kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?: "Адам таби?атты ?алай ба?ылайды?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ба?алау критерийлері:

  1. Та?ырыпты? мазм?нын т?сінуі (1-3 балл).                      «5» - 12-15 балл
  2. С?ра?тар?а жауап беруі (1-3 балл).                                   «4» - 9-11 балл
  3. ?сыныстар айтуы (1-3 балл).                                               «3» - 5-8 балл
  4. Топ ішінде белсенділік к?рсетуі (1-3 балл).
  5. ?мірден мысал келтіруі (1-3 балл).

Саба?ты? жоспары:

І. ?йымдастыру кезе?і. Психологиялы? ахуалды реттеу. Топтастыру.

ІІ.?ызы?ушылы?ты ояту. Ой ?оз?ау.                                                                   

ІІІ. Жа?а білімді ме?герту. Постер жасату.

ІV. Жа?а саба?ты бекіту. Видеофильм к?рсету. Ойтол?ау.

V. ?йренуге тапсырма беру.

VІ. О?ушы ?рекетін ж?не саба?ты ба?алау.

VІІ. Кері ?сер пара?ы.

 

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і.

Психологиялы? ахуалды реттеу. О?ушылар ше?берге т?рып, бір-біріне жа?сы тілек немесе жа?сы ?асиеттерін айтады. Ол ?шін «Шын ж?ректен» атты музыкалы? си?ырлы ?обдишаны пайдаланады ж?не ішінен ?ала?ан суретін ?зіне алып ?алады. Сол суреттер бойынша топтар?а б?лініп, топтасады. Саба? со?ында бір-бірін критерий бойынша ба?алайтынын ескерту, ба?алау пара?ын таратып беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?: "Адам таби?атты ?алай ба?ылайды?" »

Дүниетану

Күні: 16.10.2013.

Сабақтың тақырыбы:Адам табиғатты қалай бақылайды?

Сабақтың мақсаты: Адамдардың табиғаттағы заттар мен құбылыстарды қалай, қандай жолдармен бақылайтындығын түсіну.

Сабақтың міндеті:

  1. Тірі және өлі табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылау, талдау, сараптау, қорытынды жасауға үйренеді.

  2. Бақылау жүргізу жолдарымен танысады, өмірден мысал келтіреді.

  3. Топта ынтымақ, бірлікте жұмыс жасайды, өзара бір-біріне баға бере білуге үйренеді.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтастыру, бағыттау сұрақтары, диалог арқылы оқыту.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, А-3 форматты қағаз, маркерлер, стикерлер.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:жүрек қобдишасы, қима суреттер, видеофильм.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.

Күтілетін нәтиже: Адамдардың табиғатты қалай бақылайтындығын, оның қажеттігін түсінеді, өмірмен байланыстырады.

Бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың мазмұнын түсінуі (1-3 балл). «5» - 12-15 балл

  2. Сұрақтарға жауап беруі (1-3 балл). «4» - 9-11 балл

  3. Ұсыныстар айтуы (1-3 балл). «3» - 5-8 балл

  4. Топ ішінде белсенділік көрсетуі (1-3 балл).

  5. Өмірден мысал келтіруі (1-3 балл).

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуалды реттеу. Топтастыру.

ІІ.Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту. Постер жасату.

ІV. Жаңа сабақты бекіту. Видеофильм көрсету. Ойтолғау.

V. Үйренуге тапсырма беру.

VІ. Оқушы әрекетін және сабақты бағалау.

VІІ. Кері әсер парағы.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуалды реттеу. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілек немесе жақсы қасиеттерін айтады. Ол үшін «Шын жүректен» атты музыкалық сиқырлы қобдишаны пайдаланады және ішінен қалаған суретін өзіне алып қалады. Сол суреттер бойынша топтарға бөлініп, топтасады. Сабақ соңында бір-бірін критерий бойынша бағалайтынын ескерту, бағалау парағын таратып беру.

1-топ – «Өсімдіктер»

2-топ – «Жәндіктер»

3-топ – «Нөсер»

4- топ – «Қар»

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға әртүрлі дыбыстарды тыңдату. Ненің дыбысы екенін ажыратқызу.

Ой қозғау.

Сұрақ: Осы дыбыстардың барлығы неге қатысты?

Бұл дыбыстарды қалай ажыраттыңдар деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың ойын тыңдау (есту, тыңдау, көру т.б.).

Қорытынды: Табиғат заттары мен құбылыстарын тікелей көріп, ұстап, дыбысы болса тыңдап, естіп зерделеу арқылы танып білеміз, бақылаймыз.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың тақырыбымен таныстыру: «Адам табиғатты қалай бақылайды?»

Постер жасау.

  1. Топ атауына байланысты осы уақытқа дейінгі білімдерін қағаз бетіне түсіру. Оны топ мүшелерінің біріне қорғату.

  2. Оқулықтағы мәтінді әр топтың атауына байланысты бөліп беру, оқыту, сол бойынша постер жасату. Постерлерін әр топқа қорғату.

Әр топтан өзге топтың түсіндірмесінен не түсінгенін сұрап отыру.

Бағыттау сұрақтары.

  1. Өсімдіктерді бақылау оңай ма? Оларды бақылау үшін қанша уақыт кетеді деп ойлайсыңдар?

  2. Өсімдіктерді бақылау оңай ма, әлде жануар немесе жәндіктерді бақылау оңай ма? Неліктен деп ойлайсыңдар?

  3. Егер қар қалың жауса, оның пайдасы бар ма?

  4. Қалай ойлайсыңдар жаңбыр жауар алдында бірінші найзағай ойнай ма, әлде күн күркірей ме?

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Видеофильм көрсету.

  1. Өсімдікке байланысты: гүлдердің ашылуы.

  2. Жәндіктерге байланысты: дәуіт.

Ойтолғау.

Әр топқа «Бақылау жоспары», «Бақылау мақсаты», «Бақылау нысаны» деп жазылған парақтар таратылады. Соларды ретімен орналастыру керек.

Дұрыс жауабы:

  1. «Бақылау нысаны»

  2. «Бақылау мақсаты»

  3. «Бақылау жоспары»

V. Үйренуге тапсырма беру.

Күзгі ағаштың көрінісін бақыла. Сары жапырақ қандай ағашта көп? Қай ағашта азырақ? Бақылау нәтижелерін дәптеріңе жаз.

VІ. Оқушы әрекетін және сабақты бағалау.

Оқушылар бір-бірін критерий бойынша бағалайды.

  1. Тақырыптың мазмұнын түсінуі (1-3 балл). «5» - 12-15 балл

  2. Сұрақтарға жауап беруі (1-3 балл). «4» - 9-11 балл

  3. Ұсыныстар айтуы (1-3 балл). «3» - 5-8 балл

  4. Топ ішінде белсенділік көрсетуі (1-3 балл).

  5. Өмірден мысал келтіруі (1-3 балл).



VІІ. Кері әсер парағы.





72 жалпы орта мектеп











Сынып: 1 « К »

Бастауыш сынып мұғалімі: Бикбаева Динара Иркиновна














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ашы? саба?: "Адам таби?атты ?алай ба?ылайды?"

Автор: Бикбаева Динара Иркиновна

Дата: 13.02.2015

Номер свидетельства: 172600


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства