Балалар д??гелене т?рып, ?р бала ?здеріні? с?йікті аналары туралы ойлап, аналарыны? ?здерін ?алай еркелететінін айтады. Мысалы: Мені анам: «айым, к?нім, боташым, а?ылдым», - дейді.
2. Кіріспе б?лім.
К?ктемде болатын мерекелер туралы ??гіме ж?ргізу.
3. Негізгі б?лім.
а) Сурет бойынша ж?мыс.
Интеракивті та?тада?ы аналар мерекесі бейнелеген сурет ар?ылы к?ктемні? ал?аш?ы мерекесі - халы?аралы? ?йелдер мерекесі туралы т?сінік беру.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Aналар?а сыйлы?"»
Сыныбы:мектепалды даярлық тобы
Мұғалімі:Кажиякпарова.Б.Ш
Пәні:Тіл дамыту
Күні:19.02.2013
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Анаға сыйлық.
Мақсаты:
Көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке - аналар мерекесі туралы түсінік беру. Өлең, мақал-мәтелдердің мазмұның ашу. Қуанышты, мерекелік көңіл күй арқылы әртүрлі іс-әрекеттерде шығармашылық қабілеттерін дамыту. Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақтадағы аналар мерекесі туралы слайдтар.
Балалар дөңгелене тұрып, әр бала өздерінің сүйікті аналары туралы ойлап, аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады. Мысалы: Мені анам: «айым, күнім, боташым, ақылдым», - дейді.
Кіріспе бөлім.
Көктемде болатын мерекелер туралы әңгіме жүргізу.
Негізгі бөлім.
а) Сурет бойынша жұмыс.
Интеракивті тақтадағы аналар мерекесі бейнелеген сурет арқылы көктемнің алғашқы мерекесі - халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру .
- Неге білмейсің. Сен енді жігітсің. Күзде мектепке барасың. Кешке дейін ойлан. Сосын ақылдасамыз.
Ол жұмысқа кетті. Балғын балабақшада қалып қойды. «Не сыйлау керек?» - деп қайта –қайта ойланды. Ешнәрсе таба алмады.
Терезе алдында гүл тұратын. Қып-қызыл әдемі гүл. Соған көзі түсті. Қайта-қайта қарай берді. «Жұлып алып, апарып берсем, апам қуанады, ә» - деі ол өзіне.
Бір кезде қараса, тәбиеші апай оған су сеуіп жатыр екен. «Апайды ренжітуге болмайды ғой. Ертең-ақ гүлді ізедйтіні сөзссіз».
-Гүлді жақсы көресің-ау деймін,-деді бір кезде.
-Иә, - деп. Былғын басын изеді.
-Бүгін тіпті қасынын шықпай жүрсің ғой.
Бала төмен қарады.
-Ертең мереке ғой. Апама не сыйлауға болады?! – деді.
-Ә, солай ма?! – Апай басымнан сипады да, - кел, онда екеулеп ақылдасайық. Мысалы өзің не сыйлағың келеді? – деді.
-Қызыл гүл.
-Тіпті жақсы. Қазір ақ қағаз бен қалам аламыз. Содан соң гүлдің суретін саламыз. Түсін қызылға бояймыз. Сыйлық әзір.
Бала куанып сала берді. Таңертеңнен ойлаған ойы тез шешілді. Көкесін көрген сәтте:
-Менің сыйлығым дайын! – деп қуана жар салды. – Қызылгүл беремін.
Міне, азамат болды деген осы! – деп көкесі оның арқасынан қақты.
б) «Анама сыйлық» деген тақырыпта ашық хат жасату.
в) Ән айту: « Құттықтаймын мама туған күніңмен!»
г) Ғ. Ормановтың «Жан анам» өлеңін жаттату.
ғ) «Кімнің дауысы, табайық!» дидактикалық ойыны.
Шарты: балалар диктофон немесе таспаға алдын ала жызылған аналарының, әжелерінің сөздерін тыңдап, дауысынан танып айтады.
Оқу іс-әрекетін қорытындылау.
Оңу іс-әрекетінің барысында ана туралы жаттаған өлең- тақпақтарын қайталау.