Этот урок для начальных класов для 2 класса. Тема урока Алтын куз сыйы. Это для казахских школ которые учатся на казахском. Здесь много интересного, например стихи про осень и все что связано с ним. Мне очень нравится в этом уроке, здесь много загадок которые интересны для детей. Здесь Я приготовила песни для детей связано с осенью и с сказками.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
1. Білімділік: Оқушылардың күз туралы білімін кеңейту, ұштату, күз кереметтері, табиғат сыйы туралы айту арқылы адам еңбегін дәріптеу.
2.Дамытушылық:Оқушылырдың тіл байлығын дамытып, ой – өоісін, ойлау қабілетін арттыру.
3.Тәрбиелік:Оқушыларды табиғатты аялауға, өз өлкесін сүюге, адамдардың еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер. Жапырақтар.
Сабақттың Барысы:
І. Кіріспе бөлім
1 - Жүргізуші:Армысыздар қымбатты ханымдар мен мырзалар, қайырлы күн ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі жас достарым! Берекелі де мерекелі "Алтын күз сыйы " атты кешімізге қош келдіңіздер!!
2- жүргізуші
Күз халқымның ежелден берекесі
Жерден ғой адамзаттың несібесі
Тойлаймыз біз бүгінгі күз мейрамын,
«Алтын күз»құтты болсын мерекесі
Күз айы мерекелі ай.Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған "Алтын күз" мерекесі әрбір жанға құт береке, ырыс пен табыс әкелсін дейміз. Қадірменді қауым "Алтын күз сыйы" атты кешін ашық деп жариалаймыз!!!
1 – оқушы:
Алтын нұрдай тамшылап
Жапырақтар төгілді.
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді.
2 – оқушы:
Көктемде егін егетін
Күзде жинап беретін
Біздің дала, бай дала,
Алтын астық айнала.
3 – оқушы:
Дәнге толы қызыл қырман
Қырман басы қызық думан,
Мөлдіретіп жүзімдерін.
Келді алтын күзім менің,
Молшылық күз, береке күз,
Береке күз – мерекеміз.
1 – жүргізуші
Ендеше ортаға өнерлі оқушыларымыздың орындауында «Мереке» әнін қарсалыңыздар.
Күз ханшайымы (Себет толы жемістерімен күз келеді.)
Сәлем өрен достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Қымбатты сый алыңдар.
Молайтыңдар шаттықты.
Ән айтыңдар бақытты.
Мен күзбін. Өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп, бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай, төгіп – төгіп жіберемін. Әйтсе де, мені жомарттығым мен ақ көңілділігім үшін бәрі де ұнатады.
2 - жүргізуші.
Балалар күз ханшайымы өзінің жемістерімен бекер келмепті. Жұмбақтар ала келіпті. Ендеше, жұмбақ шешіп көрейік.
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды аңырқатты.
(Алма)
Өзі шалғы, өзі орақ,
Өзі қырман, өзі арба,
Өзі күрек, өзі қап.
(Комбайн)
Іздесең күзде табылар
Көз жауын алып көктейді.
Қабат – қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.
(Капуста)
1 – жүргізуші.
Жарайсыңдар балалар сендер күз ханшайымының жасырған жұмбағын жақсы шеше білдіңдер. Ендеше өз өнерімізді ортаға салайық.
Шие:
Шиеміз біз, шиеміз,
Ылғи бірге жүреміз,
Піскен кезде өзіміз.
Басымызды иеміз.
Өрік:
Мен өрікпін, өрікпін.
Ағашқа мен көрікпін.
Піскен кезде уылжып,
Кетемін өзім еріп тым.
Жүзім:
Моншақтай жүзімдер,
Шетінен үзіңдер.
Моншақтап тізіңдер.
Қауын:
Білесіңдер ауылды,
Ауылда өскен қауынды.
Қауын деген сары алтын,
Еңбекпенен табылды.
2 – жүргізуші
Ортаға өнерлі қызымыз Қабылбек Дидардың орындауында «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар.
Күз ханшайымы:
Өнерлінің өрісі кең демекші оқушыларымыздың барлығы өнерлі, бңлңмді екен киген киімдері қандай әдемі! Рахмет балалар өнерлеріңе !
Оқушы: Абайдың «Күз» өлеңін нақышына келтіріп оқиды.
1 – жүргізуші
Табиғатты адамзат аялаған,
Егін егіп, мал бағып саялаған,
Қарасындай көзінің қорғай жүріп,
Қамқорлығын ешқашан аямаған,
Тілегім аман болсын, ел іргесі.
Алтын күз қайта келер берекесі,
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз ырыс, береке бірліктерді – деп Алтын күз кешімізді аяқтауға рұқсат етініздер! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.