Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. С?йлем. 3-сынып »
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сөйлем туралы алған білімдерін еске түсіру, толықтыру; Дамытушылығы:оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;
Тәрбиелілігі:кітаппен дос болуға құстардың қамқоршысы болуға тәрбиелеу.
1-жаттығудағы берілгендердің қайсысы сөйлем, қайсысы сөйлем емес екендігін анықтау, талдау.
Сөйлемге тән белгілерді есіңе түсір:
*сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады:
*аяқталған ойды білдіреді:
*бірінші сөзі бас әріптен жазылады:
*соңына не., не.?, не! қойылады.
Дәптермен жұмыс. Күннің жадын,тақырыпты жазу.
2-жаттығуда берілген сөздерден сөйлем құрастыру: Кітапты көп оқы! Сендерге білімді болуға кітап көмектеседі.
3-жаттығуда берілген сөйлемдердегі жақшадағы сөздерді мағынасына қарай өзгертіп жазу.
Сергіту жаттығу.
4-жаттығудағы ертегіні оқу, тиісті тыныс белгілермен толықтырып, көшіріп жазу. Мәтінде неше сөйлем бар? Бұл ертегіні ары қарай кім жалғастырады? Түлкі неліктен арыстанның жанына жақындамайды? Түлкі арыстанның айласын неден біліп қояды?
5-жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп оқу, нүктенің не үшін керек екенін анықтау. Нүктеден басқа қандай тыныс белгі білесіңдер?
ҮІ. Бекіту Вен диаграммасы
Мәтін мен сөйлемді салыстыру,ортақ белгілерін табу
ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем дегеніміз не? Олардың соңына қандай тыныс белгілер қойылады?