Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?: "С?йлем м?шелеріні? байланысы"»
Тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлем мүшелерінің байланысы туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер, ойын жаттығулар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Ғажайып сәлемдесу
Мұғалім:
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл күйлерің қалай?
ІІ. Психологиялық дайындық
Біз сендермен «Біз қандаймыз?» деген психологиялық дайындықты өткіземіз. Балалар сендердің алдарында қағаз берілген. Әрқайсыларын өздеріңді қандайсыңдар деп ойлайсыңдар. Осы қағаздың бетіне өздерің туралы ойларыңды жазыңдар. 1-2 мин беріледі. Мен өзімді жақсы адаммын деп ойлаймын. Балалар өздері туралы жазады. Балалар қараңдаршы бізде не болып шықты? Қандай әдемі гүл болып шықты. Яғни біз өзімізді гүлге теңейміз, бәріміз әдеміміз
Бүгінгі күніміз
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағамыз,
Кілең бестік болсын деп үй тапсырмасын тексеруге көшейік.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру үшін «Көбелекті өз гүліне қондыр» атты тапсырманы орындайсыңдар. Тапсырманы орындау арқылы сендердің өтілген сабақтарда алған білімдерінді тексерейік. Сендер осы тапсырмада көбелектерді бағдар сызу арқылы гүлге қондырасыңдар. Бірақ 3 көбелекте сұрақтар жоғалып кетіпті осы көбелек қайда қону керектігін білмейді. Сендер оған дұрыс бағдар беріп көмектесесіңдер деп ойлаймын.
ІІІ.Өткенді қайталау. Слайдпен жұмыс
IV.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлем мүшелерінің байланысы туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
V. Жаңа сабақ
Балалар дәптерді ашамыз. Бүгінгі күнді жазамыз. Сынып жұмысы. Сөйлем мүшелерінің байланысы.
Балалар қараңдаршы, бүгін бізге Піл атты ойшыл ғалым, жазушы қонаққа келген екен. Ол бізге ертегілер елінен келді. Сендердің білімдерің тексеру үшін тапсырмалар әкеліпті. 3 а сыныптың оқушылары қандай екенін білгісі келіп тұр. Ертегілер елінен 3 хатқалта келіпті. 1 хатқалта-жұлдызшалар. 2-хатқалта- төртбұрыштар. 3 хатқалта – үшбұрыштар. Пілдің тапсырмасын орындағанда балалардың білімдерін бағалау үшін 3 хатқалтаны пайдаланыныз деп Ертегілер елінің патшасысы сендерге хат жазды.
Балалар Піл арнайы сендерге ертегі құрастырыпты. Қазір мен сендерге Оқып беремін. Ертегінің аты «Тұрлаулы мен Тұрлаусыз»
Ертеде Тұрлаулы және Тұрлаусыз деп аталатын екі хан болыпты. Олар бір - бірімен қас екен. Бірде сөйлем мүшелерінің басты мүшесін тағайындауға жиналыс болып, Тұрлаулы ұшаққа билет сатып алыпты. Тұрлаусыз да жиналысқа аттанады. Бірақ жолда ұшақ бұзылып, жерге қонады. Тұрлаулыға жиналысқа жаяу баруға тура келеді. Тұрлаулы жолда көп қиындық көреді. Ол бір ағаштың бұтағына отырып, ұйықтап кетеді. Осы кезде басына жаңғақ түсіп оянады. Қараса, тал үстінде бір адам отыр. Ол Тұрлаулыға күліп қарап, жерге түседі. Олар танысады. Ол Бастауыш екен. Ол да жиналысқа бара жатырғандықтан, екеуі бірге жол жүреді. Жолда олар Баяндауышты көреді. Екі серігіне сеніп, Тұрлаулы саяхатын жалғастырады. Сөйтіп олар жиналысқа жетеді. Жиналыс ғимаратында олар Тұрлаусыз ханның үш серігін көреді және олардың жанында Тұрлаусыз ханды көреді. Шаршап, ашыққан Тұрлаулы мен серіктерін көрген Тұрлаусыз күліп: «Біз жеңеміз себебі, көппіз әрі мықтымыз,» - депті. Бірақ Тұрлаулы серіктеріне сенеді. Олар жиналысқа кіреді. Жиналыста Тұрлаулылар сенімділігімен, тапқырлығымен, ұтқырлығымен жеңіске жетеді. Ал, Тұрлаусыз жеңіліп, Тұрлаулының көлеңкесінде жүреді. Осылайша, басты мүше - Тұрлаулы, оның оң қолы - Баяндауыш, сол қолы - Бастауыш болып сайланады.
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жаз. Сол сөздердің қай сөзбен байланысатынын айт
1. Әсел есепті тез шығарды. 2. Суретші әсемтабиғатты бейнеледі. 3. Асханададәмдітамақ пісірілді. 4. Ұшақбиіккекөтерілді. 5. Достары Айбекті жеңісіменқұттықтады.
Балалар Піл сендерді қадағалап отыр. Ол әдемі, таза, сауатты жазатын балаларды жақсы көреді. Сол себептен ол әдемі таза жазатын оқушыларға бір жұлдыздан бергісі келіп тұр.
Пілдің 2-тапсырмасы. «Мен өзімді осылай сынаймын» Сөйлем мүшелеріне талдау.
Балалар ботаға қатты қызықты.
Түйенің сүтінен шұбат жасап ішеді.
Пілдің 3-тапсырмасы. «Өз орнынды тауып тұр» Байланыс сызбаларын қолдану арқылы сөйлемдер құрастырып жаз.
Пілдің 4-тапсырмасы.«Жаңылмай жауап бер» ойыны.
Ойынның шарты: Ойынға қатысушы оқушылар сұрақтарға мақал-мәтелмен жауап беріп,сұрақ орнында тұрған сөз сөйлемнің қай мүшесі екенін жаңылмай айту керек.Барлық сұраққа жаңылмай жауап берген оқушы бастаушы бола алады.
Ойынның шарты: Ойынға қатысушы оқушылар сұрақтарға жауап беріп,сұрақ орнында тұрған сөз сөйлемнің қай мүшесі екенін жаңылмай айту керек.
Кім сыныпқа кірді?
Не басталды?
Ержан нені тез оқыды?
Оқушылар мектепке қашан келеді?
Бала не істеді?
Қандай бала ағаштың бұтақтарын сындырады?
Қорытындылау
Бүгінгі сабақты тест арқылы қорытындылаймыз.
Тес жауаптары.
1. А
2.Ә
3.Б
4.А
5.Ә
ҮІ.Үйге тапсырма: 88 бет 2-жаттығу, 89 бет 4-жаттығу
VII. Оқушыларды мадақтау, бағалау.
Жақсы жарайсыңдар!
Біздің президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Сабақтан қалмай, сапалы да,саналы білім алу» біздің міндеттіміз. Әрдайым алға жылжып, бір орында тұрмай. Жаңа білім алуға талпынамыз ба? Иа. Жақсы. Осымен ашық сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.