Б?гінгі к?ні мемлекетімізді? ?ркениетке жету жолында?ы ?р талабына т??ыр боларлы?тай ?рпа? о?ыту, т?рбиелеу ісін жа?а сапалы? ?згерістер де?гейіне к?теруді талап етіп отыр. Мектеп ??рылымында болып жат?ан ?згерістер, білім беру ма?саттарыны? алмасуы, оны? дамытушылы? сипаттарыны? бекітілуі, к?пн?с?алы? о?ыту?а к?шу сия?ты м?селелер орындаушылардан шы?армашылы? бастамалы?, ж?мысты? жо?ары сапасын ж?не к?сібилікті талап етеді. Адам бойында?ы ?абілеттерін дамытып, оларды? ?шуіне жол бермеу, оны? рухани к?шін ны?айтып, ?мірден ?з орнын табу?а к?мектеседі. ?йткені адам туынды ?ана емес жаратушы да.Б?л ?лкен жауапкершілік артатын к?рделі ма?сат. Оны шешу ?шін е? алдымен о?ыту мазм?ны жа?артылып, ?діс-т?сілді? озы?ы ?мірге келуі, олар ?рбір азаматты? жеке басыны? ?асиеттерін, ?абілеттерін дамытып, шы?армашылы?ын, талантын ?штайтындай болып ?йымдастырылуы ?ажет. Сонда ?ана мектептерден ?з ?міріне ?згеріс енгізе алатын, ?з бетінше ?мір с?ру жолдарын та?дай алатын азаматтар т?рбиеленіп шы?ады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың тақырыбы: «Сөйлемдегі сөздердің байланысын қайталау» (презентациясымен) Сабақтың мақсаттары: Білімділігі: Сөйлемдегі сөздердің байланысы бойынша берілген білімді саяхат жасау арқылы пысықтау, тақырыпқа қатысты білімді өз деңгейінде меңгерту мүмкіндіктерін жан - жақты қарастыру. Дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту. Тәрбиелігі: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың түрі: Саяхат - сабақ.
Көрнекіліктер: Ауыл сызбасы, парақшалар, қоржын, жұмбақтар, сандық, қамшы. Интерактивті тақта, үлестірме қағаздар. Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, өзін - өзі тану.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері».
-Балалар, кәне, барлығымыз бір-бірімізбен жақсы көңілмен амандасып, бір-бірімізге деген сүйіспеншіліктерімізді білдірейік.
-Балалар :
Сен, мен, екеуміз,
Жанымыз да, тәніміз де бірге.
(қимыл арқылы көрсетеді.)
- Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, бізге қонаққа көптеген мұғалімдер келді. Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.
Сөйлемдегі сөздердің байланысы бойынша берілген білімді саяхат жасау арқылы пысықтау, ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту. ІІ.Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту ( 5-7 мин).
Оқушыларды топтарға бөлу.
1.топ. «Қатаң дауыссыздар»
2.топ. «Ұяң дауыссыздар»
3.топ. «Үнді дауыссыздар»
4.топ. «Дауысты дыбыстар»
Әр топ өз тобының атына байланысты тапсырма орындайды.
ІІІ. Мағынаны ажырату (25-30 мин). Дыбыстық талдау. Әр топқа жеке-жеке сөздер беріледі.
1.Көркем жазу. Ата – балаға сыншы. - Біз бүгін «Жеті ата ауылына саяхатқа шығамыз» - Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік сайлап алайық. Бұрын ата - бабаларымыз техника дамымаған, машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған, оны әлі күнге дейін ауылдарда қолданады? - Атты, түйені, өгізді. - Сендер соның қайсысын қалайсыңдар? - Атты. - Жарайды атты жолға әзірлейік. Жолға шығайық.
Ол үшін өткен сабаққа тоқталайық?
2. Өткенді қайталау. - Балалар, атамыздың ауылына келіп қалыппыз. «Ата» ауылы сендердің білімдеріңді тексермекші екен, мынадай тапсырмалар әзірлепті.
Өткен сабақта сөйлемдегі сөздің байланысын өттік.
- Сөйлемдегі сөздер туралы не білесіңдер? - Олардың байланысын қалай білеміз? - Сөйлем туралы не білесіңдер? - Бас әріптен басталып жазылады, соңында нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі қойылады. «Ата» ауылының сұрақтарынан дұрыс өттіңдер, әрі қарай «Әке ауылына» саяхатқа шығамыз. Топтық жұмыс.
- Оқулықпен жұмыс.
1.топ. «Қатаң дауыссыздар »518- жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.? белгісі қойылған сөйлемдер туралы білетініңді айт.
3.топ. «Үнді дауыссыздар » 520 - жаттығу. Берілген сызбаларға сәйкес сөйлемдер құра.
4.топ. «Дауысты дыбыстар » 521- жаттығу. Қуанған немесе таңданған сәтіңді әңгімеле. - «Бала» ауылы. - Міне, бұл ауылға да келіп қалыппыз. Бағанадан екі ауылға саяхат жасап шаршадық, енді сергіту сәтін жасап алайық.
Кім үлкенді сыйласа ,
Кім үлкенді тыңдаса.
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ,өзі де.
«Немере» ауылына келіп қалыппыз. Бұл ауылда «Ойлан тап!» ойынын ойнаймыз . Топтарға тапсырмалар беріледі.
- Сөйлемді дұрыс құрастыра аласыңдар ма? Топтық жұмыс.
Оны білу үшін мына киіз үй сөзінен сөйлем құрастырыңдар
(1.Киіз үй тез құрылып, тез жиналады. 2.Киіз үйдің шаңырағы, керегесі, есігі бар. 3.Киіз үй қыста жылы, жазда суық болады.4. Киіз үйдің шаңырағы бар.) (Оқушылар қима сөздерден сөйлем құрастырады) Жер балшық, құлап қалмаңдар, бәріміз арбаға отырайық. - Жанқали, атты айда. - Айт - шу жануар. - - Алдымызда көрінген қай ауыл екен? «Шөбере» ауылына саяхат жасаймыз. Уақыт болса тақап қалды. - Жанқали, айда атты. - Айт - шу, жануар. - Міне «Шөбере» ауылына да келдік. - Бұл ауыл қоржын әзірлепті, осы қоржындағы тапсырманы орындайық. «Санамақ» ойынын ойнайық Басбармағым – алғашқы, Балан үйрек – жалғасы, Ортан терек - ағасы, Шылдыр шүмек - нағашы, Кішкентай бөбек – балақан, Бәріне ортақ алақан.
Міне «Шөпшек» аулына да келіп қалыппыз. Бұл ауыл сендерге жұмбақ әзірлепті. Қызықтап күнде сен, Суретін көресің, Оқисың одан сен Ертегі, өлеңді, ол не? (кітап) Тілдерімен жүреді, Уақытты біледі. (сағат)
Үлкен алып табақтан Әлемге нұр таратқан (күн)
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек. (домбыра) Жұмбақтардың шешуінен сөйлем құрастырыңдар, және мына белгілерді қолданыңдар..!?? Мысалы: Оқушы кітап оқыды. Сағат қанша болды? Алақай, күн жылынды! Сенде домбыра бар ма? Сөйлем құрастырған оқушы тақтаға жазады, ал қалғандары дәптеріне көшіреді.
«Немене» аулына саяхат жасаймыз. «Немене» ауылы сендердің сөйлем тақырыбын қалай меңгергендеріңді сынамақшы. «Сиқырлы сандық» әзірлепті. - Қане, сандықты ашып қарайық. (сандықтан сұрақтар оқу) 1 - оқушы: Сөйлемдегі сөздер бір - бірімен қалай жазылады? 2 - оқушы: Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады? 3 - оқушы: Сөйлемнің соңына қандай белгілер қойылады? 4 - оқушы: Сөйлемдегі сөздер қандай болады? 5 - оқушы: Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз? 6 - оқушы: Қазақтың тұнғыш ғарышкері кім? Енді бәріміз «Ұшты - ұшты» ойынын ойнаймыз Қорытынды бөлім. Ой толғаныс.
Рефлексия Не білдік? Не істедік? - Міне, балалар, сыныпқа да келдік. Саяхат сабағына барлығың жақсы қатыстыңдар. Жеті ата ауылының адамдары сендердің білімдеріңе риза болып жатыр. Бүгін жеті атамызбен таныса отырып сөйлем және сөйлемдегі сөздердің байланысы тарауларынан алған білімімізді қайталадық. Жеті атасын білген оқушы, өскенде туған, туыстарына мейірімді, жақынын танитын жақсы азамат болып өседі деген екен. Әкесінің баласының баласы - немере, Немере баласы – шөбере, Шөбере баласы – шөпшек, Шөпшек баласы – немене болады. Әрі қарай өскенде білетін боласыңдар. Ән «Қошақаным». 8. Балалар білімдерін бағалау.
Балаларды мадақтау. Балалар бағалау парағын толтырады. Үйге: Эссе жазу.
Сабақтың тақырыбы: Қызықты математика (презентациясымен) Мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысықтау. Өзін - өзі бақылауға, өзбетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. 2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, өзіндік іс-әрекетін, танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Қазақстанның болашағына деген сенімін және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу. Әдісі: сұрақ – жауап Түрі: топтық сайыс Көрнекілігі: интерактивті тақта
Барысы : І. Кіріспе Жүргізуші: Математика керек әр күнге, Математика керек әркімге. Есеп қажет өмірде, Есепсіз білім білім бе?! - Құрметті ұстаздар , 2 - сынып оқушылары! «Қызықты математика» топтық сайысына қош келдіңіздер. Әр оқушы өзі үшін сайысады. Ең соңында қалған бір оқушы сайыс жеңімпазы атанады. Сайыскерлердің жауаптарын саралап отыру үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. /әділ қазылар алқасы сайланады/
1. Сайысқа қатысатын оқушылар дайын ба? Иә хормен. 2. Сайыс шартымен таныстырайын: 1 – айналым «Бәйге» 2 – айналым «Көкпар». 3 – айналым «Жорға». 4 – айналым «Қасиетті жетілік ІІ. Негізгі бөлім 1 – айналым «Бәйге» 1-топ 1. 1 дм - де неше см бар? 2. 1 см - де неше мм бар? 3. 1 см артық па, әлде 1 дм артық па? 4. Жұп сандарды, тақ сандарды ата. 5. Бұрыштың қабырғалары қалай аталады? 6. Бес бұрыш неше кесінділерден тұрады? 7. 1 сағ. + 18 мин. Дегеніміз неше минутқа тең? 8. 1 сағатта қанша минут бар?
2-топ 1. 1 метрде неше дм, см бар? 2. Азайтуды қай амалмен тексереді? 3. Масса, оның бірліктерін ата. 4. Ұзындық және оның бірліктерін ата. 5. Уақыт және оның бірліктерін ата. 6. 1 сағатта қанша минут бар? 7. 3 дм -? см, 4 м -? дм, 1м -? см, 1 апта -? күн 8. 2 мүшел -? жыл, 1 ғасыр -? жыл. 2 – айналым «Көкпар». "Математикалық диктант 10 және 60 сандарының қосындысына 8-ді қос. 10+60+8 70-ке 12 мен 6 сандарының айырмасын қосу 70 +( 12 – 6 ) 65 пен 5 сандарының айырмасынан 30-ды кеміт. ( 6 5 – 5 ) – 30 90-ға 11 мен 9-дың айырмасын қос. 90 + ( 11 – 9 3 – айналым. «Жорға» Логикалық есептердің шешуі мен жауаптарын табу керек. • Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? 5 қоян • Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады? 2кг • Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? 4 тәулік • Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? 1адам • Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал – жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады? 3теңге 4 – айналым «Қасиетті жетілік». Арнайы сұрақтар беріледі. 1. Үш жүзді ата 2. Қазақтың киелі сандарын ата 3. Үш биді ата 4. Дүниенің неше тұсы бар? 5. Наурыз көженің құрамына неше зат кіреді? 6. Санға қатысты мақал - мәтелдер айт Қорытынды: Әділ - қазы алқасы әділ шешімін беріп, дипломдармен марапаттайды.