Күні: 21.11.2014 ж Пәні: Дүниетану пәні. Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Жанғыш пайдалы қазбалар.
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
Оқушылардың еліміздегі, өз өлкеміздегі пайдалы қазбалар туралы және оларды өндіру жолдары мен пайдасы туралы түсінік беру. Дамытушылық:Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтіп, ойларын тұжырымдай білуге дағдыландыру. Оқулықпен, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелік:Қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарау, табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу. Жас ұрпақты қоғам талаптарына сай, ақпаратты технологияны меңгерген бәсекеге қабілетті, болашақ өмірге бейімдеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтақолданылатын әдіс-тәсілдер: талдау-жинақтау, топтау, Сабақты ұйымдастыру формасы: топтық Пәнаралық байланыс : ана тілі, дүниетану
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: сызбалар, карточкалар,ҚР картасы
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: компьютер, проектр, интерактивті тақта, маркерлер
Сабақтың құрлымы: Ұйымдастыру кезеңі .Психологиялықдайындық. Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білім, білік дағдыларын тексеру.Кестемен жұмыс Ой қозғау. Жұмбақ жасыру. Топқа бөлу.
-Суретпен жұмыс Мағынаны тану. Кесте толтыру. Ой түйіндеу. Картамен жұмыс. Ой толғаныс.
-Сарамандық жұмыс Сабақты қорыту. Үйге тапсырма. Бағалау. І. Ұйымдастырукезеңі: Психологиялық дайындық. Табиғат – біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Табиғатты қорғайтын, Біз әдепті баламыз. Жер байлығы көп екен, Меңгеруді қалайды. Осының бәрін меңгертер, Дүниетану сабағы.
Кәне балалар топқа бөлінейік.Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, топқа бөлінеді. ІІ. Үйтапсырмасын тексеру.
Кестемен жұмыс
Түсті металл кендері
Түсі
Сипаты
Қайда қолданылады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау. Жұмбақ жасыру. Қызуын аямайды, Көлікке азық жасайды. /Мұнай/ Қара түсті, отын, Жанады жарқын. /Көмір/ Мөлдір, әрі түссіз, Өзі табиғи отын. /Газ/ І топ: Тас көмір ІІ топ: Мұнай , газ .
Суретпен жұмыс
1-топ Көмір туралы жазады.
2-топ Мұнай, газ туралы жазып, постерді қорғайды. ІҮ. Мағынаны тану: Оқулықтағы мәтінді оқып, түсіндіріп беремін.
Жанғыш пайдалы қазбалар.
Газ
Мұнай
Тас көмір Кәдімгі тас көмір Қоңыр көмір
1-топ Көмір туралы маркермен жазады.
2-топ Мұнай,газ туралы білетінін жазады.
Оқушыларды бағалап отырамын.
Тас көмір-қатты, көбінесе қара түсті зат. Жер қойнауында тас көмірдің үш түрі кездеседі. Тас көмірдің ең сапалы түрі антрацит. Ол шымқай қар түсті, ұстағанда басқалардай қолға жұқпайды, әрі металл сияқты жалтырап тұрады. Ол жылуды өте көп береді. Қызуы күшті болғандықтан негізінен металл қорытуға жұмсалады.
Кәдімгі тас көмір де қара түсті, бірақ ол антрациттей жалт-жұлт етіп тұрмайды, қызуы да одан кемірек.
Қоңыр көмір мүлде жалтырамйды, солғын қоңыр түсті, жылуды аз береді. Оңай үгіледі. Бықсып жанады, жаққанда күл көп қалады. Сондықтан жергілікті отын ретінде пайдаланылады.
Біздің еліміздегі тас көмірдің басты кен орындары-Қарағанды және Екібастұз, Қарағанды кен орнын 1833 жылы Аппақ Байжанов деген шопан ашқан.Қарағанды көмірі 1856 жылдан бастап өндіріле бастады. Шахтерлер қаласындағы басты дағдылардың бірі сол кісінің есімімен аталады.
Екібастүз көмірі жер бетіне жақын жатқандықтан ашық әдіспен өндіріледі. Ол өте арзанға түседі.
Қоңыр көмір Торғай алабынан, Оңтүстік Қазақстандағы Ленгерден , т.б жер-лерден табылған. Қазақстан жеріндегі тас көмір мен қоңыр көмір кен орындарының жалпы саны 400-ден асқан.
Мұнай –майлы, қоймалжын сұйық зат. Ол көбінесе қошқыл қоңыр, қара көк, кейде қызғылт сары, тіпті ақ түсті де бола береді. Мұнайдың иісі кәдімгі өздеріңе таныс жермайдың иісіндей болады. Мұнай жанғанда қызуды көп береді. Ол күл қалдырмайды, түгел жанып кетеді.
Көмір сияқты, мұнай да түрлі ағзалардың қалдықтарынан пайда болған.Мұндай қалдықтар әсіресе теңіздер мен мұқиттарда өмір сүрген жәндіктер мен өсімдіктедің шірінділерінен жиналып түзіледі. Алғашқы қатты кұйдегі қалдықтар жер қабатында ұзақ жатқан зор қысымының нәтижесінде бара-бара сұйық затқа және газа айналады.
Мұнаймен қоса жер астынан жанғыш газ шығады. Мұнайдың ілеспе газы кейде тіпті өте көп мөлшерде кездеседі. Оны мұнай-газ кен орны депатайды. Осымен бірге жанғыш газ жер қойнауында өз алдына бөлек топталып, газ кен орнын түзеді.
Мұнай сияқты табиғи газ да отын және химиялық шикізат ретінде пайдаланылады.
Елімізде мұнай мен газға Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегі өте бай. Соңғы жылдары Каспий теңізінен солтүстік тайыз бөлігінен мұнайдың аса мол қоры табылды.Мұнай кен орындары картада мұнара түріндегі шартты белгімен белгіленеді. Қара түсті мұнара-мұнайды, ақ түстісі-газды көрсетеді.
Мұнай айыру сызбанұсқасымен таныстыру.
Мәтінді оқушыларға оқытамын.Кесте толтырады.
ҮІ. Ой түйіндеу: Картамен жұмыс. Әр топ өзінің атына сәйкес пайдалы қазбаларды кескін картаға түсіреді.
ҮІІ. Ой толғаныс: «Егер мен қоршаған ортаны қорғау министрі болсам,........»
ҮІІІ. Сабақты қорыту: -Сабақта не өттік? -Сабақ ұнадыма? Несімен?
ІХ. Үйге тапсырма: Күнделікті ашайық. Тапсырманы тізіп жазайық. Тараудан алған білімді Ұмытпай есте сақтайық.