домалақ сары ғып,

Алдадым мен аңдарды:қоян,аю.қасқырды

Бірақ түлкі алданбай,мені алдап түсірді.


-Дұрыс айтасыңдар, балалар бауырсақ ертегісі.

Ал бауырсақ ертегісін кім айтып береді?


Ертегіні тыңдау.

Рольге бөліп ойнату.


(Осы кезде есік қағылып ішке «бауырсақ» кіреді.)

-Балалар бізге ертегілер елінен бауырсақ қонаққа келді.


-Бауырсақ: Сәлеметсіңдар ме? Балалар.

Мен сендерге ертегі елінен келдім ,бірақ жай келген жоқпын,сендерден көмек сұрай келдім.Атамнан,әжемнен қашып жолға шыққан едім,кенет алдынан аш қоян,қасқыр,түлкі кездесті.Мені жемекші.Егер сендер қоянның, қасқырдың ,түлкінің тапсырмасын орындасаңдар , мені босатады .Маған көмектесесіңдер ме?


-Көмектесеміз бе?


Қоянның тапсырмасы:

1.Кілемшені толтыру .












Қасқырдың шарты:

2.Ішіне –сыртына стратегиясы

Үй жануарлары мен жабайы аңдар



Сергіту сәті: «Санамақ»



Түлкінің шарты:


3.ВЕНН диаграмасы

Ұшбұрышқа не ұқсайды?

Төртбұрышқа не ұқсайды?









Аюдың шарты


Кубизм ойыны: Мынау кімнің үйі


1 2 3 4 5






2+3= 6-2= 5+4= 9-3= 5 +2=





Қасқыр түлкі ит мысық қоян








- Бауырсақ: балалар ,сендердің көмектеріңнің арқасында қояннан,қасқырдан және түлкіден аман қалдым сендерге көп рахмет.Сабақтарыңды жақсы оқып ,тәртіпті оқушы болыңдар!

Сау болыңдар!

Бауырсақ сыртқа шығып кетеді.


-Сабақ сендерге ұнады ма?


-Ал, балалар сендерге бауырсақ мына сандықшамен сыйлық жіберді.


Сандықшаның ішінен жұлдызшаларды алып,

жақсы жауап берген балаларды жұлдызшамен

мадақтап ,бағалау.








-Сәлеметсіз бе!


-шаттық шеңберіне жиналады














Балалардың жауабын тыңдау


Мақта қызбен мысық,жеті лақ,бауырсақ,

шалқан т.б.
















Шешуі:бауырсақ ертегісі.




Бауырсақ ертегісін айту.


Балалар рольге бөлініп ойнайды

.



Сәлеметсіз бе? Бауырсақ!











- Әрине көмектесеміз!








































Үй жануарларын ішіне жабайы жануарларды сыртына орналастырады








Қимыл-қозғалыспен орындау



















Ұшбұрышқа ұқсас заттар терезе, кітап, есік,радио т.б

Төртбұрышқа ұқсас заттар-сәбіз,шатыр,қайық т.б
































2+3= 5 6-2= 4 5+4= 9 9-3=6

5 +2=7



















-Ұнады.


Сау болыңыз!!












Қол ұстасып тұрайық,

Орнымыздан тұрайық.

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық!












































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ашы? саба? "Тор?ай то?ылда?" 1 "?" сынып

Автор: Алдабергенова Г?лбану Алдаберген?ызы

Дата: 03.04.2016

Номер свидетельства: 314399


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1520 руб.
2530 руб.
1580 руб.
2640 руб.
1270 руб.
2110 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства