kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашкеева Света Кенесовна

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а нан туралы нанды ?айдан алатынымыз туралы айтып т?сіндіріп кету к/к                                                                                          О?ушыларды шыдамдылы??а е?бек с?йгіштікке т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашкеева Света Кенесовна»

Алматы облысы Райымбек ауданы

« Райымбек ауданының Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша бастауыш сынып мұғалімі Ашкеева Света Кеңесқызы

2- сынып



Тақырыбы: Ас атасы - нан

Мақсаты: 1. Оқушыларға қасиетті тағамның бірі - нан екенін, наның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру. «Ас атасы - нан» екенін түсіндіру

2. Дүниетанымын,ой-өрісін, еңбекқорлығын, адамгершілігін ояту және дамыту.

3. Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбеиелеу

Әдісі: сұрақ - жауап, интерактивті тақтамен жұмыс

Көрнекіліктері: нақыл сөздер, буклет, ұн өнімінен дайындалған тағамдар.

Барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ретке келтіріп, назарларын сабаққа аудару

I Кіріспе бөлім:

Психологиялық сәт

- Жыл мезгілдерін кім атайды? Қыс, күз, көктем, жаз

- Дұрыс айтасындар. Кәне, күз айларын кім атайды:

Қыркүйек, қазан, қараша

- Қазір күз айының нешінші айы? екінші, қазан айы

- Күз кезінде адамдар не істейді? Күзде қысқа дайындық басталады. Күзде жиын - терін болады,яғни, күз айы нағыз қарбалас еңбек кезеңі екен. Олай болса, балалар халқымыз үшін «нан» қашанда қасиетті, қадірлі екен. Дастархан берекесі наннан басталады деп бүгінгі біздің ертеңгілігіміздің тақырыбы «Ас атасы - нан»

Дихандар көктемде жерге тұқым себеді.Одан егін өніп шығады, оны жаз бойы күтіп баптайды. Күзде астықты комбайнмен орып алады. Оны машинамен астық қабылдау орындарына жеткізеді.Бидайдан ұн дайындайды.

Ұннан неше түрлі нан пісіреді. Нан дүкенге түседі.

Дүкенші халыққа сатады. Нан болу үшін қаншама адамның еңбек еткенін байқаған боларсындар. Нан осылай еңбекпен келеді екен

- Енді осы жерде өздерінің әкелген тағамдарыңды айта кетуге болады, ұннан неше түрлі нандар шығатынын міне

өз көздеріңмен көріп отырсыңдар.

Тыңда ерлер түлетті

Тың адамды үйретті

Нан үшін олар тер төкті

Кім? Не істеді?

1. Тракторшы

2. Диқаншы

3. Комбайншы

4. Жүргізуші

5. Диірменші

6. Наубайшы

7. Дүкенші

Бұл суреттен біз нанды дайындаудың жолы өте ұзақ, әрі қиын екенін білдік.

  • Нанды дайындаудың жүмыс тәртіптері қандай?

1- жер жырту 6- диірменге әкелу

2- дән себу 7- ұн тарту

3- егістікті күту 8- дүкенге әкелу

4- астық жинау 9- нан илеу,ашыту

5- элеваторға әкелу 10- нан пісіру

II Негізгі бөлім

Ас атасы - нан

Нан атасы - дән, - деген тақырып төңірегінде дайындалған әдеби монтаждарын айту

1. Нан ардақты адал ас

Кәрі - жас одан аттамас,

Ақ дастархан үстінде

Қол жумай оны ұстамас.

2. Ей балалар, балалар,

Болмаңдар сірә нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар.

3. Нандай жоқ қой асыл дәм

Жеп үйренген жасымнан

Дастарханнан нан кетсе

Береке кетер асыңнан

4. Нан анасы бидаймын

Елге астық сыйлаймын

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын

5 Жарып шыққан қауызым

Дән өмірлік азығын

Жегенінде ақ нанды

Нәрге толар ауызым

6. Ерте тұрып ақ таңнан,

Қара жерге нәр құйған

Айналайын диханнан,

Егін егіп, дән жиған

Хормен: Нанды шашпандар!

Жерде жатса баспандар!

Теріп алаы қастерлеп

Торғайларға тастаңдар!

  • Кез-келген дүние,жақсылық атауы бізге еңбек арқылы

келеді

- Еңбеккке қатысты мақал - мәтелдерде айтайық

1. Адам жерге нәр береді

Жер адамға нан береді

2. Жалқаудың жаны тәтті

Еңбектің наны тәтті

3. Наннан артық қасиет жоқ

Наннан артық қазына жоқ

4. Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарнын тіленбей

5. Еңбексіз өмір - сөнген көмір

6. Ас атасы - нан,

Нан атасы – дән

  • Жұмбақтар жасыру

1. Өзі шалғы, өзі орақ

Өзі қырман, өзі арба

Өзі күрек, өзі қап (комбайн)

2. Жезге ұқсас сабағы

Дәні халық тағамы (бидай)

3. Дөңгелек тас жалпиған

Ортасы құдық аңқиған

Жеген жемін үгеді

Ақ ұлпадай шаң құйған (диірмеші)

4. Аппақ талқан, ащы дәм

Онсыз кірмес ас нәрі (тұз)

5. Асты тас, үсті тас

Ортасында піскен ас ( таба нан)

- Дидактикалық ойын

«Қайдан келдің бауырсақ»

- Тағамға байланысты ырым – тыйымдар

- Нанды аяқ астына тастама

- Сүтті төкпе, баспа

- Жерде жатқан нанды еңкейіп ал

- Тамақ ішкен кезде көп сөйлеме

- Тамақты шашпай төкпей іш

- Нанды баспа, бір қолмен үзбе

Хор: «Біз бақытты баламыз»

III Қорытынды бөлім

«Нан қасиетті тағам» деп бекер айтылмаған. Нанның қасиеті бізге тоқшылық, байлық, тыныштықты әкеледі.

Нан - тіршіліктің тірегі. Нанды қастерлеуіміз керек. Ысырап етпей үнемдей білуіміз керек.Нан бізге адал, тынымсыз еңбектің арқасында келетінін естен шығармауымыз тиіс. Қ.Мырзалиевтің мынандай өлең шумақтарымен қорытындылаймыз

Нан болса ойнап – күлеміз,

Нан барда еркін жүреміз

Тіршілік көзі - нан ғана,

Нан қадірін білеміз

Баспа нанды абайла

  • Үйге тапсырма

«Ас атасы - нан» тақырыбы бойынша әңгіме жазу



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ашкеева Света Кенесовна

Автор: Ашкеева Света Кенесовна

Дата: 20.04.2016

Номер свидетельства: 320804

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Ашкеева Света Кенесовна"
    ["seo_title"] => string(27) "ashkieievasvietakieniesovna"
    ["file_id"] => string(6) "320803"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461149770"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства