Ана - барлы? ?мірді? бастауы. Ол адамды ?мірге ?келеді, оны т?рбиелейді, ?сіреді. Адам бойында?ы барлы? асыл ?асиет к?нні? н?рынан, ананы? а? с?тінен дариды. Ана осы бір жал?ыз ауыз с?зде талай сыр,талай тере? ма?ына жатыр. Баланы? тілі шы??аннан - а? бірінші с?зін ана деп айтады. ?мірді? есігін аш?аннан со? осы ?мірдегі ?зі?ні? жан ана?ды к?ресі?.
Мен ?зі?мен ?айда ж?рсем біргемін,
К?н н?рындай жадырай бер к?лгені?.
Асыл с?зі? ж?регімде ж?р мені?,
?андай ба?ыт ортамызда ж?ргені? –дей келе кезекті ана туралы та?па?тар?а
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана осы бір жалғыз ауыз сөзде талай сыр,талай терең мағына жатыр. Баланың тілі шыққаннан - ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Мен өзіңмен қайда жүрсем біргемін,
Күн нұрындай жадырай бер күлгенің.
Асыл сөзің жүрегімде жүр менің,
Қандай бақыт ортамызда жүргенің –дей келе кезекті ана туралы тақпақтарға
береміз.
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Ана деген аңсаған,
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты,
Таба алмайсың ешқашан.
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп мені,
Құлыншағым, күнім дейтін.
Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң мекен.
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар мекен.
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.
Ананың біз гүліміз,
Ананың біз нұрымыз.
Ана бізді қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ән: Ана туралы жыр.
Ана туралы мақал-мәтелдер.
Әкеге қарап ұл өсер,
Анаға қарап қыз өсер.
Әке сөзі-парыз,
Ана сөзі-қарыз.
Бала ананың бауыр еті.
Ананы сыйламағанды адал деме,
Ұстазын сыйламағанды адам деме.
Алып-анадан,
Ат биеден.
Ақ жаулықты ананың,
Ақ көрпесі баланың.
Атадан ақыл
Анадан мейір.
Ананың сүті бал,
Баланың тілі бал.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Ана баласын арыстанның аузынан алады.
Би: Маңғыстау күйі.
Даналық сөздер.
«Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.»
В. А. Сухомлинский.
«Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
Б. Г.Белинский.
Мұхамед (с.ғ.с.) айтқан хадисі
«Жәннат – ананың табанының астында».
5. Интерактивті тақтамен жұмыс.
-Ана күн секілді айналаға мейірімін, жылуын шашып тұрады. Олай болса мына күннің айналасына аналарыңның сендерге айтатын жылы сөздерін жаза қойыңдар.
Ана – біздің күніміз.
Ана
Өлең: Соқыр ана. ( Деректі фильм арқылы көрсетіледі).
Қорытынды:
Аналарымызға өзіміздің тілегімізді айтайық.
- Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді. Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымызМұхаммед (с.ғ.с.) – ға сахабалары келіп:
- Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда
– Ол анаңа, - деді, екінші кімге дегенде – тағыда анаңа, - деді, үшінші кімге дегенімізде - тағыда анаңа,- деді, төртінші кімге дегенде;
- Әкеңе, - деді.
- Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқының салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын! –дей отыра бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.