kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

(ашы? саба?) Дара ж?не к?рделі етістік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырып.Дара ж?не к?рделі етістік.

Ма?саты:1)Дара ж?не к?рделі етістік туралы ??ым бере отырып,о?ушыларды? ?здіктерінен ж?мыс істеу ?абілеттері мен ой-?рісін дамыту.

                 2)Сауатты жазу?а,жылдам ойлау?а да?дыландыру.

                 3)??ыптылы??а,бай?а?ышты??а т?рбиелеу.

Т?рі:жа?а саба?.

?дісі:ой ?оз?ау,с?ра?-жауап,ойын,тест.

 

К?рнекілік:киіз ?й ??рамы,семантикалы? карта,с?здер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«(ашы? саба?) Дара ж?не к?рделі етістік »

Қазақ тілі 2 сынып

Тақырып.Дара және күрделі етістік.

Мақсаты:1)Дара және күрделі етістік туралы ұғым бере отырып,оқушылардың өздіктерінен жұмыс істеу қабілеттері мен ой-өрісін дамыту.

2)Сауатты жазуға,жылдам ойлауға дағдыландыру.

3)Ұқыптылыққа,байқағыштыққа тәрбиелеу.

Түрі:жаңа сабақ.

Әдісі:ой қозғау,сұрақ-жауап,ойын,тест.

Көрнекілік:киіз үй құрамы,семантикалық карта,сөздер.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі(психологиялық дайындық)

Әрбір адам-туыс,туған,жұрағат!

Әрбір сабақ-үйрену,ұғу,ұлағат!

Әрбір ісің-бірлік,тірлік,адамдық!

Әрбір сөзің-шындық,ақтық,адалдық!

ІІ.Кіріспе бөлім.

-Балалар,қазір қай жыл мезгілі?

-Әр мезгілде қанша ай бар?

-Көктем айларын кім атап береді?

-Наурыз айында қандай мерекелер бар?

-Наурыз қандай мереке?

-Наурыз мерекесінде алаңға киіз үй тігіледі.Олай болса,бүгін сабақта біз киіз үй тігеміз.

-Киіз үй түрлерін кім айтып береді?

(Құрылысына тоқталамыз)

ІІІ.Көркем жазу. Күн ретін жазу.

Жұмбақ шешу:Көліксіз өмір сүрмейді,

Ғұмыры жаяу жүрмейді.(ер-тоқым)

Жазу:Ее

Ер

ІҮ.Сөздік жұмысы.Көру диктанты ретінде жазу.(Әр сөздің тапсырмасы бар)

Уық - көліксіз сөз құрамына талдау;

Кереге -жаяу сөзінде неше дыбыс;

Түндік - өмір сөзіне дыбыстық талдау жасау;

Шаңырақ -жұмбақтағы етістіктерді ата;

Сықырлауық -жүріп келеді дара етістік пе әлде күрделі етістік пе?

Белдеу - ер-тоқым сөзімен сөйлем құра.

Ү.Жаңа тақырып.

1)1 тапсырма. «Керегесін керу». «Кереге» өлеңін оқу.

-Сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу.

Күр...ді,үйд...,құйд...,сүзд...,ұшт... .

-Берілген етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жазу.

2)2 тапсырма.Сергіту сәті. Мынау мектебің,класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

3)3 тапсырма. «Шаңырақ көтеру» «Шаңырақ» өлеңін оқу.

Оқулықпен жұмыс: 352-жаттығу.

-Сөйлемдерді көшіріп жазу,етістіктердің астын екі рет сызу.

-Қайсысы дара,қайсысы күрделі етістік?

4)4 тапсырма. «Уықтарын қадау» «Уық» өлеңін оқу.

Жекелей жұмыс «Біліміңді көрсет»

Семантикалық карта.

Етістік

дара

күрделі

бара жатыр



келді



оқып отыр



ұшады



5)5 тапсырма. «Есік орнату» «Үзік пен бақан» өлеңін оқу.

Шығармашылық жұмыс.

«Шаңырақ» -сөзіндегі әріптерден сөз жасау.

ҮІ.Қорытынды. «Киізін жабу»

Тест сұрақтарына жауап беру.

1.Зат есімнің сұрақтарын тап.

А)Кім?Не?

Ә)Не істеді?Не қылды?Қайтті?

Б)Қандай?Қай?

2.Етістіктің сұрақтарын тап.

А)Кім?Не?

Ә)Не істеді?Не қылды?Қайтті?

Б)Қандай?Қай?

3.Етістіктер қатарын тап.

А)ана,бала,әке

Ә)ақ,қалың,биік

Б)оқыды,жазды,биледі

4.Шешен сөз бастар,

Батыр қол ... .

А)тастар

Ә)бастар

Б)қостар

ҮІІ.Үй жұмысы:356-жаттығу

ҮІІІ.Бағалау.













































«Әжелер сайысы» сыныптан тыс іс-шара.

Мақсаты:1)Әжелерге деген сүйіспеншілікке баулу,әже еңбегін құрметтей,ардақтай білуге тәрбиелеу;

2)Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие,салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтауға,білуге,құрметтеуге баулу.

Көрнекілік:шарлар,нақыл сөздер,түрлі түсті қағаз.

Жүргізуші:Құрметті асыл аналар,әжелер,қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар!Көктемгі гүлдей жарқырап,гүл мерекелеріңіз,күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Ал,құрметті қауым, «Әжелер сайысы» байқауын бастаймыз.

Байқауымызды бастамас бұрын,біздің байқауымызға төрешілік етуші әділқазылар алқасын тағайындап алайық.

Уа,халайық,халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Наурыз тойын бастайық.

Наурыз тойға арналған,

Сайысты біз бастайық.

Мың бұралған әжелер аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Әжелерін сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Ортаға әжелерді шақырамыз.

І кезең.Таныстыру.

Әжелер келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдетпен,ізетпен танысуға.

ІІ кезең. «Шебер қолдар»

-Қағаздан ою ойып,қиып алу.

ІІІ кезең. «Аспазшы»

Әжелер үйде әзірлеп әкелген тағамдарының дайындау рәсімін айтып береді.

ІҮ кезең. «Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар» демекші,сайысымыздың келесі кезеңінде әжелердің білімін сынайық.

Мақал-мәтел сайысы.(кезектесіп айтады)

Ү кезең. «Білімдіден ақыл шығар,ақылдыдан нақыл шығар».

Жағдаяттар шешу.

1.Немереңізді қандай жағдайда мадақтайсыз,қандай жағдайда жазалайсыз?

2.Немереңізге әке-шешесі тәртіп шарасын қолданса,сіз араға түсесіз бе?

3.Ананың ақ сүтін ақтау дегенді қалай түсіндіресіз?

4. «Батамен ел көгереді» деген сөз бар.

Бата берудің мәнісі неде деп ойлайсыз?

5.Отбасыңызбен газет-журналға жазыласыз ба?Балаңыз қандай газет-журнал,кітаптар оқиды?

ҮІ кезең. «Ата мұрасы –асыл қазына» кезеңі бойынша әжелер салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап береді.

1.Қымызмұрындық дегеніміз не?

2.Саумалық дегеніміз не?

3.Сабантой дегенді қалай түсінесіз?

4.Шарғы деген не?

5.Наурыз мерекесі қандай мереке?

ҮІІ кезең. «Өнерлі өрге жүзер» демекші,ең соңғы кезең

«Өнер көрсету»сайысы.

Жүргізуші:Осымен әжелер 7 кезеңнен сүрінбей өтіп,өздерінің бойларындағы қасиеттерін көрсетті..Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

Қазылар алқасының қорытындысын тыңдау.

Жүлдегерлер анықталып,марапатталады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
(ашы? саба?) Дара ж?не к?рделі етістік

Автор: Калижанова Айнагуль Рамазановна

Дата: 12.01.2015

Номер свидетельства: 153521


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства