Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? Та?ырыбы: Шыршаны безендіру. »
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру. Тақырыбы: Шырша шырақтары Мақсаты: Балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру,қайшымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру,қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету, қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру, көзбен мөлшерлей білуге дағдыландыру, тіл байлығын дамыту, өзінің жұмыс орнын ұқыпты жинап қоюға баулу. Көрнекілігі: слайдттар,шырша макеті , ойыншықтар
Балалар, қазір болатын сабағымыз жапсыру.Бізге бүгін қонақтар келіпті.Сабағымыз бүгін ерекше болмақ.Олай болса сабағымызбы ойыннан бастайық.
2.Қызығушылығын ояту
Ойын: «Кім тез табады?»
3 түс беріледі.Балалардың таңдаған түстерінің артында тиісті сұрақ бар.
1)Жылдың неше мезгілі бар?
2)Жыл мезгілдерді ата?
3)Қазір жылдың қай мезгілі?
Жұмбақ шешу:
Тікен,тікен тік пісте.
Қысы жазы бір түсте (шырша)
Балалар,тақтада қандай сөз жасырынып тұр екен?(Балалар оқиды.)
-Балалар жақында қандай мереке келе жатыр?
-Жаңа жыл мерекесін бізге кімдер келеді?
Онда Жаңа жылға арнап тақпақтарды кім біледі.
Экраннан Аяз ата көрінеді.
-Балалар,шыршадағы ойыншықтар көп пе, аз ба?(Аз) Қане санап көрейікші.(Балалар санайды).
Ал онда, шыршаның әсем, әдемі болу үшін не істеуіміз керек?
3.Негізгі бөлім
-Ал,онда,шыршаға шырша шырақтарын жасап ілейік.
Ол үшін жапсыру сабағында қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер? Еске түсіріп көрейік.
Қағазбен жұмыс.
Балалар шыршаны безендіруді бастайды.
4.Сергіту сәті
Тербелейді ағаштар.
Алдымнан жел соғады,
Кіп –кішкенай ағаштар.
Үп –үлкен боп өседі.
5.Қорытынды
Сонымен балалар бүгінгі сабақта біз нені безендірдік.Сонымен шыршаның түсі қанай екен.Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп – көп рахмет. Сабақ соңында сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап өту.
Сабақты аяқтау.
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречый орта мектебі» КММ