kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"А?дарды? ?ыс?ы тіршілігі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Таным, ?леуметтік орта, шы?армашылы?.

Б?лімі: ?орша?ан ортамен таныстыру, к?ркем ?дебиет, сурет.

Та?ырыбы: А?дарды? ?ыс?ы тіршілігі.

Ма?саты: Орманда?ы а?дарды? тіршілігімен, оларды? ?ыс?ы таби?ат?а бейімделуі туралы т?сінік беру. А?дарды? т?р-т?сіне к??іл аударып, олар?а ?ам?орлы?пен ?арау?а т?рбиелеу, с?здік ?орын байыту.Ж?мыс барысында балаларды? ?з алдына жеке дербес ?рекет етуі мен белсенділігін дамыту.

?діс-т?сілдері: ??гімелеу, с?ра?-жауап,  сурет салу, дыбысты? жатты?у.

К?рнекілігі: Орман а?дарыны? суреттері.

?остілділік компонент: Аю-медведь.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"А?дарды? ?ыс?ы тіршілігі" »

Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта, шығармашылық.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, сурет.

Тақырыбы: Аңдардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты: Ормандағы аңдардың тіршілігімен, олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру. Аңдардың түр-түсіне көңіл аударып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, сөздік қорын байыту.Жұмыс барысында балалардың өз алдына жеке дербес әрекет етуі мен белсенділігін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, сурет салу, дыбыстық жаттығу.

Көрнекілігі: Орман аңдарының суреттері.

Қостілділік компонент: Аю-медведь.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Балалар, бүгін күн қандай керемет, ерекше күн. Қане, барлығымыз бір-бірімізге жылу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, келген қонақ апайлармен сәлемдесейік.

Аппақ,аппақ қар аппақ,

Қар жамылған дала аппақ.

Шұғыласын шашатын,

Арайланған таң аппақ.

Сәлеметсіздер ме апайлар!

Балалар бір-біріне жылы тілектерін білдіріп, қонақтармен амандасады.

Іздену-ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

  • Дұрыс айтасыңдар.

Тосын сәт: Есік қағылып, ішке Маша кіреді (қолында себеті бар).

Маша: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Тәрбиеші: Ой, балалар мынау «Аю мен Маша» ертегісіндегі Маша ғой. Қош келдің, төрге шық.

Маша: Ия, балалар мен досым аюды іздеп жүрмін. Орманның ішін шарладым, бірақ таба алмадым. Сендер көрмедіңдер ме?

- Балалар, сендер Машаның досы Аюды білесіңдер ме?

- Тағы қандай аңдарды білесіңдер?

- Ал, осы жабайы аңдар қайда өмір сүреді?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар,олар орманда, таулы жерлерде мекендейді.

- Қане, балалар суретке қарайықшы. Мен сендерге жабайы аңдардың қысты қалай өткізетіні туралы әңгімелеп берейін. Ал, осы орман аңдары жылдың әр мезгілінде өздерінше әзірленеді екен. Аю жеміс-жидек, жабайы аралардың балын жеп, жаз бойы денесіне май жинап, қыс бойы апанда ұйықтап, көктем шыға оянады.

- Ал, қоян болса қысқа азық жинамайды, ол ормандағы ағаш бұтақтарын, қабықтарын, қурап қалған шөптерді қорек етеді екен, сонымен бірге қоян нені жақсы көреді?

- Ал, енді түлкі ұсақ аңдармен, тышқандармен қоректенеді. Сөйтіп жабайы аңдар қыс бойы азықтарын өздері тауып жейді. Міне, балалар орманда мекен ететін аңдарға қамқорлық жасауымыз керек. Оларды өлтіруге болмайды, олардың да сендер сияқты кішкентай балалары бар.

  • Қане, осы аңдардың балаларының аттарын атайық.

Аюдың баласы – қонжық.

Түлкінің баласы – түлкішек.

Қоянның баласы – көжек.

Қасқырдың баласы – бөлтірік.

- Қанекей, барлығымыз орнымыздан тұрып, Машамен бірге бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті.

Аю болып қорбаңдап,

Түлкі болып сылаңдап.

Қоян болып секіріп,

Орнымызды табайық.

- Жарайсыңдар, балалар.

- Балалар, Машаға аюдың суретін салып берейік.

- Аюдың түсі қандай?

Аюдың бейнесін қалай саламыз, қане, маған тақтаға қараңдар. Аюдың басын кішкене дөңгелек, ал денесін үлкен дөңгелек етіп саламыз. Аяғын, қолын сопақша пішінмен саламыз...(Жұмыс барысында балалардың ұқыпты жұмыс істеуін қадағалау)

  • Балалар, сендер аю туралы тақпақ білесіңдер ме?

Тауға шықсаң қалың қар,

Сайға түссең қалың қар.

Шырша үсті қалың қар,

Байқаңдар, қар астында.

Ұйықтап жатқан аю бар.

Тәрбиеші: Маша саған аюдың суретін сыйға тартамыз, қабыл ал.

Маша: Рахмет, балалар. Менің кететін уақытым болыпты. Сау болыңыздар!

Дыбыстық жаттығулар:

-Ян –ян –ян – секеңдеген қоян,

-Ю –ю –ю –қорбаңдаған аю.

-Кі –кі –кі –бұл айлакер түлкі,

-Қыр –қыр –қыр – бұл көкжал қасқыр.

Қыс мезгілі.

Қыс мезгілінде күн салқын, аяз болады.

Сәлеметсіз бе!



Жоқ, көрмедік.

Ия, білеміз.

Қоян, қасқыр, түлкі.

Орманда.











Қоян сәбізді жақсы көреді.








Балалар қайталап айтады.





Сергіту жаттығуын қимылмен көрсетеді.




Балалар аюдың бейнесін дөңгелек пішіндермен салады.









Сау болыңыз.


Балалар дыбыстық жаттығуды қайталап айтады.


Іс-әрекетті бақылау кезеңі

  • Жақсы балалар, бұл жабайы аңдар қайда мекендейді?

  • Бізге қонаққа кім келді?

  • Сендер ненің суретін салдыңдар?

  • Аюдың түсі қандай?

Бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне барлықтарыңда жақсы қатыстыңдар. Келген апайларға қош сау болыңыз айтайық.

Орманда.

Маша.

Аюдың.

Қоңыр.


Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Жабайы аңдар орманда өмір сүреді.

Баланың меңгеруі: Орман аңдарының қысқы тіршілігін.

Баланың жасай алуы: Аюды геометриялық пішіндер арқылы салады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"А?дарды? ?ыс?ы тіршілігі"

Автор: Каресова Нургул Сержановна

Дата: 03.03.2015

Номер свидетельства: 181713


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства