kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана тілі п?нінен ашы? саба? та?ырыбы: "Кедей"

Нажмите, чтобы узнать подробности

С.Ес?араев  атында?ы №27 орта  мектепті?  бастауыш  сынып  м??алімімін. Е?бек  ?тілім 24 жыл, І санатты маманмын. О?ушылар?а  сапалы  білім беруде ерінбей е?бек етудемін. Н?тижесінде  О?ушыларым ауданды? "Абай" о?уларынан 2014 жылы ІІ орын иеленді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана тілі п?нінен ашы? саба? та?ырыбы: "Кедей"»

Қызықлорда облысы, Қармақшы ауданы,

С.Есқараев атындағы №27 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі А.Ділдәбекова



Сыныбы: 3 «А»

Тақырыбы: С.Торайғыров «Кедей»

Мақсаты: 1. Автор туралы түсінік беру. «Кедей» өлеңін оқып, талдау арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсіндіруге жетелеу, шығарманың идеясын ашу. Оқыған шығарма туралы өз пікірін, ойын айтып, оны дәләлдеуге, эмоционалдық қарым-қатыныасын көрсете білуге үйрету. 2. Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін, сөздік қорын дамыту. Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту; оқу дағдыларын қалыптастыру. 3. Өткен өмірді, тарихты білуін; адамгершілік, мейірбандық, қайырымдылық сезімін қалыптастыру.

Түрі: дәстүрлі, жаңа сабақ

Көрнекілігі: презентация, сызбалар, геометриялық фигуралар, сөзжұмбақ.

Әдіс-тәсілдер: топтық, талдау, жинақтау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

1.Шаттық шеңбері: Ойға толып санамыз,

Бестік болып бағамыз.

Баласындай бір үйдің

Тату тәтті арамыз.

2. Топқа бөлу. Оқушылар әр түрлі етіп қиылған түрлі түсті қағаздарды таңдап алып, түстері бойынша 3 топ құрап отырады.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Қызыл

жасыл

көк



Бейімбет

Майлин

Күлпаш

Әр топ өз қағаз қиындыларынан фигуралар құрап, артындағы сөздерді оқиды.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

-Б.Майлин кім? (шебер жазушы, әрі ақын)

-Қайда білім алған? (ауыл мектебінде сауат ашқан ол Троицк қаласындағы медресе, кейін Башқұрстанның астанасы Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алған)

-Б.Майлиннің қандай өлең жолдарын білесіңдер?

Жырлағаным – кедейдің жыры,

Сырлағаным – кедейдің сыры.

Сырым да бір, жырым да бір –

Мен дағы сол кедейдің бірі.

І топ. Салыстыру Қали Қазіргі бала







ІІ топ. Сұрақтарға жауап беру.

1.Күлпашты сипаттау

2.Күлпаштың үйін сипаттау

3.Мақтым мен Күлпаш неге жылады? Олардың тұрмыс жағлайы саған қалай әсер етті?

4.Бұл оқиға бүгінгі күні болса, сендер Қалиға көмектесер ме едіңдер?

ІІІ топ. Сөзжұмбақ шешу




К

Ү

Л

П

А

Ш


М

А

Х

А

М

Б

Е

Т


А

М

А

Н

Г

Е

Л

Д

І




Ж

Е

Т

І

С

У



А

Ғ

Ы

Б

А

Й














1.Қалидің анасы.

2.Исатайдың серігі,Жақияның сүйікті батыры.

3.1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы болған халық батыры

4.Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Тоқаш Бокин қай жерде басшылық жасады?

5.Халық «Ақжолтай батыр» атанған батыр.

ІІІ. Жаңа сабақ. – Балалар, сөзжұмбақтағы ерекшеленген торкөзден шыққан сөз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. « Күлпаш» әңгімесінде жеке бір отбасының тұрмысы туралы айтылса, «Кедей» өлеңінде жалпы кедейдің ауыр тұрмысы туралы айтылды. «Кедей» өлеңінің авторы – С.Торайғыров.

1-слайд. С. Торайғыровтың өмірбаянына шолу жасау.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) – талантты ақын әрі жазушы.

(дәптерге күн ретін, авторды, тақырыпты жазғызу)

  • 1893-1920 жж. қазіргі Ақмола облысы, Қызылту ауданында туған .

  • 3 жасында шешеден айырылып,6 жасқа дейін әжесі тәрбиеледі.

  • Әкесі Әубәкірден ескіше хат таниды.

  • 1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ,татар тілдеріндегі кітаптармен танысады.

  • 1912 ж. Троицскідегі “Ахун Рахманқұли” медресесінде 1 жылдай ғана оқып, өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады.

  • Тұрмыстың қиыншылығынан оқуды жалғастыру арманы орындалмайды, бірақ ол өз бетімен көп ізденіп, оқымысты жастардың біріне айналады.

Сүйем туған елім – анам тілін

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім – деп жырлаған ақын ел – жұртын, халқын қалтқысыз сүйе отырып, сол айнымас абзал сөзімді патриоттық іс – әрекетпен ұштастыра білген.Ол – халықтың ой – тілегін білдіруші. Сұлтанмахмұт өзін ғана қайрап қоймай, жастарды да «адам болып шығуға» үндеп жар салады. Оқуға, білім алуға шақырады.Оның қозғаған тақырыптары: қоғамдағы әділетсіздік,теңдік.

Шығармалары: « Шәкірт ойы », «Кедей», «Қамар сұлу» және т.б.

ІV.Сергіту сәті. «Кім тапқыр?». «СҰЛТАНМАХМҰТ» сөзінен тек 3 әріптен тұратын сөздер құрау.Әр топқа жеке қағаз беріліп, уақыт белгіленеді.

(сан, ұлт, ана, тас, мал, ата, хат, тал, нас, лас, хан, сұм, ала, ант, тұс, тұт, тұт)

V. «Кедей» өлеңі бойынша жұмыс. 2-слайд

- Үлгі оқу.(мұғалімнің оқуы)

-Оқушылар өз бетімен ызың дауыспен тұтас оқып шығады.

Өлең бойынша сұрақ-жауап жүргізу: «Бәйге»

Қай топ жылдам әрі дұрыс жауап берер екен?

1.Өлеңде жылдың қай мезгілі айтылған? Оны қай жолдардан білдіңдер?

2.Ал тәуліктің қай мезгілі? Ол қай сөздерден білінеді?

3.Бұл адам қараңғы түнде не істеп отыр?

4.Оның қасында не бар?

5.Оның киімі қандай? Тоңып отырғанын қай сөздерден білеміз?

6.Өлеңде бұл адамның ауыр тұрмысын қалай бейнеленген?

7.Кедей деп кімдерді атаған?

8.Өлеңнен қай кездегі халық тұрмысын білуге болады?

- Балалар, біз «Күлпаш» әңгімесінен, «Кедей» өлеңінен бүгінгі күнге жетпестен, яғни тәуелсіздігімізді алмастан бұрын қазақ даласында қандай жағдайлар болғанын білдік.

Қазақстанда 1930-1932 жылдары не болған?

- 1930-1932 жылдары ашаршылық себебінен Қазақстанда алты миллионнан астам халықтың екі миллионнан астамы қырылған.

- Осы аштықты негізге ала жазылған Б.Майлиннің «Күлпаш» және С.Торйғыровтың «Кедей» шығармалары – жаппай ашаршылық құрбандарына қойылған мәңгі ескерткіш іспетті. Олай болса, бүгінгі тақырыбызға орай шағын пікір-талас өткізейік.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту

Біздің ойымызша ....(пікір-талас)

  1. Қазір кедей адам жоқ.

  2. Қазіргі кезде кедей адамдар бар.

І топ. Біздің ойымызша ...

ІІ топ. Біздің ойымызша ...

ІІІ топ. Біздің ойымызша ...

Екі пікірдің қайсысымен келісетінін айтып, әр топ өз ойларын ортаға салуы, дәлелдеуі керек.


ҮІІІ. Қорытындылау

  • Бүгінгі сабақта біз не өттік, біз не білдік?

  • Бүгінгі өткен тақырыбымыз қандай әсер қалдырды?

  • Сабақты қандай тілекпен аяқтағыларың келеді?

ҮІІІ. Үйге тапсырма

  1. Ойтолғаныс жазып келу;

Аштық, кедейлік болмау үшін не істеуге болады?

  1. «Кедей» өлеңін мәнерлеп оқу.

ІХ. Бағалау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ана тілі п?нінен ашы? саба? та?ырыбы: "Кедей"

Автор: Дилдабекова Айткул Ма?л?м?ызы

Дата: 04.03.2016

Номер свидетельства: 302134


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства