kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана . «Не т?тті?» Жі?ішке дауысты с?здер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ма?саты:
1.Ана, ананы? ала?аны, анадан ысты?, арты? адам жо? екені туралы, т?сініктерін ?алыптастыру, шешендік с?здер, Жиренше шешен туралы ма?л?мат беру.
2.О?ушыларды? ой - ?рісін, тіл байлы?ын, ойлау ?абілеттерін дамыту,ережелерді пысы?тау.
3. Балаларды аналар?а деген с?йіспеншілікке баулу ана е?бегін арда?тап, мейірімділікке сый - ??рметке т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана . «Не т?тті?» Жі?ішке дауысты с?здер. »

Сабақ тақырыбы: Ана . «Не тәтті?» Жіңішке дауысты сөздер.

Сабақ мақсаты:

1.Ана, ананың алақаны, анадан ыстық, артық адам жоқ екені туралы, түсініктерін қалыптастыру, шешендік сөздер, Жиренше шешен туралы мағлұмат беру.

2.Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту,ережелерді пысықтау.

3. Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый - құрметке тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Әдіс:мәнерлеп оқу,сұрақ –жауап,

Сабақ жабдығы: интерактивті тақта

 Сабақ барысы.

I.                   Ұйымдастыру.

1-слайд (Сабақ тақырыбы, мақсаты)

  1. Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабаққа қонақтар келді. «Қош келдіңіздер» дей отырып, мен бәріңізге жақсы көңіл-күй тілеймін. 

  2. Психологиялық дайындық

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басымызды иеміз.

- Отырағойындар балалар.

3. Қызығушылықтарын ояту.

-Қазір жылдың қай мегзілі?(Қыс)

-Қыстан соң қандай жыл мезгілі болады? (Көктем)

-Көктемде қандай мереке бар? ( 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін,22 наурыз Наурыз мейрамы)

- Балалар 8 наурыз мейрамында кімдерді құттықтаймыз?(Әжелеріміз, аналарымыз, апаларымызды)

- Ендеше уйге берілген Мұқағали Мақатаевтың «Құттықтаймын, мама , туған күніңмен» өлеңін бірге орындайық.(музықаның көмегімен)

-Тамаша.

3 слайд Әжесімен немересінің суреті

- Кімдер бейнеленген?

- Әжесі мен немересі.

- Балалар сендерге әкеннің анасы кім болады?

- Әже.

- Тағы калай айтамыз ? Апа

- Балалар сендерге ананың анасы кім болады?

- Ол сендерге нағашы әже. Олар екеуі де сендерге жақын. Сендер оларға кім боласыңдар?

- Немере

Әже туралы ой пікірлерін сұрау.

- Уйге берілген ақын Қабдыкәрім Ыдырысовтың «Әже мен немересі» өлеңін мәнерлеп оқиық.

- Бір оқушыға оқыту.

- Рольге бөліп оқыту.

- Ендеше әжеміз бізге әдемі тақия тігіп беріп жіберіпті.

4 .«Кел бірігіп ойнайқ!»

- Сендермен «Тақия тастамақ» ойының ойнайық.

Ойын мақсаты: Ойынға бірнеше оқушы қатысыды. Мұғалім бір оқушының басына тақияны кигізіп сұрақ қояды, оқушы дұрыс жауап берсе келесі оқушыға кезек келеді.

-Дыбыс дегенді қалай түсінесің?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыс қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

-Сөз нелерден құралады?

- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Жуан дауысты дыбыстарды ата?

-Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөзіміз қалай айтылады?

-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңшке болса, сөзіміз қалай айтылады?

5 слайд Отбасының суреті

5.Ой қозғау

  • Суретті бір сөзбен қалай атаймыз?

  • Отбасы осы сөзді буынға бөл? Бірінші буынды ата, екінші буынды ата, үшінші буынды ата? Неше дыбыс ,неше әріп ? Дауысты дыбыстарды атандар?Сөз қалай айтылып тұр?

  • Ата осы сөзді буынға бөл? Бірінші буынды ата, екінші буынды ата, үшінші буынды ата? Неше дыбыс ,неше әріп ? Дауысты дыбыстарды атандар? Сөз қалай айтылып тұр?

  • Әже осы сөзді буынға бөл? Неше дыбыс ,неше әріп ? Дауысты дыбыстарды атандар?Олар қалай айтылып тұр?

