kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?ыз арнасы. (Бекболат ?детов)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? та?ырыбы"А?ыз арнасы" Домала? ана ?мірінен т?сінік беріліп, ана?а деген сыйласты?ты арттыру. М?тін мазм?нын тарихи деректермен байланыстыра отырып, с?здік ?орыны? артуына, танымды? ?абілетін арттырады. М?тін идеясы ар?ылы шы??ан ?лтты? ??ндылы?тарды, ?деп, сыйласты?, ерлік пен жа?сы мінез-?ылы?тарды ?лгі ету, е? бастысы, тарихымызды тану, о?у, есте са?тау ?абілеті артады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?ыз арнасы. (Бекболат ?детов)»

Оқжетпес орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Имаканова Кульмайра Кошановна

Пән Қазақ тілі Сынып 4
Тақырыбы: Қыстырма сөздер. 19.11.2015 ж
Мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушылардың қыстырма сөз туралы білімдерін одан әрі кеңейтіп, мағынасына қарай ажырата білуге үйрету.
2.Дамытушылығы: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, оқу мен жазу арқылы таным белсенділігін арттыру, тілін дамыту. Өз ойын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. 
3. Тәрбиелігі: Шығармашылыққа, адамгершілікке баулу. Дұрыс, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білімді бекіту. 
Әдісі: түсіндіру, жаттығу жұмысы, ойлау, өзіндік ізденіс, көрнекілік, жұппен жұмыс, ой тұжырым.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал:

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне, балалар ғұлама, кемеңгер ақындарымыздың туған тіліміз қазақ тілін қастерлеген.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
менің ойымша: бүгін сендер, өз – өздеріңе сенімді, бір - біріңе қолдау көрсетіп, кез - келген затқа жорамал жасап, өз пікірлеріңді ортаға салып отырасыңдар.

Артикуляциялық жаттығу.

  1. Өткен сабақты пысықтау.

  • Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?

  • Бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшесі дейміз. Мысалы: Әсемнің әжесі мейірімді, кеңпейіл, ақкөңіл жан.

  • Бірыңғай мүшелер қалай жасалады?

  • Жеке сөзден де, сөз тіресінен де жасала береді. Тауда түрлі гүлдер, шырынды жемістер, дәрілік өсімдіктер өседі.

Егер да, де, та, те жалғаулықтары сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің әрқайсысымен қайталанып келсе, не қойылады?

  • Арасына үтір қойылады. Мысалы: Клуб ауласынан балалар да, ересектер де, қарттар да көрінеді. Бірыңғай мүшелер қандай жалғаулықтар арқылы байланысса, үтір қойылмайды.

Және, мен, бен, пен мысалы: Бұлардың артынан Жасұлан мен Бақыт бөлек келді.

  1. Үй жұмысын тексеру. 5-жаттығу, мен 6-жаттығуды тексеру.

Жаңа сабақ

І Қызығушылықты ояту.

  • Балалар ертең қар жауа ма?

  • Мүмкін жауады. Мүмкін сөзі қыстырма сөз.

Сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін сөзді қыстырма сөз деп атайды. Қыстырма сөз сөйлем мүшесі бола алмайды. Жаңылмасам, сені бір жерден көрдім.

  1. Қыстырма сөздің қызметімен таныстыру.

1-жаттығу. Түсіндірме жұмысы.

Көркем жазу. Керісінше, мүмкін, ұзын сөздің қысқасы.

2- жаттығу. Ауызша орындалады.

3-жаттығу. Қыстырма сөздерді теріп жазады.

Шынын айтсам, мәссаған, ұмытып барады екем. Неге екенін кім білсін. Бәлкім.Қыстырма сөз сөйлемні басында, ортасында соңында келе береді.

  • Қыстырма сөз құрамы жағынан неше сөзден жасалып тұр?

ІІ. Мағынаны тану

  1. Шығармашылық жұмыс

  1. Көп нүктенің орнына тиісті қыстырма сөзді жаз.

  2. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру.

Ауызша 1-топ а – нұсқа бойынша 3 сөйлем құрастыру.

2- топ ә – нұсқасы бойынша 3 сөйлем құрастыру.

  1. Өздік жұмысы.
    Болашақта, бәлкім, сен дәрігер боларсың.
    Байқаймын, сен кітап оқығанды жақсы көретін сияқтысың.
    Мені танымай тұрсың - ау, сірә.
    Шынымды айтсам, өзің, бір қызық жан екенсің!
    - Қыстырма сөздерді қойып жазады. /бір - бірін тексеріп бағалайды./

  2. Ойын: Кім мұқият болады?

Сөз тіркесіне қар жауғанын бейнелеу керек.

Қыстырма сөзді естігенде кемпірқосақты бейнелеу керек.

Құрмалас сөйлемді естігенде шапалақ соғу.

Шамасы, айдын көл, байқауымша. Күн ұясына батып, қараңғылық бірте-бірте қоюланды. Әйтеуір, бәсе, Қайың ағашынан жұқа тақтай дайындап, жиһаз жасайды. Байтақ дала, біріншіден, асқар тау, ақырында, қысқасы, көне ескерткіш, мүмкін, сірә, анамның айтуынша, амал қанша.

  1. Қыстырма сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.

Әкемнің айтуынша




Аяныш, өкініш

амал қанша


Сенушілік, мойындау, мақұлдау


Ойдың кімнен шыққанын білдіру

біріншіден

меніңше


Сенер – сенбесті білдіру

әрине


Ой тәртібін білдіру


ІІІ. Ой толғаныс.

  1. «Артығын тап» тапсырмасы. Сөздердің арасынан қыстырма сөздерді ажыратып алады.

Айтпақшы, таулы аймақ екіншіден, алдымен, сазгер, қансонар , ұмытпасам, сеніңше мүмкін, былайша айтқанда, сайып келгенде, айтып жүреді, олардың айтуына қарағанда, ақырында, тегінде, өнерлі,

  1. Тест жұмысы.

Қыстырма сөздерді белгіле:

А) амал, есеп.

Ә) амал қанша

Б) Оһ, о –о!

2. Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола ма?

А) Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі болады.

Ә) болмайды

Б) болуы мүмкін

3. Ой тәртібін білдіріп тұрған қыстырма сөздерді белгіле.

а) біріншіден, алдымен, ақырында.

ә) бірінші, төрт.

Б) сірә, мүмкін, бәлкім.

Кілті 1. Ә 2. Ә, 3 б

Қызықты ақпарат айдары: Ең суық ай қаңтар. Ең суық планета Плутон. Ең ыстық планета Шолпан. Әрбір қардың 95 пайызы ауадан тұрады. Түсінің ақ болуы ауаның көптігіне байланысты. Қыста қар күн сәулесінің 90 пайызын қайтарып тастайды, жердің қыздыруына мүмкіндік бермейді.

  1. Фонетикалық талдау жұмысы.

  2. Үйге тапсырма. 4- жат 85 бет. Ереже. 3 нұсқадағы сөздерден сөйлем құрастыру.

  3. Рефлексия.

  4. Бағалау.




















Ақмола облысы Бурабай ауданы









Қазақ тілі

Ашық сабақ «Қыстырма сөздер»

4- сынып

Айгөлек әдістемелік бірлестігінің онкүндігі





Жүргізген бастауыш сынып мұғалімі:

Имаканова К.К.



















Оқжетпес орта метебі

2015-2016 оқу жылы







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
А?ыз арнасы. (Бекболат ?детов)

Автор: Имаканова Кульмайра Кошановна

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291289


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства