kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?: "Ауа, оны? ?ажеттілігі" Айналада?ы ?лем п?ні

Нажмите, чтобы узнать подробности

?айранбаева Гулшат Болатовна - дефектолог м??алім. Білімі жо?ары. Семей мемлекеттік педагогикалы? институты 1990-1995жж. Павлодар мемлекеттік педагогикалы? институты 2013-2015 жж. Е?бек ?тілімі: 17 жыл. Ж?мыс орны: Семей ?аласында?ы "?осал?ы мектеп - интернаты"КММ. ?ылым ж?не білім ?ызметкерлеріні? ІІІ Республикалы? съезіні? делегаты. Ы.Алтынсаринны? атында?ы т?с белгіні? иегері. "Т?рбиеші - мейірімді ж?рек" облысты? сайысыны? І орын ж?лдесіні? иегері. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?: "Ауа, оны? ?ажеттілігі" Айналада?ы ?лем п?ні»

Қайранбаева Гулшат Болатовна

«Қосалқы мектеп – интернаты»КММ

Семей қаласы


Айналадағы әлем пәнінен ашық сабақ. 3 сынып.

Тақырыбы: Ауа, оның қажеттілігі.

Мақсаты: Ауа және оның қажеттілігі туралы түсінік беру.

1.Білімділік: Ауаның қасиеті туралы білімдерін тереңдете отырып, тіршілік үшін маңызымен таныстыру, ауаның орын алатыны туралы, оның жер үстіндегі қозғалысы туралы түсініктерін қалыптастыру.

2.Түзету – дамытушылық: Сөйлеу тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Салыстыру және қорытындылау біліктілігін арттыра отырып, дүниетанымын кеңейту.

3.Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, ұқыпты қарауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың тегі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың әдіс – тәсілі:
әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндірмелі-зертханалық, сатылай талдау технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі, құрал - жабдықтары: Сызба, карточкаға жазылған сөздер, тәжірибеге керек: шар, су толы стақандар, шырын ішетін трубочка, сытырлақ дорба, қағаз қайық, шұңғыл ыдыс толы су, май шам, шыны банка, доп.

ТҚЖ: Экран, ноутбук, проектор, слайд, видео материал.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

А)Амандасу.

Ә)Психологиялық бағыт беру.

Б)Дұрыс сөйлеу минуты: Балалар хормен айтады.

Қоршаған орта табиғат,

Жануар, өсімдік, адамзат,

Сүю, қорғау-парасат

Білейік мұны жамағат.

ІІ.Негізгі бөлім:

1.Үй тапсырмасын тапсырмасын тексеру: Сұрақ – жауап жүргізу.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Қыс қызықтары.

-Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Күн суытады, қатты аяздар болады, боран соғып, қар жауады.

-Қандай қысқы ойын түрлерін білеміз?

-Шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз, қар лақтырып ойнаймыз, қардан әртүрлі мүсіндер жасаймыз.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, қардың мол жауғаны пайдалы ма?

-Пайдалы. Қар көктемде ериді. Мол су жерді жақсылап суғарады. Ол шөптің жақсы шығуына себепші. Астық, көкөніс – жемістер жақсы шығады.

Балалар «Қыс қызығы» тақырыбына үйден салып әкелген суреттерін тапсырады.

2.Қызығушылықты ояту: Музыка ойнайды. Видео материал қосылады.

Балалар видео материалды қарайды, мұғалім «Көрінбейтін сиқыршы» туралы әңгімелейді.
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен біз күнделікті кездесеміз. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайыңда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді, гүлдерді, ағаштарды байқайсың. Міне, ол ашық тұрған терезеден ішке енді, пердені сәл ғана сүйкеп өтті. Ол да тербеліп сала берді. Ол сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің. Бірақ ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

-Балалар, ол не? Айта қойыңдаршы. (ауа)

3.Жаңа сабақ түсіндіру:

-Балалар, ауа адам өміріне не үшін қажет?

-Демімізді ішімізге ұстап қанша уақыт тыныс алмай тұра аламыз?

-Қане, тексеріп көрелік. (Балалар мұрындарын қысып, демдерін іштеріне тартып тыныс алмай тұрады).

Слайд қосылады. Сызба көрсетіледі. Мұғалімнің түсіндірмесі:

- Балалар, ауа адамға, жануарларға, өсімдіктерге, жәндіктерге тыныс алу үшін, яғни тіршілік үшін қажет. Ауа түссіз, иіссіз, салмағы бар, пішіні жоқ, мөлдір газ. Ол жылы, суық болады, қысылады, серпіледі. Жер шарын ауа қоршап жатыр, ол әртүрлі газдардан тұрады. Бұл жөнінде сендер жоғарғы сыныпқа барғанда оқисыңдар. Ауа қабаты жерді күннің көзінен, сәулесінен қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі жер бетін түгел күйдіріп жібереді.

-Балалар, ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Ауаның барлық жерде бар екенін білеміз. Сынып бөлмесі де ауаға толып тұр.

- Мен қолыма бір затты алдым. Оны кітаппен сендерге көрсетпей жасырдым. Сендер көре аласыңдар ма?

-Жоқ.
- Ал, сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
- Иә.
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көре алатынымыз дәлел.
- Бөлме өсімдіктері қандай түсті?
- Жасыл.
- Тақта қандай түсті?
- Жасыл.
- Ауа қандай түсті?
- Ол түссіз. Иә, бұл ауаның тағы бір қасиеті.
-Сендер әртүрлі бөлмелерде әртүрлі иіс бар екенін сезесіңдер. Ас бөлмеде тамақтың, дәріханаларда дәрінің иісі бар. Иісі бар заттардың бөлшектері ауамен араласып кетеді. Ал таза ауаның иісі бар ма?
-Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз.
-Сонымен бірге ауа серпіледі, сығылады.
Допты алайық. Доптың ішінде не? Ауа. Оны қолыммен қысамын. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа қысылады. Қолымды жіберсем, серпіліп орнына келеді. Серпіліп тұрған оның ішіндегі ауа. Бұл ауаның тағы бір қасиеті.

-Балалар, жел ауа ағысы. Шынымен солай ма? Тексеріп көрелік.

-Алақандарыңды беттеріңнің дәл алдынан желпілдетіп қозғаңдар. Біз бетімізге сәл жел соққанын байқаймыз. Бұл тербеліске түскен ауа екен. Яғни, жел ауа ағысы.

Слайд қосылады. Тәжірибе №1 орындалады. Балалар алдарындағы стақандағы суға шырын ішетін трубочканы салып, жел үрлейді.

-Балалар, біз не істедік?

-Жел үрледік.

-Суда не пайда болды?

-Ауа көпіршіктері.

-Біз аузымызбен ауа үрледік, ол жел ағысына ұласып, су бетінде ауа көпіршіктері пайда болды.

Слайд қосылады. Тәжірибе №4 орындалады. Су толы шұңғыл ыдыс қойылады. Ішіне қағаз қайық жіберіледі. Балалар, тақап келіп ауыздарымен жел үрлеп қайықты орнынан жылжытады.

-Біз не істедік? Қайық қайтті?

-Жел үрледік. Қайық орнынан қозғалды.

-Дұрыс айтасыңдар. Біз аузымызбен ауа үрлеп, жел соқтырдық. Ол қайықтың қозғалуына себепші болды. Бұл ауаның тағы бір қасиеті.

«Шар жарылды» ойыны ойналады. Ойынның барысы: Балалар шарды қалай үрлейміз? Қане, шар үрлейік. Балалар шар үрлегендей «Пуф, пуф, пуф» деп шеңберді кеңейтеді. Мұғалім: «Шар жарылды» - дегенде, «Пш»- деп шеңберді кішірейтеді. Осылай бірнеше рет қайталанады.

-Балалар, ауа орын алады. Шынымен солай ма? Тексеріп көрелік.

Слайд қосылады. Тәжірибе №1 орындалады. Балалар шарды үрлейді, соңынан желін шығарады.

-Біз не істедік? Шардың ішіне не толды?

-Шардың ішіне ауа толды.

-Үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті?

-Яғни, үрлегенде шардың ішіне ауа толып, ауа шардың көлемін үлкейтті. Шардың ішіндегі желді шығарғанда ол бастапқы қалпына келді.

Слайд қосылады. Тәжірибе №2 орындалады. Сытырлақ дорбаны үрлеп ауа толтырамыз. Аузын қолымызбен бекітеміз.

-Біз не істедік? Енді дорбаны жайлап қысамыз.
- Тез қысылама? Неге?

-Өйткені, онда ауа толып тұр. Ауа орын алады екен. Бұл ауаның тағы бір қасиеті.

Сергіту сәті орындалады.
Саусақпен мұрын қысайық,
Әншіге біраз ұқсайық.
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екен ұғайық.
- Балалар, сергіту сәтін жасағанда дыбыс неге дұрыс шықпады?
- Ауа аузымыз арқылы ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.

-Балалар, оттың жануы үшін де ауа қажет екен. Шынымен солай ма? Тексеріп көрелік.

Слайд қосылады. Тәжірибе №5 орындалады.

Мұғалімнің басшылығымен тәжірибе жасалады. Жұмыс майшаммен жүргізілетін болғандықтан, қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуы тиіс.

Тәжірибе барысы: Мұғалім жанып тұрған май шамның үстіне банка жабады. Ол бірнеше секундтардан соң өшіп қалады. Яғни, банканың ішінде шырақтың жанып тұруына қажетті нәрсе жоқ. Ол ауа.

-Бұл сонда нені білдіреді? Ауа тек дем алу үшін ғана емес, оттың жақсы жануы үшін де қажет.

-Балалар, тағы да бір тәжірибе жасайық.Тәжірибе №6.

-Қараңдар, мен тарелкадағы қағазды сіреңкемен тұтаттым. Жанып жатыр ма?

-Жанып жатыр.

-Енді оны банкамен жабамын. 1, 2, 3.... өшіп қалды.

-Қағаз әлі толық жанып біткен жоқ. Ал, от болса өшіп қалды. Неге?

-Ауасыз от жанбайды.

-Балалар, «Ауа таза болсын» дегенді қалай түсінесіңдер? Ауаны неден қорғауымыз қажет?
-Күнделікті завод, фабрикалардың мұршаларынан шыққан түтін қаламызды ластайды. Біз ауаны ластанудан қорғауымыз қажет. Ол үшін біз өсімдіктерді, ағаш, гүлдерді көп өсіруіміз керек. Оларды күтіп қарауымыз керек. Өсімдіктер шаң – тозаңды бойына сіңіріп, таза ауа бөліп тұрады. Ал таза ауа ең бірінші біздің денсаулығымызға пайдалы.

4.Сабақты бекіту. Сатылай талдау технологиясы арқылы бекіту.

Мұғалім тақтаға «ауа» деген сөз жазылған сызбаны іледі. Балалар ауаның қасиеті, қажеттілігіне қарай басқа сөздерді сызбаға орналастырады.

Ауа

Тыныс алу үшін.

Мөлдір және түссіз.

Пішіні жоқ.

Қысылады, серпіледі.

Оттың жануы үшін керек.

Таза ауада иіс болмайды.

Ауасыз адам, жануар және өсімдік өмір сүре алмайды.

Қосымша:

Кез келген заттың бойында ауа болады.

Екі оқушыны тақтаға шығарып, суы бар екі стақан беру. Суға қантты салады. Не байқап тұрсыңдар?
-Қанттан көпіршік шықты, бұл ауа көпіршіктері, кез келген заттың бойында ауа бар екен. Бұл қанттың бөлшектерінің құрамындағы ауа екен.

ІІІ.Қорытынды бөлім:

1.Үйге тапсырма: Тәжірибе жасау: Екі бөтелкеге су құйып алып, аузын мықтап бекітіңдер. Кешке қарай бір бөтелкені қардың астына, екінші бөтелкені қардың үстіне қалдырыңдар. Ертеңіне бөтелкелерді келіп қараңдар. Қар астында қалған бөтелкедегі судың қатпағанын көресіңдер. Қардың үстінде қалған бөтелкедегі судың қатып қалғанын көруге болады. Шынымен солай ма екен? Оны өздерің тексеріңдер. Неге? деген сұраққа жауап беруге дайындалыңдар. Ауа жылы, суық болады дегенге жауап іздеңдер.

Ескерту: Балалар бұл тәжірибені жасамас бұрын біздің өткен аптада «Ана тілі» пәнінен оқыған Құрманбай Толыбаевтың «Қар астындағы ұялар» әңгімесін еске түсіріңдер.

-Құстар, аңдар қыстың қақаған аязынан неге қар астына тығылды?

-Өйткені, қалың қардың астындағы ауа жылы болады. Ол қар астында қалған көп жылдық өсімдіктерді де үсіп кетуден қорғап тұрады.

2.Сабақты қорытындылау.

-Қандай тақырыппен таныстық?

-Ауа қандай?

-Ауа бізге не үшін қажет?

-Оның тағы қандай қасиеті бар?

-Оны бақылау үшін біз сабақта не істедік?

3.Оқушылардың іс -әрекетін бағалау, мадақтау.

4.Сабақты аяқтау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ашы? саба?: "Ауа, оны? ?ажеттілігі" Айналада?ы ?лем п?ні

Автор: ?айранбаева Гулшат Болатовна

Дата: 28.02.2016

Номер свидетельства: 300046


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства