kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана тілі 1сыныпТа?ырыбы:?ой.С?з.

Нажмите, чтобы узнать подробности

С?з туралы ??ым беру.?ойды? пайдасы,т?лі туралы т?сіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана тілі 1сыныпТа?ырыбы:?ой.С?з.»



Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Қой.Сөз.

Сабақтың мақсаты:а)Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру,сөз туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау;

ә)Сөздік қорларын,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

б)Достыққа,ұйымшылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:проектор,парақшалар,ереже,слайдтар,бейнеролик.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:СТО

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Даланың көркі –мал,

Өзеннің көркі-тал.

Ана тілі сабағында,

Айтылады төрт түлік мал.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

«Мал баласын қалай сүйеді екен?» өлең бойынша түсініктерін айтады.

ІІІ. Қызығушылығын ояту.

Тақтадағы сөзжұмбаққа қарап шешуін табайық.

-Мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер ойланып айтасыңдар.

Жұмбақ.

Тілдерімен жүреді,

Уақытты біледі.(Сағат)

Тәтті,тәттінің іші қатты.

Қаттының іші тәтті.(Өрік)

Аспанда бір алып құс ызғып ұшып барады,

Қарап тұрсаң ғажайып соңында із қалады.(Зымыран)

-Енді,оқушылар қызыл сызықтың ішіндегі сөзді оқиық.

-Сөз деген сөз шықты.

-Сөз деген не?

-Ол туралы не білеміз?

-Оқушылар сөз туралы өз ойларымызды сызбаға түсірейік.(Сызбамен жұмыс)







Дыбыстардан құралады Сөйлем құрап,ой жеткізеді

Сөз




Қимылдың атау Заттардың атауы


Санның атауы

ІV.Бейнеролик арқылы «Ой қозғау»

Сұрақ-жауап,талқылау.

V.Жаңа сабақ.Қой.

-Ауыз әдебиеті дегеніміз қандай шығарма?

-Бүгінгі тақырыбымыз да ауыз әдебиетінен алынған.


VІ.Оқулықпен жұмыс.

а) Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

ә) Оқушылардың кезектесіп оқуы.

б) Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.

-Бұл өлеңде не туралы айтылған?

-Ақын қойды қалай суреттеген?

-Қойдың төлін не деп атайды?

-Қойдың қандай пайдасы бар?

VІІ.Қой туралы ғылыми мағлұмат беру.

Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.Қазақ халқында әр малдың өз пірі,киесі бар.Қой атасы-Шопан ата.Қазақ халқы малды өте жақсы көріп қадірлейтінін өз баласын малдың төлін атағандай «Боташым,Құлыным,Қошақаным»деп еркелеткенін білуге болады.

Ал қой малын :қозы,көбеген,марқа,көрпеш,тоқты,бағлан,тұсақ,саулық,қошқар,қой деп атаған.

VІІ.Көрініс төрт түлік малдың көрінісі.

VІІІ.Сөздік жұмыс.

(Өлеңнен түсініксіз сөздерді түртіп алу)

Жамыраған-

Ақтылы-

Аңыраған-

ІХ.Сергіту сәті.«Қошақаным»





Шығармашылық тапсырма

Шашылған сөздерден сөйлем құрастыру.Неше сөз және әр сөзде неше буын бар екенін айтқызу.

Түйе,жылқы,8й жануарлары,жайлауда,шөп,жайылады,сүт,төрт түлік,сиыр.

Х .Көркем жазу

Сөз – адамның айнасы.

ХI.Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма

Әр сөздің соңына әріп, қосып жаңа сөз жасау.

Бал...,қала... ,қор... ,ая... ,тара... ,жыл..., көкте... .

2-тапсырма

Тақтамен жұмыс.

Буынға сөздер құрастыру.

Ал - ар- бай -

ХІI.Бекіту.

Өздік жұмыс.

*Қойдың пайдасын кестеге түсір.

Жүннен жасалған заттар

Терісінен жасалтын заттар

Сүтінен әзірленетін тағамдар






Әр оқушы өздері жазған сөздеріне сөйлем құрастырады және әр сөйлемде неше сөз бар екенін дәлелдейді.

ХІІI.Қорытындылау.

«Малды берсең,қойды бер

Ұлды берсең,ойлы бер» деген ата-абабаларымыздың жаңылмай айтып кеткен нақыл сөзді жадымыздан шығармай,төрт түлікті қадірлеп,қастерлей білетін келер ұрпаққа жеткізер ойлы азамат болады деген үлкен сеніммен сабағымызды аяқтаймыз.

ХІV.Үйге тапсырма.

3-жаттығу.Өлеңді жаттау.

XV.Бағалау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ана тілі 1сыныпТа?ырыбы:?ой.С?з.

Автор: Турсинова Балдай Бактыгалиевна

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 326036


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства