Тәрбиелік:ел рәміздерін дәріптей отырып,туған еліне деген мақтаныш сезімін ұялату
Сабақтың түрі : ашық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке дара,топпен
Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, карташалар,суреттер
Сабақ барысы: Ұйымдастыр кезеңі:
Психологиялық дайындық:
-Қыздар,бүгінгі көңіл-күйлерің қандай?
-Қыздар ,бізде бүгін ерекше күн себебі сабағымызға қонақтар келіп отыр, сондықтан сабақтан өз білімімізді көрсете білейік.
Өткенді қайталау: карташалар
Өткен сабақта не жайында айттық ? не білдік?
Жуан дыбыстарды ата
Жіңішке дауыстыларды ата
Жуан дыбыстар кездесетін сөздерге мысал келтір
Жіңішке дыбыстар кездесетін сөздерге мысал келтір
Мотивациялық кезең ( оқушы қызығушылығын ояту)
Мақта қыз:
-Достар! Ертегілер елінде дауыл болып ,көп нәрселерді түсінбей қалдым. Мына әріптер бір-бірінен айырылмай,тіркесіп жүр.Ең қызығы, дауысты дыбыстар бұлардың бәрінде кездеседі.Оқысам мағынасы түсініксіз.Сөз деп айтуға да болмайды,жеке әріп те емес.Бұлар нелер екен,достарым?Сендер қарап көріңдерші.
-Қыздар,бұлар нелер? Шынымен де ,жеке әріп те емес,сөзге де ұқсамайды.
Осы буындардан қандай сөздер құрауға болады.
пан ас қы
ран кіт бүр
Ендеше бүгінгі сабақта не жайында айтамыз Буын
Не білеміз?
Сөздің айтылуындағы дауыс толқыны буын дейді
Сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады.
Сөз буынға бөлінеді.
Сөз буынға бөлінбейді.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болмайды.
Буынның 3 түрі бар
Буынның түрлері жоқ
Дәптермен жұмыс
Доп Ұ-лу кі-тап ал-мұрт кө-бе-лек
Осы сөздерге сөйлем құрау.
Мақта қыз: Қыздар, менің тағы бір жұмбағым бар соны шешіп берсеңдер көп риза болып кетер едім
Ендеше тыңдайық. «С»-дан бастасаң,
Сұйық мөлдіреген
«Т» -дан бастасаң,
Маңдайшада желбіреген. Бұл не? /Ту /немесе /Байрақ/ деп те айтуға болады.
Ендеше қыздар мен сендерден көп нәрсе білдім көп рахмет
-Біз бүгін не жайында айтамыз?
Ту немесе байрақ деп те айтамыз. Ол не ?
Ол біздің рәміздеріміздің бірі?
Тағы қандай Рәміздерімізді білеміз?
Оқулықпен жұмыс:
1 ) Өлеңді мәнерлеп оқу
2) Тізбектеп оқу, Хормен оқу
3) Таныс емес сөздердің астын сызу
4) Сөздік жұмыс: Шаттық- адамның көңіл-күйі,қуаныш
Зеңгір –биік
Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
-Қазақстан байрағының түсі қандай?
-Қазақстан байрағында не бейнеленген?
-Ел рәміздеріне не жатады?
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Тез шынығып алайық
Шығармашылық диктант
1.Орын ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау.
Біз, доп, мектепте, ойнаймыз.
Сөйлемдегі сөздерді буынға бөлу.
Топпен жұмыс:
Бір буынды 5 сөз жазу. Екі буынды 5 сөз жаз.
Қорытындылау:
Бүгінгі сабағымызда не жайында айттық?
Не білдік?
Буынның қандай түрлерін білеміз?
Қандай өлең оқыдық?
Рәміздерге не жатады?
Үйге тапсырма: Отан туралы 3 мақал жазу. Оларды буынға бөлу Бағалау