  • Әке осы сөзді буынға бөл? ? Неше дыбыс ,неше әріп ? Дауысты дыбыстарды атандар? Сөз қалай айтылып тұр ?

  • Бала осы сөзді буынға бөл? Бірінші буынды ата, екінші буынды ата? Неше дыбыс ,неше әріп ? Дауысты дыбыстарды атандар? ? Сөз қалай айтылып тұр?

  • Ана осы сөзді буынға бөл?Неше дыбыс ,неше әріп ? Дауысты дыбыстарды атандар? Сөз қалай айтылып тұр?

  • Немере осы сөзді буынға бөл? Бірінші буынды ата, екінші буынды ата, үшінші буынды ата? Неше дыбыс ,неше әріп ? Дауысты дыбыстарды атандар? Сөз қалай айтылып тұр?



ЖУАН АЙТЫЛҒАН СӨЗДЕР

ЖІҢІШКЕ АЙТЫЛҒАН СӨЗДЕР

ОТБАСЫ

ӘЖЕ

АНА

ӘКЕ

БАЛА

НЕМЕРЕ

АТА



  1. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық

Хормен оқу

Бала , бала ,бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

  • Өлең кімге арналған ?

  • Анаға

7.Жаңа сабақты түсіндіру

Интерактивті тақтадан 43 жаттығу Мәнерлеп оқып , көшіріп жазыңдар.

  • Адам баласы үшін ең аяулы ең қадірлі сөз ана.

Ана

Адамда не қасиет болса , бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған.

-Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Жазушының «Ана» тақырыбындағы шығармаларының көп сендер жоғары сыныпқа барғанда танысасындар.

8.Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемілеп жазайық.

  • Ана деген сөз қандай әріптен басталып тұр.

-Көркем жазуға А а әріпін жазамыз.

9.Тірек сызба

- Сендер аналарынды жақсы көресіңдерме? Олай болса , мына сұраққа жауап беріңдер?

- Анаң қандай сенің?



10. «Жоғалған әріптер» ойының ойнайық

Жақсы, әдемі, ақылды, ақ көңіл,ұстамыды, кешірімді.

- Қандай дыбыстар қойдындар?

Сергіт

11.Мақалды жалғасыр

1. Ағайын — алтау,
(Ана — біреу.)

2.Ана жақсылығын,
(Ауырсаң білерсің)

3. Ананың сүті—бал,
(Баланың тілі — бал.)

- Мақал-мәтелдер қысқа да нұсқа сөйлеудің, шешен, тапқыр сөздің көрінісі.Мақалдарымыз не жайында ?

-Аңызда аты қалған Жиренше шешен ел аралап, ақылы мен парасаты жоғары  адамдарды іздеудің бір көрінісі  ретінде  аңыз болып қалған әңгіме  «Не тәтті?» деп аталады.

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер.

.

Осы мақалдардың мәні қандай? Кім туралы айтылған? 

12. Диктофон арқылы мәтінді тыңдау.

13.Сұрақ - жауап?

1.Жиренше шешенің алдынан кім кездеседі?

2.Балаға қандай сұрақ қояды?

3. Дүниеде не тәтті?

4.Бала не деп жауап береді?

5. Не жұмсақ?  

6.Екінші бала не деп жауап береді?

 7. Жиренше шешен қай баланың жауабына риза болады?

6-слайд.   Жаңа сөздермен танысу

Қарсы кездескен,

Жұмсақ,

мамық,

өтіну,

риза болу.

14.Оқулықпен жұмыс

-Мұғалімнің оқуы.

-Рөлдерге бөліп мәтінді оқыту.

Топтау










15.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

Сематикалық қарта

Сөз

ана

бала

әже

қыз

әке

немере

ұл

Жуан айтылады

+

+


+


+

+

Жіңішке айтылыды



+


+




Сабақты қорытындылау:

- Бүгін қандай мәтінмен таныстық ?

- Мәтін кім туралы айтылған ?

- Шешен деген кім ?

16. Үйге тапсырма : Не тәтті? оқып келу, мазмұның айту.Ана туралы әңгіме құрау.

17. Бағалау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ана . «Не т?тті?» Жі?ішке дауысты с?здер.

Автор: Смагулова Лайла Темирбаевна

Дата: 18.05.2015

Номер свидетельства: 212818


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства