kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?. Ата?а не ?ылса?, алды?а сол келер. 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тема урока "Ата?а не ?ылса?, алды?а сол келер". Этот урок предназначен для четвертого класса с казахским языком обучения. Цель данного урока - это расширить понятие о воспитанности, этики, а также воспитать уважение к старшим. Форма деятельности учащихся проходит в виде групповой работы. Ученики делятся на пять групп. На уроке используются различные методы обучения. Например, мозговой штурм, работа с учебником, самостоятельная работа, ораторское искусство.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. Ата?а не ?ылса?, алды?а сол келер. 4 сынып »

Ашық сабақ

4 сынып

Дүниетану

Сабақ тақырыбы «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер»

Сабақ мақсаты: Үлкенді сыйлау, әдептілік әліппесі туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік:

Сыйластық, әдептілік жайында мағлұмат алып, осы қасиеттерді күнделікті өмірде қолдануға жаттығады. Мәтінмен, сюжетті суреттермен жұмыс жүргізе отырып, тақырыптың мазмұнын түсінеді. Мақал-мәтелдер оқып, оның мағынасын ашып әңгімелейді, мысалдар келтіреді.

Дамытушылық: Түрлі танымдық тапсырмалар арқылы алған түсініктерін толықтырады, өздігінен қорытынды шығара білуге, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Шығармашылықпен жұмыс жүргізуге бейімделеді. Сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамытуға тырысады.

Тәрбиелік: Көркем, орамды сөйлеуге, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, әдептілікке, үлкенді сыйлауға, кішіні құрметтеуге, рухани-адамгершілікке тәрбиеленеді.

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері (галлереяға саяхат, Джиксо1, бір айналым сөйлеу, топтастыру, топпен, жұппен жұмыс), сұрақ-жауап, талдау әдістері.

Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: кеспе суреттер (бәйтерек ағашы, жүрек, жапырақтар, күн), интерактивті тақтада даярланған флипчарттар, мақал-мәтелдер, өлең, үнтаспа, фильм.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Қызығушылығын ояту.

  • Балалар көздеріңді жұмып, іштей жақсы сөздер ойлаңыздаршы. (Ойлаған жақсы сөздерін бір-біріне айтады.)

  • Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстағанда нені сеземіз?

  • Бір-біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңізден нені байқап тұрсыздар?

(Жақсы көңіл-күйді, қуанышты, сыйластықты, мейірімді көріп тұрмыз)

  • Осындай мейіріммен бүгінгі сабақты бастайық.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Бүгінгі сабақтың мақсатында балалар, бір-бірімізді тыңдап, ойымызды еркін жеткізе білуге, ойын ойнап, топпен, жұппен жұмыстар жүргіземіз. Сабаққа жақсы қатысып, өз білімін корсеткен оқушылар тиісті бағалармен бағаланады. (Ережемен таныстыру, ереже тақтада жазылып тұрады).

  1. Үй тапсырмасын тексеру 3 минут

Балалар үйден даярлап келген жұмыстарын (өз жұрты, нағашы жұрты туралы) тақтаға іледі. Оқушылар көрмеге саяхат жасайды. Өзіне ұнаған суретке өзінің тілегін жазады.

Бір, екі баладан ауызша үй тапсырмасын сұрау, көрмені қорыту.

  • Өз жұртым деп кімдерді айтады екенбіз?

  • Қайын жұрт деген қандай туысқандық атау?

  • Нағашы жұрт деген кімдер болады?

  • Мінеки, балалар, сіздер «Ел тану» бағдарламасымен таныс бола бастадыңыздар.

  1. Жаңа сабақ (25 минут)

Мағынаны таныту

  • Қазір, бәріміз бірге мына өлең шумағын оқып көрелік

Сыйластық – ол-дағы

Адамдықтың белгісі.

Оған бейім болғаны

Ар-ұяты мол кісі.

Әдептілік – инабат,

Жарасатын ісіңе,

Парыз:қартты сыйламақ,

Қамқор болып, кішіге.

  • Бұл өлеңде ақынның негізгі айтайын деп тұрған пікірі қандай?

  • Өлеңдегі қандай сөздер ерекшеленіп жазылып тұр?

  • Ендеше 2 топ сыйластық деген сөзді, ал қалған 2 топ әдептілік деген сөзді қалай түсінетіндеріңізді бір-бір ауыз сөзбен айтып шықсаңыздар (Бір айналым сөйлеу).

Сіздер, сыйластық және әдептілік жөнінде өз ойларыңызды білдіріңіздер. Рахмет, балалар. Сіздер әр топта 5 баладан отырсыздар. Бұл сіздердің жанұяларыңыз. Қазір сіз басқа жанұяға барып, жаңа мағлұматтар аласыз, оны жақсылап түсініп алуыңыз керек. Өз жанұяңызға қайта оралғанда сол мағлұматпен өз тобыңызды таныстыруыңыз қажет. Енді 1,2,3,4,5 деп кезек-кезек санап шығамыз. Айтқан саныңызды есте сақтаңыз. (Оқушылар осылайша 5 топка бөлінеді. Мәтіннің 5 бөлігі 5 топка мағынаны тануға беріледі. Джиксо1).

І топ. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген мақалды қалай түсінесің? Өз пікіріңізді білдіріңіз.

ІІ топ. Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау ең алдымен – әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамжарды сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді. Оны бағып-қағып, тәрбиелеп өсіреді. Білім береді. «Болашағым», «өмірімнің жалғасы» деп үміт күтеді, мәпелейді. Азамат болып, үй ішінің қамқоры болады деп сенім артады.

ІІІ топ. Біздің халық амандасқанда: «Бала шағаң аман ба? Үлкен жігіт болды ма?» - деп сұрайды. Жігіт болу ол тек жасына қарай айтылмайды. Ісіне байланысты да «Жігіт болған екен», - дейді. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса, жігіт болғаны. Ата-ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ, олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Әрбір қиын істің шешімін ең алдымен ата-ана табады. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отырған орынды.

IV топ. Осы туралы аңыз бар. Ертеде бір елдің ханы: «Қартайған әкелерін балалары биік құздан құлатып өлтірсін!» деген жарлық беріпті. Халық осы жарлықты орындапты. Бір жас жігіт өзінің әкесін құз басына әкеліп, итеруге дайындала бергенде әкесі күліпті. Бала таңданып: «Әке неге күлесің?» деп сұрапты. Сонда әкесі: «Менде сен сияқты осыдан көп жылдар бұрын әкемді құздан итеріп едім. Міне, енді өзімнің басыма сол келген соң күлемін депті», Мұн естіген баласы әкесін өлтірмей, ханнан жасырып бағыпты, Кейін еліндк бір қиын жағдай болғанда хан бүкіл халқын жинап ақыл сұраса, ешкім ақыл бере алмапты.

V топ. Сонда жігіт әкесіне келіп не болғанын айтқанда, әкесі қиындықты жеңудің шешімін тауып береді. Сөйтіп елін аман сақтап қалады. Бұған риза болған хан қартайған адамдарды өлтірмей, қайта олардан ақыл-кеңес сұрап отыру керектігін заңдастырыпты.

Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. «Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды» деп бекер айтылмаған. «Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген де осыдан шыққан. Атан-ананың ісінен көпті үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін де бойға сіңіре білу – әр баланың парызы.

Іштей оқу; (сөздік жұмысы қатар жүреді тақтаға сөздердің мағынасы жазылады) жұпта талдау; топта талдау; беріледі. (Уақытты оқушыларға ескерту) Мәтінді дауыстап, түсініп оқыту. Жанұямызға ораламыз. Алған түсінігімізді бір-бірімізге әңгімелеп береміз.

Оқулықпен жұмыс

Мәтіннің соңында берілген сұрақтарға оқи отырып, жауап береміз.

Дәптермен жұмыс.

  • Дәптерімізді ашып, қолға қалам алып, жазу ережесін еске түсіріп көркемдеп жазамыз. Бүгінгі күнді; жаңа тақырыптың атын; мәтіндегі кездесетін мақал-мәтелдерді жазу. (Оқи отырып, жазу);

  • Тағы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?

Интерактивті тақтада даярланған флипчарттан мақал-мәтелдер көрсетіліп, мағынасын түсіндіріп, әңгімелеп беру тапсырылады.

  • Әдептіліктің белгісі – иіліп салем бергені;

  • Сыйласаң, сыйлы боларсың;

  • «Сіз» деген – әдеп;

  • «Біз» деген – көмек.

Сыныппен жұмыс. Интерактивті тақтадан фильмнің үзіндісі көрсетіледі. Мағынасын, негізгі ойын әңгімелейді. (Мен не істер едім? – деген сұраққа өз пікірін білдіреді, өз отбасындағы сыйластық жайлы мысал келтіреді. Проблемалық сұрақтарға өз өмірінен мысал келтіре әңгімелейді.)

Тақтаға жапырақсыз бәйтерек ағашының суреті ілінеді.

  • Сіздер алдыларыңыздағы жапырақтарыңызды алып, өзіңіздің ата-анаңызбен, ұстазыңызбен, достарыңызбен, айналаны қоршаған ортамен қандай қарым-қатынаста болғыңыз келеді? Соны қысқаша жазыңыз.(Болған оқушы жапырағын бәйтерек ағашының бұтақтарына іліп қояды.) мұғалім бірге жазып, іледі.

  • Балалар, жапырақсыз ағаштың бейнесі қанда, қазіргі бейнесі қандай салыстырайықшы?

  • Неге?

  • Кімдер көмектесті?

  • Қалай?

  • Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?

(Тек адамдармен ғана сыйласып қоймай, айналамызды қоршаған ортамызға көңіл бөліп, жылы лебізімізді білдіріп, сыйластықпен, мейірімділікпен қарасақ, оларда бізге бар әдемілігін тарту етеді.)

  • Барлықтарыңыздың жүректеріңізден шыққан тілектеріңіз сол кісілердің жүректерінен орын алатынына мен сенімдімін. (бәйтерек ағашының тұсына жүрек ілінеді).

  1. Үйге тапсырма 2 минут

120-121 беттегі берілген мәтінді түсініп оқу, әдептілік тақырыбына мақал-мәтелдер жинақтау. (өздеріне таңдату) «Сыйласымдалық» деген сөзді қалай түсінесің өз ойыңды білдіріп, шағын эссе жазыңыз.

  1. Сабақты қорыту 10 минут

Ой толғаныс

4 топқа 4 тапсырма беріп, сабақты қорыту.

1-топ.

Р – кітап

А – балалар

Ф – ертегі

Т – достық


2-топ. «Үлкенге құрмет» эссе жазу


3-топ. Көрініс көрсету (Әңгіме беріледі).

Бір отбасында атасы, баласы, келіні, және немересі өмір сүріпті. Атасы қартайып, қолы дірілдеп, берген тамақты төгіп, ыдысты сындырып алатын болыпты. Оған ашуланған келіні атасына ағаш ыдысқа тамақ құйып береді. Әйеліне баласы үндемейді. Бір күні қарияның немересі ағаш жонып отырса, қасына шешесі келіп:

  • Балам, сен не істеп отырсын, қолыңды кесіп аласыңғой дейді.

  • Бала: - Ыдыс жасап отырымын, - дейді.

  • Шешесі: - Оны қайтесің?

  • Бала: - Әкем екеуіңе қартайғанда, осы ыдысқа тамаққұйып беремін, - дейді.

  • Шешесі қателігін түсініп; сол күннен бастап, атасына дұрыс қарайтын болады.


4 топ. Әңгімедегі кейіпкерлер туралы өз пікірін айтады. (Мәтін беріледі)


Мейірім

Сабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Мектепке жайбарақат келе жатқам. Бір үйдің бұрышынан өте бергенде, үрейлене жылаған баланың даусын естідім. Қасына барсам, басы үлкен, құлағы салпиған қара күшік кішкентай қыз баланың жолын бөгеп алған. Шәуілдеп жүргізер емес. Күшікті ... (өзіңіз аяқтап көріңіз) (Қорыту).

  • Балалар, күннің орнында болсаңыздар, жан-жағыңызға қандай жылылық сыйлар едіңіздер, ойларыңызды айтыңыздаршы.

Мейірімді, қайырымды, әдепті, адал, үлгілі, тәртіпті, инабатты, кішіпейіл.

Оқушылар өз пікірлдерін қорытып айтады (Отбасымызды, бір-бірімізді сыйлағанда, ғана осы аталған қасиеттер сақталып қалмақ. Үлкендерді сыйлап, тыңдасақ, бізді де ұрпағымыз сыйлайды).

  • Біз күнделікті өмірде қандай болуды естен шығармауымыз керек екен?

  • Әдепті болуды, үлкенді сыйлауды, кішіні тыңдауды, ата-ананы құрметтеуді, досымызды бағалауды жадымызда ұстауымыз керек.

  1. Бағалау (3 минут)

Өзін-өзі бағалау парағына оқушылар өздері бағалайды, мұғалім оқушылардың пікірін тыңдап, өзінің бағалау парағымен салыстырып отыры, қорытынды баға шығарады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба?. Ата?а не ?ылса?, алды?а сол келер. 4 сынып

Автор: Жаксылыкова Райхан Молдахметовна

Дата: 10.10.2014

Номер свидетельства: 117855


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства