kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ас-адамның арқауы. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка для учителей 1 класса по предмету "Сауат ашу".

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ас-адамның арқауы. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.»

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Сауат ашу


Сынып: 1


Қызылорда қаласы

Мектеп: Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп

Пән мұғалімі: Искакова Асем

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ас-адамның арқауы. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Нәтиже сабақ.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Жаңа білімді меңгереді.

Көптеген оқушылар: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Өнер, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , бейнежазба, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Тоқаш-булочка, кілегей-сметана

Бастапқы білім

дыбыс пен әріпті ажырата алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут



Қайырлы күн, қымбатты балалар! Бүгін мен сендерді ерекше көңіл-күймен қарсы алып тұрмын. Сендер үшін бір керемет әрі жақсы нәрсе жасағым келіп тұр.
Кәнеки, өзіміздің шаттық шеңберімізде тұрып, махаббат періштесі сыйлаған «ғажайып алманы» бір – бірімізге сыйлай отырып, жақсы сөздер мен игілікті тілектер айтайық.Осы сиқырлы алманың көмегімен біз мейірімді сиқыршыға айналамыз.
-Балалар, мен өзімнің тілегімді бірінші айтайын!

  • Мен барлықтарыңа сәттілік тілеймін!



Топқа бөлу

1 топ: құрт

2 топ: нан

3 топ: қымыз.

Әр топ өз есімдеріне байланысты кіші жоба қорғайды.


http:// massget.kz

Асты ысырап етпеу- ізгіліктің үлкені

Оқулық










Сабақтың ортасы

15 минут




«Ой қозғау»

Ролдік ойын «дастархан мәзірі»

Екі оқушы тақтаға шығып, бір –бірімен сұхбаттасады.

Ең алдымен дастарқанға не қойылады? деген сауалға жауап іздеу мақсатында үш топ дастарқан жаяды.

Мақсаты: тапсырмаларды орындай отырып,дастарқанды пайдалы тағамдармен толтыру.

  • Әли ,сен дастарқанға ең алдымен не қойылатынын білесің бе?

  • Жоқ,Мерей.Дастарқанға не қойса да бәрібір емес пе?

  • Онда төмендегі мысалдан бұл сұрақтың жауабын таба аламыз.

Аудиожазба арқылы мәтінді тыңдай отырып, талдау жасау.

1-жаттығу.Мәтінді тыңда.

Нанға бал жағып отырған Асқар әжесіне қарап;

-Әже,бал тәтті ме,әлде нан тәтті ме?-деп сұрады?

-Нан тәтті,-деп жымиды әжесі.

-Жоқ,әже ,бал тәтті ғой,-деді Асқар.

-Иә,балам,бал тәтті.Бірақ қанша тәтті болса да,күнде жей алмайсың.Ал нанды күн сайын жейсің.Наннан қасиетті тағам жоқ.Сондықтан нан тәтті десек те болады.

Топтық жұмыс «Үш таяқша» әдісі

Берілген мәтінге байланысты бір сұрақ, бір жауап, бір ұсыныс даярлап, көпшілікке ұсынады.

-Асқардың әжесі нанды не себепті тәтті деді?

-Сендер қалай ойлайсыңдар,нан тәтті ме,әлде бал тәтті ме?

«Сиқырлы сөз» әдісі

Мәтін мазмұнына сай сөзге дыбыстық талдау жасау (топпен)

1 топ: нан

2 топ: бала

3 топ: қасиетті

Бейнеролик «Нан – қасиетті тағам»

-Сендер қалай ойлайсыңдар, нан тәтті ме, әлде бал тәтті ме?

Оқушылар талдай отырып, ой-пікірмен бөліседі.

Мадақтау арқылы оқушыларды бағалау.

Ой ашар. «Ағаштар сөйлейді» әдіс.

Адасқан әріптерді дауысты және дауыссыз дыбыстарға ажырата отырып, сәйкес ағашқа жапсыру.

Дауысты дыбыстар: а, ә,е,о,ұ,ү,ы,і,и, (у)

Дауыссыз дыбыстар: б,в г,ғ,д, ж,з,й.к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ш,щ, (у)

Таныстырылым

аудиожазба

Сергіту сәті

2 минут

«Басқатырғыш базары» ( жасырынған әріптерден басталатын тағам атауларын жарыса айту)

Интербелсенді тақта.

Қызықты тапсырма

20 минут



Топтық жұмыс «сөйлемдер достығы» әдісі




Қиынды сөздерден сөйлем құрап, мәтін шығарып, талдау

жасайды.

1 топ: Нан- қасиетті тағам.

2 топ: Дастарқанға алдымен нан қойылады.

3 топ: Нанды жерге тастауға болмайды.

Оқушылар мәтінге тақырып қоя отырып,қорғау жұмыста- рын жасайды.

Бағалау: «екі жұлдыз,бір ұсыныс»

Жұптық жұмыс «Сәйкестендір»

Сөйлемді суретпен сәйкестендір

1 жұп: Табаға салып жапқаным не? (нан)

2 жұп: Биеден сауып алғаным не? (қымыз)

3 жұп: Сөреге кептіріп жайғаным не? (құрт)

Бағалау: Жұптық бағалау (Жұптар сағат тілімен жұмыстарын ауыстыра отырып, бір-бірін бағалайды)

«Бірге ойлаймыз» әдісі

Тірексызба арқылы өлеңді жаттау

Есіңде болсын,балам,

Нан- қастерлі тағам.

Жеке жұмыс «менің талғамым»

Өзіне ұнайтын тағам түрлерін белгілеу

Оқулық, дәптер.

Таратпалар








Сабақтың соңы

3 минут


Кері байланыс «Алақан» әдісі

(жеке бас гигиенасын сақтау мақсатында «алақан» әдісін ұсынуды жөн көрдім)



Бас бармақтар

Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау уақытты ұтымды пайдалана отырып ,сабақтың кез- келген кезеңінде саралауды ұтымды пайдаландым.


Өз оқу мақсатымда өзім жоспарланған жұмыстар жүйелі жүргізілді. Оқу үдерісінде оқушылардың қызығушылығын білімдерін арттыру мақсатында «ролдік ойын», «сиқырлы сөз», «ағаштар сөйлейді», «бірге ойлаймыз», «сөйлемдер достығы», «сәйкестендір», «алақан» әдістері өте тиімді пайдаланылды.

Қауіпсіздік техника ережелерімен таныстырылды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары,оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ма?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,неліктен?


Сабақ мақсатына жетті. Жоспарда ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы һткен екі аспектісі ( оқыту туралы да ,оқу туралы да ойланыңыз) ?

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыт туралы да ,оқу туралы да ойланыңыз) ?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдің,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ас-адамның арқауы. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Автор: Искакова Асемкуль Турсынбаевна

Дата: 07.05.2019

Номер свидетельства: 509379


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства