Просмотр содержимого документа
«ашы? саба? "?ызы?ты грамматика." »
Қордай ауданы Жамбыл ауылы
Жамбыл жабаев атындағы №26 орта мектеп.
Ержанава Гүлсім Бисенбаевна.
Сабақтың тақырыбы: Қызықты грамматика.
Сабақтың мақсаты: 1Оқушылардың алған білімдерін грамматикалық,
ойын арқылы қайталау, бекіту.
2 Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауға,
тапқырлыққа шығармашылыққа баулу.
3 Оқушыларды бірлікке, достыққа,
оақылдылыққа,ой тәрбиесіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ, жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру.
2 Психологиялық сәт.
Екі көзің не үшін керек,
Жақсылар ды көру үшін
Екі құлақ не үшін керек,
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек,
Елге көмек беру үшін.
Екі аяқ не үшін керек,
Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.
1- топ дауысты дыбыстар
2- топ дауыссыз дыбыстар.
Балалар, бүгін ерекше сабақ, біз бір-бірімізге сәттілік тілейміз.
Мен сендерге «Әріптер әлемі» ертегісін айтып берейін.
Ертеде барлық әріптер бірге тату-тәтті тыныш бір қалыпты өмір сүріпті.Олардың бәрінің түсі де бірдей екен. Бір күні қатты жел соғады желдің қатты болғаны соншалықты әріптердің барлығы жан-жаққа шашырап ұшып кетіпті. А ә е е и о ө ү ұ ы і э ю я-дыбыстары күнге қонып қып-қызыл болып, б в г ғ д ж з дыбыстары ағашқа қонып ұяң болып қалыпты. Қ ккккккккк п с т ф х Һ ч ц ш щ дыбыстары ағаш діңіне қонып қатаң болып қалыпты. Л м н ң р й (у) дыбыстары бұтаққа қонып үнді болып қалыпты. Олар күні бойы қайғырып-жылап не істейміз дейді.Ең жоғарыда тұрған дауысты дыбыстар болған соң, бәрін көріпті. Олар ортақ шешімге келіпті.
-Бұларды біз біріктірейік –деп шешеді. Оданкейін олар әріптерден буын, буыннан сөз құрапты.
-Ал сөзден кейін не құрапты.
-сөйлем.
Дұрыс айтасыңдар балалар сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соңынан нүкте,леп белгі, сұ.ақ белгісі қойылады. Сөйлем сөзден тұрады,сөздер бөлек-бөлек жазылды.Сөз дыбыстардан тұрады.
Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар
б,в,н,к,ш,к,п,рс,т,л,д
а,ә,ы,і,ү,ө,ұ,ю,э,яя
1-топ:
1) Қазақ тілінде қанша дауысты дыбы бар?
2)Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
3)Дауысты дыбыстар буын құрай ма?
4)Дауысты дыбыстар қаншаға бөлінеді?
5) Жуан дауысты дыбыстарды ата.
6)Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
2-топ
1) Қазақ алфавитинді қанша дауысты дыбыс бар?
2)Дауыссыз дыбыстар қалай айтылды ?
3)Дауыссыз дыбыстар қанша дыбыстар?
4)Қатаң дыбыстарды ата.
5)Ұяң дыбыстарды ата.
6) Үнді дыбыстарды ата.
1-топ : Бүгінгі жарысқа,
Алға шық жарыспа.
2- топ: Тілейміз сәттілік,
Жеңіп шықсын бірлік.
Енді балалар сайысымызды бастайық.
1-ші сайыс:
Әріпті сайыс.(Жұмбақтар)
1-топ: 2- топ:
Күнде бар, айда жоқ, Аяқты бар, баста жок,
Түнде бар,таңда жок. (Ү) Таяқта бар, таста жоқ. (Я)
Қызда бар,ұлда жоқ, Тәтті де жоқ , ащыда бар,
Тұзда бар, ұнда жоқ.(З) Қаттыда жоқ,тұщыда бар.(Щ )
Балжанда бар, Алтында бар,
Айжанда жоқ. Күмісте жоқ.
Бірлікте бар, Тиында бар,
Тірлікте жок (Б) Теңгеде жоқ.(Ы)
2- сайыс
Сыйқырлы дыбыстар сайысы.
Қай дыбыс екі топқа да, ортақ. Ол қандай дыбыс екен.
1-топ: у дауысты дыбыс
2-топ: у дауыссыз дыбыс
1-топ: уық,уыз,ашу,оқу,оқушы,қору,суық, аққу.
2-топ: сөз құрау. У дауыссыз дыбыс.
Ау,суысқан,алу,суар,тау,астау,су,ту, асау.
Енді бұл жазған сөздерден екі сөйлем жазамыз, оқимыз.
1-топ Киіз үйдің уығы көп. Кеше уыз көже іштік.
2-топ Балықшылар көлге ау салды. Сусыз өмір жоқ.
3-сайыс. Қызық сөздер сайысы.
.Екі жағынынанда оқысаңда бір сөз шығу.
1-топ: 2-топ:
Апа Тот
Ата Қалақ
Нан Ала
Аса Аса
Аша Шаш
Қазақ Көк
4-сайыс.
Қызық сөйлем сайыс. 1-топ:
1. Алмат Алматыда апасының ауылында.
2. Балжан Бейнеуге балаларына барды.
3. Санжар Семейде Сәкенге сеніп серуендеді.
4.Әжем Әселмен әндетіп Әсемге әтір әкелді.
5.Жанар Жанатпен жазба жұмысын жазды.
2-топ:
1.Қанат, Қайрат, Қайсар қаладан қатты құйған қарға қарама –қарсы қайтты.
2.Марат, М ұрат,Мәжит Мәскеудегі мейманхананы мүмкіндігінше мекендеді.
3.Кемел кемемен көпірге көп күттірмей Кеңеспен келді.
4.Ораз орманда ойланып, оюланған ойыншықтармен ойнап отыр.
Екі топтан 2 оқушы шығып жаңылтпаш айтып жарысады.
Мақал-мәтелдер айту жарысы. Екі топтан 2 оқушы шығып мақал-мәтел айтып жарысады.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін сөз тапқанға берейік.
Арамызда білгіш достар көп екен,
Оларды енді жарыстырып көрейік.
Таңдап алынған әріптер: А Б Ж С О Қ
Сұрақтар:
1. Балашақта кім боласың ?
2.Ауа райы қандай?
3. Сайысқа қайдан келдің?
4.Қандай жаман әдетің бар?
5.Жолда қалай жүруің керек?
6.Қай пәнді ұнатасың?
7.Бос уақытыңда не істейсің?
8.Отан үшін не істейсің?
9.Достарымызға не тілейміз?
Осыменен сабағымызды аяқтай отырып бүгінгі сайыста достық жеңді деп ойлаймыз. Еліміз аман,жұртымыз тыныш балсын –деп сабағымызды әнмен аяқтаймыз.
«Әрқашан күн сөнбесін»
Әрқашан күн сөнбесін,
Басым күн төнбесін.
Қасымда болсын аман,
Болайын менде аман.
Қордай ауданы Жамбыл ауылы. Ж Жабаев атындағы №26 орта мектеп.
Ержанова Гүлсім Бисенбаевна.
Тапқыр достар.
Пән аралық байланыс.
Сабақтың тақырыбы: Тапқыр достар.
Сабақтың мақаты:1.Оқушыларға тақырып туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың ойлау,сөйлеу,есте сақтау қабілет-
терін дамыта отырып,шапшаңдыққа,ұйымшыл-
дыққа пәндерді байланыстыра білуге баулу.
3.Оқушыларды достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ, жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақ өту.
Пәндермен байланысы: ана тілі, қазақ тілі,математика,дене шынықтыру,дүниетану,бейнелеу өнері,өзін-өзі тану.
Шаттық шеңбер жасау: Татуласу.
Әкел досым қолыңды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет кәне, соныңды.
Баққа бірге кірейік,
Татулықтың белгісі.
Кел қосылып күлейік,
Бәріміз бірге жүрейік.
Балалар ,біз сабақты бастамас бұрын мен сендерге сұрақтар берейін.
1. Дос дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Достық, татулық дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Достар қандай болу керек?
4.Адал достық дегеніді қалай түсінеіңдер?
5.Амал достық дегеніді қалай түсінеіңдер?
6.Достық туралы мақал-мәтелдер айтайық?
Жарайсыңдар балалар олай болса мен сендерге бір ертегі оқып берейін.
Көктем келді, күн жылынып,табиғат әсем күйге енді.Дала гүлге бөленді. Шалғынға құмырсқа келді.
Құмырсқа келіп жайбарақат отырса жаңбыр жауады,сол жерде саңырауқұлақ бар екен, сол жерде оған құмырсқа паналайды.
Құмырсқа саңырауқұлақтың панасында отыса сол жерге көбелек келеді.Көбелек құмырсқадан пана сұрайды.Құмырсқа көбелекке тапсырма береді. Егер шешек көбелек жаңбырдан пана табады.Біз оған көбелекке көмек берейік.
10
10
Жарайсыңдар балалар. Енді математикада логикалық есептер шешейік.
1.Бір жанұяда 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала б ар. (6 бала)
2.Екі әкесі, екі баласы үш алманы бөліп жеді.Алма қалай бөлінді?
(атасы, баласы,немересі)
3. 5жұмыртқа 12 минута піседі. 10 жұмыртқа ше?
(12 минут)
Құмысқа көбелекті саңырауқұлақ астына паналатты. Көбелек құмырсқаға да сендерге де рахмет айттолы.
Сол жерге торғай келіп құмырсқадан пана сұрайды. Құмырсқа торғайға сұрақтар береді. Біз торғайға көмек берейік.
Ребуты шешу
1.Жүз елу. 2.Бал арасы. 3.Таяуда.
Ребустың жауабына сөйлем құрау.
2.Берілген сөздерден я әрпін табу.
1 2 3
Торғайға құмырсқа пана береді. Торғай сендерге рахмет айтты. Балалар енді сол жерге қоян келді. Құмырсқа қоянға тапсырма берді. Біз қоянға көмек берейік.
1.Математикадан тапсыларма орындайық.
1.(10-6)+1= (7+2)+4= (6+4)-3=
(10+4)-6= (10-2)-2= 4+(7-3)=
2.Асанда 5 доп Қызыл гүл 6 Данада 10 шар
Маратта 7 доп Көк гүл 5 Анарда 3 шар
Барлығы-? Барлығы-? Барлығы-?
Балалар енді құмырсқа қоянға ана тілінен тапсырма беріпті,біз қоянға көмек берейік.
1.Ф. Оңғарсынованың « Білім керек бәріне» өлеңін жатқа айту.
Қоянға құмырсқа пана барді. Қоян бізге рахмет айтты.
Сол жерге түлкі келеді. Құмырсқа түлкіге де тапсырма берді. Балалар біз түлкіге көмек берейік.
Дүниетанудан тапсырма беріпті:
1. Адам сусыз қанша күн өмір сүреді?
2Адам ауасыз қанша күн өмір сүреді?
3.Адамға ең қажетті нәрселер?
4.Нан туралы тақпақ айт?
5.Көкжиек дегеніміз не ?
6.Тұсбағарды кім қолданады?
7.Сурет дегеніміз не ?
8.Сұлба дегеніміз не ?
9. Маштаб дегеніміз не ?
10.Ауаның қасиеті қандай?
11.Топырақ дегеніміз не ?
12.Топырақтың түрлері қандай?
13.Жапырақ күзде неге түседі ?
14.Өсімдік не керек?
15. Өсімдік нешеге бөлінеді?
Балалар енді біз дене шынықтыру жаттығулар жасап жіберейік.
Екі қолдың тұсында,
Екі қолды бүгіңдер.
Қолды созып алдыға,
Пойыз құсап жүріңдер.
2 тапсырма.
Дауысты дыбыс қанша?
Дауыссыз дыбыс қанша?
Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді
Енді балалар бәріміз күннің суретін салайық.
Міне жаңбыр басылды,аспан шайдай ашылды.Достар саңырауқұлақ астынан шықты. Бір-біріне қарасты,таңдана былай таласты.Біз бәріміз бір саңырауқұлаққа сыйдық, оның себебі біз достармыз ,көңіл сыйса бәрі сыйады.Балалар мен сендерге тапсырма берейін. Мына қима қағаздардың артында сөздер бар соны біріктіріп оқиық.
Біздер тапқыр достар
Бәрі:
Достар біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Жақсылыққа бақытқа,
Талаптан әр уақытта.
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша бау.
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын бізге ту да ортақ.
Енді балалар біз қайтадан шеңбер құрайық, бір-бірімізге тілектер айтайық.
Балалар біз бүгін не істедік? Саяхатха шықтық жолда достарға көмек бердік. Сабақ ұнады ма?