kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "Етістікті? ша?тары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект урока по родному языку " Етістікті? ша?тары".Цель урока: познакомить с временными формами глагола.Задачи: формировать знания о временных формах глагола.Развивать орфографическую зоркость,умение и навыки использования в речи различных глагольных форм,наблюдательность,память,мышление.Воспитывать интерес к предмету. Формы обучения: групповые/ в парах/,коллективные, индивидуальные. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Етістікті? ша?тары" »

Тақырыбы: Етістіктің шақтары

Мақсаты: 1. Етістіктің шақтарымен таныстырып, осы шақ, өткен шақ, келер шақ

етістіктерді табуға және пайдалана білуге үйрету.

2. Сөздік қоры мен ойлау қабілетін дамыту.

3. Шапшаңдыққа, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас сабақ.

формасы: ұжымдық, топтық.

әдісі: түсіндірмелі-иллюстративтік, проблемалық, ізденушілік.

тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, өздігінше ізденіс.

Көрнекілігі: тірек-нұсқа, ИКТ

I. Ұйымдастыру кезеңі .

Оқушылардың сабаққа қатысы, кабинеттің сабақ жүргізуге мүмкіндігі.

Оқушыларды 3 топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

№399-ауызша тексеру.

III. Өткенді бекіту.

Мақсатым: Етістіктің жіктелуі туралы білімін тиянақтау.

1-тапсырма. Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?

Мысалы.

2-тапсырма. Сәтке қарап тұрмайсың,

Көңілді еді қыс қандай!

Шаңғыменен зырлайсың,

Қанат бітіп ұшқандай!

/Етістіктің қай жақта тұрғанын айтқызу.Жіктік жалғауларын атату/

3-тапсырма. Олар мәуелі бақты мейлінше шарлап жүр.

/Етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын анықтау/

IV. Жаңа тақырып .

Мақсат: етістіктің шақтарымен танысып, оларды сөйлемнен таба білуді

үйренеміз.

1. Кестемен жұмыс

/түсіндіру/

2. Ережемен жұмыс

/ережені оқушыларға шығарту/

3. Жаңа тақырыпты меңгергенін тексеру.

1) Тақтада: Қомпиып отырмын, жарды, елегізіп тұр, сөніпті, тоқып отырмын,

шапалақтады, бұйырды, шегелейді, өткізді, көбейеді, тұтанады.

1-топ: осы шақ етістікті теріп жазу.

2-топ: өткен шақ етістікті теріп жазу.

3-топ: келер шақ етістікті теріп жазу.

(Әр топ ауызша бір-бірден сөйлем ойлап, айтады)

2) « Тақия тастамақ » ойыны.

Мақсаты: әр топтағы оқушылардың шапшаң, тез ойлау қабілеттерін тексеру.

Шарты: бір оқушы өткен шақ етістікті атаса, келесі оқушы кідірмей өткен шақ

етістікті атауы қажет.

3) « Диалог –ертегі » ойыны .

Мақсаты: сөздік қорын жетілдіру.

Шарты: мұғалім бір сөйлем айтады. Әр оқушы байланыстырып жалғастыру

қажет.

Мысалы: 1. Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты.

2. Ол еркелікке салынып, үйден шығып кетеді де адасып қалады.

3. Адасып жылап отырған жерінен бір ешкі кездесіпті...

/Ойынды қорытындылап, әдемі, ұтымды айтылған сөйлемді табу.Әр

сөйлемнен етістікті тауып, түріне ажырату /.

V. Оқулықпен жұмыс .

1-топ: 408-жаттығу

2-топ: 409-жаттығу

3-топ: 411-жаттығу

VI. I) Үлестірмелі топтамалармен жұмыс.

1-топ: Сөйлемдерді оқып, етістіктердің қай жақта, қай шақта тұрғанын айт. Жіктік

жалғауының астын сыз.

Мен жазып отырмын. Сен жазып отырсың. Сіз жазып отырсыз. Ол жазып

отыр. Біз жазып отырмыз. Сендер жазып отырсыңдар. Сіздер жазып

отырсыздар. Олар жазып отыр.

/Бұл етістіктер дара ма, күрделі ме?/

2-топ: Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойып, өтірік жаңылтпашты жаз.

Құлынның тұлымын

Бұрымыммен тара ... .

Шынының сынығын

Шұлығыммен жама ... .

3-топ: Төмендегі етістіктерді осы шақта айт. Жина, ер, тара, шеш.

II) « Қай қатар шапшаң? »

Әр топқа сюжетті суреттер беріледі.

1-топ: Сөйлемдерді осы шаққа қойып айтады.

2-топ: Сөйлемдерді өткен шаққа қойып айтады .

3-топ: Сөйлемдерді келер шаққа қойып айтады.

VII. Қорытынды.

Не білдім?

Нені білуім керек?

VIII. Бағалау. /дұрыс берілген жауапқа фишка беріліп отырды.

Жинаған фишкаға қарап, топтарға баға беріледі./

IX. Үйге тапсырма.

Ережені жаттау. « Түлкі мен жолбарыс » ертегісін оқып, етістіктерді теріп жазу, қай

шақта тұрғанын табу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ашы? саба? "Етістікті? ша?тары"

Автор: Османова Фарида Шавкатовна

Дата: 13.02.2015

Номер свидетельства: 172283


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства