Ана тілі п?нінен Т.Молда?алиевты? «Маманды? та?дау» та?ырыбында ашы? саба?
Ана тілі п?нінен Т.Молда?алиевты? «Маманды? та?дау» та?ырыбында ашы? саба?
Т?манбай Молда?алиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысыны? Е?бекші?аза? ауданында?ы Жарсу ауылында ту?ан. 1956 жылы ?аза? мемлекеттік университетіні? филология факультетін т?мамда?ан.
?ызмет жолы:1956 жылы - ?аза?ты? Мемлекеттік университетіні? филология факультетін бітірді.1970-1973 жылдары "Пионер" журналында ж?мыс істеді.1970-1973 жылдары "Балдыр?ан" журналыны? жауапты хатшысы болды.1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанында?ы Балалар ж?не жастар ?дебиетіні? бас редакциясы мен "Жалын" альмана?ыны? бас редакторы.
Шы?армашылы?ы:Т?манбай Молда?алиевті? т???ыш ?ле?і "Украина ?ызына" 1954 жылы жарияланды. Ал?аш?ы ?ле?дер жина?ы "Студент д?птері" 1957 жылы жары? к?рді.Т?манбай Молда?алиев н?зік сырлы, ойлы да отты
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
- Балалар,бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ болмақ.Біз Елдос пен Аяжанға еріп «Ғажайыпстанға»саяхат жасаймыз.Онда мамандық таңдау туралы әңгімелесіп,Білімпаз атадан білмегендерімізді сұраймыз.
Саяхат жасамас бұрын Желаяқтың тапсырмасын орындауымыз керек.Саяхатқа дайынбыз ба?
(бағыт-бағдар сызығы арқылы мамандық иелеріне қатыстысын тап)
«Автор орындығы»стратегиясы арқылы балалардың болашақта кім болғысы келетіндігі жөнінде әңгімелесу.
2.Мағынаны тану.
1.Автор туралы мәлімет беру.
Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу ауылында туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Қызмет жолы:1956 жылы - Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.1970-1973 жылдары "Пионер" журналында жұмыс істеді.1970-1973 жылдары "Балдырған" журналының жауапты хатшысы болды.1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен "Жалын" альманағының бас редакторы.
Шығармашылығы:Тұманбай Молдағалиевтің тұңғыш өлеңі "Украина қызына" 1954 жылы жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері" 1957 жылы жарық көрді.Тұманбай Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. "Кәмила" (1960). "Көктем таңы" (1961), "Алатау қызы" (1963), "Ферюза туралы жыр" (1964), "Зулайды күндер" (1965), "Жүрегім менің сапарда" (1966) т. б. жинақтары шықты.1967 жылы жарық көрген "Жаңа дәптер" атты кітабы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды (1968). "Ескерткіш" (1969), "Шақырады жаз мені" (1970), "Жүрек ояу қашанда" (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді.Оның "Қош, көктем" атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971), "Хаттар" атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді.
Тұманбай Молдағалиев көптеген ән мәтіндерінің авторы. Оның "Құстар қайтып барады" (музыкасы Н.Тілендиевтікі), "Бақыт құшағында", "Әнім сен едің" (музыкасы Ш. Қалдаяқовтікі), "Ертіс вальсі" (музыкасы Жамақаевтікі), "Шақырады көктем" (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасында кең тараған.
Ол Байрон, М. Ю. Лермонтов, Т.Г.Шевченко, О. Туманян, С. Капутикян, К. Ғұлам, X. Ғұлям, Р. Гамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д. Жалсараев т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
2.ББҮ кестесін толтыру
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
3.Оқулықпен жұмыс:
-өлеңді оқу,талдау
4.Поэзия минуты
Мамандықтардың түрі көп екен.Қазіргі заманда қай мамандықтың түрі маңызды.Ендеше оны Білімпаз атадан сұрап білейік.Білімпаз ата:
Балалар,біздің деіміз сау,ақылды болу үшін негізгі мамандық түрлері – ұстаздық пен дәрігер керек.Алайда адамдардың қажеттілігі,талғамы артып,көптеген мамандық түрлері пайда болды.Олар өрт сөндіруші,құтқарушы,дизайнер,архитектор,кітапханашы,аспазшы,әртіс,
жүргізуші,әскери қызметкер,т.б.
Балалар,сендерге тапсырмам бар.Өздерің оқыған өлеңге сүйеніп сызба толтыру.Оны сыныптарыңа барған соң орындайсыңдар.Сау болыңдар,балалар!
3.Ой толғаныс:
1)“Сезімнен шыққан өлеңдер” стратегиясы
-мамандықтың бір түріне шағын өлең құрау
2) “Галереяға саяхат” стратегиясы
-тақырыпқа сай құраған өлең шумақтарын, жолдарын іліп қойып,бағалау