Ана тілінен "С?т ?алай ?йы?тайды?" саба? жоспарымды сіздерді? назарлары?ыз?а ?сынып отырмын.Саба? барысында к?рнекілік,с?ра?-жауап,т?сіндіру ?дістерін пайдаландым.?аза? хал?ыны? ?лтты? та?амдары туралы т?сінік беру ?шін ауыз ?дебиетіні ??лгісі ж?мба?тарды пайдаландым.О?ушыларды? тіл байлы?ын дамыту ма?сатында тіл дамыту ма?сатында ?з білгендерін с?рап отырамын.
Просмотр содержимого документа
«сүт қалай ұйықтады»
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады?
Сабақтың білімділігі: Оспанхан Әубәкіровтің өмірбаянымен таныстыру, ертегінің мазмұнын ашу,сүт тағамдарымен тереңірек таныстыру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
Сабақтың тәрбиелігі: Ертегі арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке баулу,төрт түлікті құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Оспанхан Әубәкіров суреті,ата-әжелер суреті
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
3. Кіріспе әңгіме.Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Жұмбақ шешу
1.Сылдыр сұйық су емес,
Ішсең сусын қанады
Ақ болса да қар емес
Шешуін кім табады? (сүт)
-Бүгін біз сендермен Оспанхан Әубәкіровтың «Сүт қалай ұйықтады?» деген шығармасымен таныс боламыз.
Шығармамен таныспас бұрын авторымен танысып алайық.
Оспанхан Әубәкіров:1934 жылы 4- мамыр күні Алматы облысы,Жамбыл ауданы ,Сүйінбай атындағы совхоздың Үшбұлақ бөлімшесінде дүниеге келген.1986 жылы дүниеден өткен.Сатира жанрын дамытушы , актер «Қағаз қалпқымды білесізбе?» «Сүзеген сөз» т.б шығармалардың авторы.
Оқулықпен жұмыс:
1.Ертегінің мазмұнын түсіндіремін
2.Өлеңді нақышына келтіріп оқып беремін
Ертегімен жұмыс:
1.Ертегіден ел- жұрттың сөзін тауып, әуеніне сай оқы.
2.Ертегідегі мақалды тауып оқы.
3.Әженің іс әрекетін тауып оқы
4.Қалтаға құйылған сүттің жағдайын тауып оқы
Ертегіні бөлімдерге бөлу
Бөлімдерге ат қою
1 –бөлім: «Сүттің ұйықтап қалуы»
2- бөлім: « Сүттің тасуы»
3- бөлім: «Қалтаға құюы»
4.Тыйым сөз: Кісіге қарап есінеме.Есіней қалсаң,аузыңды қолыңмен қалқала. (Оқушыларға өздері білетін тыйым сөздер айтқызу.)
Оқушылардың қызығушылығын ояту
Жұмбақ жасыру:
1.Мал төлдеп әр ауыл
Пісірдік ақ бауыр . Бұл не?(уыз)
2.Күбіге құйып піскен не? (қымыз)
3.Ұйытып қойып ішкенім не? (айран)
4.Кілегей шайқап алғаным не ( май)
3.Сөреге кептіріп жайғаным не?
Өмірмен байланыстыра отырып, «Құрттың дайындалуы» туралы айтамын
Қортындылау:
1.Ақын ертегіде ненің әрекетін суреттеген?
2.Сүттің аянышты халін кім айтты?
3.Сүттен жасалатын тағамдарын ата?
4.Жұрт сары су жайлы не дейді екен?
5.Ертегінің авторы кім?
13. Бағалау.
Үйге тапсырма: Ертегінің мазмұнын айтуға дайындалу