kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алматыда ту?аныма ма?танамын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Алматыда ту?аныма ма?танамын

Саба?ты? ма?саты:О?ушыларды Отанс?йгіштікке т?рбиелеу.

                                 О?ушыларды? танымды? ?абілеттерін дамыта 

                                 отырып зерттеулік,шы?армашылы? 

                                 ?абілеттерін да?дыландыру.

                                 Жеке т?л?аны ?з бетінше ж?мыс

                                 істеуге,ізденуге,а?паратты ?олдана білуге

                                к?пшілік алдында с?йлей білуге ?йрету.

                                Отанымызды? м?дени-тарихи орталы?ы Алматы 

                                ?аласына деген с?йіспеншілік сезімдерін ояту.

Саба? т?рі:танымды? саяхат саба?

?ажетті ??ралдар:к?рнекілік,фотасуреттер,шы?армашылы? 

                              ж?мыстар,карта с?лбасы.

Саба?ты? барысы:?йымдастыру

                                ?она?тарды ?арсы алу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алматыда ту?аныма ма?танамын »

Сабақтың тақырыбы: Алматыда туғаныма мақтанамын

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта

отырып зерттеулік,шығармашылық

қабілеттерін дағдыландыру.

Жеке тұлғаны өз бетінше жұмыс

істеуге,ізденуге,ақпаратты қолдана білуге

көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету.

Отанымыздың мәдени-тарихи орталығы Алматы

қаласына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Сабақ түрі:танымдық саяхат сабақ

Қажетті құралдар:көрнекілік,фотасуреттер,шығармашылық

жұмыстар,карта сұлбасы.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру

Қонақтарды қарсы алу

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар.

Алматыда туғаныма мақтанамын атты

танымдық саяхат сабағымызды бастауға

рұқсат етіңіздер.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де,ерлік,өрлік,өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді қала болмады дегенге?!

Мың жылдық тарихы бар ежелгі қалалардың бірі,Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан қала-Алматы.Алматы қаласы басынан әртүрлі тарихи кезеңдерді өткізді.Алатаудың қойнауында қоныс тепкен жасыл қала жайында талай ақындарымыз жырлады.

Әдеби монтаж:

Құйын бақтан үзіп алма

Тұман жұтты тау арайын

Бүгін тағы бұзыла ма

Алматының ауа –райы


Тұтасқан бұлт жауады ақырын

Жаңбыр йісі сезіледі

Бір бұлт тауға бара жатыр

Тағдырына кезігеді



Алатау,асқағымсың,тірегімсің

Мен өлсем де өлмейтін жүрегімсің

Шартараптан ағылып келген адам

Қасиетінді өзіңнің біле білсің

Баурайын –нұрлы қала,жырлы қала

Сүйетін сұлу ән мен жырды ғана

Тұрасың айрықша бір айбар шашып

Нұрланса Алматыдай түнгі қала


Шыңдарын ақша бұлтпен жарасады

Ал кейде ақ бұлттан да әрі асады

Тағдырдан жаралғандай жақын болып

Алматы сеніменен жарасады



Кейде сен қатпар-қатпар әжімдейсің

Ал кейде кереметтің өзіңдейсің

Алматы әлдеқалай боп қалар деп

Анадай қүндіз-түні көз ілмейсің


Алматының ақындары армысың

Алматының ақындары бармысың

Аңыз бенен ақиқаттың арасын

Мекендеген мерекелі жандар-ай



Алматының ақындары жыраулар

Таңдайында ай дөңгелеп күн ауар

Талантыңа күмән де жоқ шек те жоқ

Талғамына күмән емес сұрау бар


Түнгі Алматы тұманы ашылғанда

Алатауға ай келіп асылғанда

Нұр жанады,аспанның жұлдыздары

Алматының үстінен шашылғанда


Сүйіседі көшелері көшемен

Бір рақат сезесің еселенген

Осы сиқыр қалада өскенменен

Таңданасын туристей кеше келген

Атына ғашық жер беті

Аққудай аппақ келбеті

Аялап жатқан Алатау

Алматы келбеті


Гүл ашады көктемде

Көк нөсерлер төккенде

Тұрады апорт тербеліп

Жел бұтаны өпкенде


Мұғалімнің сөзі:Алматының тарихын білу мақсатында сыныбымызда

шығармашылық зерттеушілер тобы құрылды. Бүгін сіздердің

алдарыңызда Алматы қаласын жайлы атқарған

жұмыстарының нәтижесімен таныстырады.

Асқақтаған Алатау

Бауырын толған бақша-бау

Май айында толықсып

Иісің жұпар аңқида-ау

Алатау тауын зерттеуші Айымды ортаға шақырамыз


Алатау

Іле Алатауы Солтүстік Тяньшань құрамына кіреді.Іле Алатау жотасы солтүстік беткейде орналасқан.Іле Алатау етегінде Алматы қаласы орналасқан.Іле Алатауында демалыс орындары,сауықтыру кешендері көп.1996жылы 22 ақпанда ұлттық табиғи саябағы құрылды.Ол 200 мың гектар жерді алып жатыр.Іле Алатауында 300-ге жуық аңдар мен құстар түрі мекендейді


Алматының зерттеушілері,армысың

Алматының зерттеушілері,бармысың

Алматының қаласының тарихын зерттеген

Муратбек бармысың-дей отыра Муратбек сөз сізге беріледі.


Алматы қаласының тарихы.

1854 жылы 4 ақпанда Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қорғаны Верный бекінісі қаланды.1855 жылы Верныйға бірінші көшпенді-қазақтар келді.1856 жылы орыстар келіп қоныс тепті,бекініс жанында Үлкен Алматы станциясының негізі салынды.1859 ж 5 мың адам тұрды.1867 жылы 11 сәуірде Верное бекінісі қалаға айналып Алматинск деп өзгертілді.1887 жылы 28 мамырда үлкен жер сілкінісі болды.1910 жылы жер сілкінісі қайталанды.1913ж қала халқының саны 37 000 –ға,2100 үй,9шіркей,18 оқу мекемесі,мұражай,66 фабрика мен завод,313 жұмыскер жұмыс істеді.1917жылғы революция қалаға ешқандай өзгеріс әкелген жоқ.1918жқалада Кеңес үкіметі орнады.1921 жылы Верный қаласын Алматы қаласына ауыстырды.1927жылы 2наурызда Республика астанасы Қызылордадан Алматы ауыстырылды.қазақстанның астанасы болуына байланысты архитектуралық құрылыс жоспары бекітіліп қала көркейіп өзгерді.Кеңес үкіметі кезінде қала Қазақстан Советтік Социолистік Республикасының астанасы болды. 1993 жылғы шешім қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.1998 жылдың 1шілдесінде Н.Назарбаевтің үкімімен Алматы қаласы туралы жаңа заң қабылданды,қала мәртебесі көтеріліп Алматы ғылыми,мәдени,тарихи,қаржылық және өндірістік орталық болды.2004 жылы туризм мәселесін дамыту мақсатымен 6 жылға бағдарлама қабылданды.Қалада Алматы қаласының мың жылдығы атты ғылыми конференция өткізілді,отадық тарихшылардың зерттеуіне әлі де тарихы жеткілікті қала мені де қызықтырды,мүмкін мен де өскенде қазақстан қалаларын зертейтін ғалым болармын деген ой келді.


Мұғалімнің сөзі:Көп рахмет Муратбек.Атын затына сай мұратына жететің

азамат боларың сөзсіз

Ақша бұлтпен таласып

Ақ бұлттан да әрі асып

Қонақ келсе қарсы алар

Алматыда әуежай бар

Әуежайдың тарихын

Баяндайтын Дана бар


Алматы әуежайы.

Алматы әуежайы 1935 жылы қолданысқа берілген.1991 жылы «Алма-Ата» аэропорты болып қайта құрылды.1994 ж Алматы аэропорты болып өзгертілді.БүгіндеХалықаралық Алматы әуежайы.Халықаралық әуежай Оңтүстік Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы тиімді қатынас орны.Алматы әуежайы заман талабы сай техникамен жабдықталған,қызметкерлері кәсіби білікті.Ұшу жолағы күрделі жөндеуден 1998 ж өтті.Жолақтың көлемі талаптарға сай ұзындығы-4,400м,ені-60 м


Тау үстінде биік шыңда шыршалы

Біреу сырғып,біреу жүйткіп барады

Алматының кереметі Медеуді

Зерттеген Салима жарады.

Алматыдағы Медеу –мұз айдыны.

Медеу мұз айдыны 1970 жылы бой көтерді.Небәрі 2жылдың ішінде салынып біткен1972ж

28 желтоқсанда пайдалануға берілген.Медеудің бас архитекторы-Владимир Канец.

Мұз айдынды неге «Медеу» деп қойды екен. Тарихшылардың сөзіне сенсек Мұз айдын орналасқан шатқалға қазаққа танымал Шапырышты Пусырман батырдың ұлы Медеудің есімі берілсе керек.Медеу Пусырманұлы өз заманында Верный уезінде кіші Алматы болысын басқарыпты.Мұз айдын теңіз денгейінен 1691 метр биіктікте жатыр.

2008 ж жылы күрделі жөндеуден өтті.Әлемдегі 150 аса үздік спорттық рекортар Медеу мұз айдынында жасалған.Мұз айдында конькимен сырғанаудан,канада хоккейі,керлинг,мәнерлеп сырғанау және допты хоккей сияқты халықаралық және өңірлік деңгейдегі жаттықтырулар мен спорт іс шаралары толығымен өтуіне дайындалған кешең.Медеу қонақ үйі бір мезгілде 10 мыңға жуық адамды қабылдайды.1990ж Халықаралық Азия даусы ән байқауы өтті.Мұнда сонамен қатар Шымбұлақ тау шаңғы курорты Азияда-2011 кезінде тау шаңғы бойынша жарыстар өткізу үшін іске қосылды.жылдам түсу және слалом-гигант трассалары құқықтары бойынша әлемдегі ең қиын трассалар ондығына кіреді.


Қазақ деген елде

Алматы деген жерде

Апорт деген алма бар

Жеген адам таң қалар

Апорт алма туралы

Білетін бала Раиымбек сөз алар.

Алматы апорт алмасы.

Апорт алмасы Қазақстанда алғаш рет 1865 жылы келген.Қазіргі кезде Алматы,Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл облыстарында Александр,қанқызыл апорт сорттары өсіріледі.Халық Александр апорттын Алматы апорты деп атап кеткен.Апорт таулы аймақтарда 750-1450 м

Биіктікте өседі,суыққа төзімді.Бүгінде апорт алмасын егумен шаруа қожалықтары айналысады,олар арнайы маман шақыртып,жер көлемін ұлғайтып келеді.Алматыдан 80 шақырым жерде арнайы Саймасай елді мекенде лицензиялы питомнигі бар.Алматы апортын шет елден келген қоңақтарға тарту ету дәстүрге айналған.


Алматыға барғанда

Сен арала шаршама

Онда қазақ циркі бар

Егер оны білмесең

Мадинадан сұрап ал

Алматы қаласындағы қазақ циркі

Цирктің ең алғашқы ұжымы 1970жылы 1 шілдеде құрылды.Содан бері бұл күн Қазақ циркінің туған күні болып саналады.Цирктің ойын-сауық көрсету тарихынан.Қазақтың ат үстіндегі өнері,әйгілі палуан Қажымұқан Мұнайтпасұлының театрландырып өнер көрсетуі алғашқы бастамасы еді.Алғашқы көзбайлаушы Сұлтанғали Шүкіров,акробатшы Светлана Самущенка болды. Бірінші қойылымды қоюшы өнер қайраткері Г.Перкун және Дубинский болды.Жамбыл облысының Луговой шаруашылығынан сәйгүлік аттар әкелінді.Аюды басқа аңдарды Алматының хайуанаттар паркінен берді.1972 жылы Сиқырлы киіз үй ғимараты берілді.Қазақ циркі бүгінгі таңда жоғары деңгейде дамыған. Тамаша шабандоздары,жанды және ғажайып шоу,акробатика әлемін көрсете біледі.


Ел есіңде сақтауға

Ерлік еткен батырға

Қызмет еткен ғалымға

Жазушы мен ақынға

Елі қояр ескерткіш-дей келе Алматы қаласындағы ескерткіштер туралы Диасқа сөз береміз.

Алматы қаласының ескерткіштері

Ескерткіш еліне еңбегі сіңген,тарихта аты қалған,артынан із қалдырған адамдарға қойылады.Елің жерін қорғаған батырларға,елге қиын сәтте көмектескен данышпандарға,қоғам қайраткерлеріне қойылады.

Біздің қазақ халқында ондай ұлдары мен қыздары жетерлік.

Алматы қаласында ескерткіштер өте көп .Атап айтсам

Қазақстан жауынгерлеріне (ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге )

Мүсінші К.Сатыбалдин,сәулетші В.Сидоров

28-гвардияшы-панфиловшылар саябағы

Абылай хан ескерткіші Алматы темір жол вакзалының жанында орналасқан

Абай Құнанбаев ескерткіші 1960ж мүсінші Наурызбаев

Шоқан Уәлиханов ескерткіші 1969ж мүсінші Наурызбаев сәулетші Валиханов И.Ш

Жамбыл Жабаевқа ескерткіш 1971жылы қойылды

Жандосов Ураз Кикимович саясаткер 1969жескерткіш қойылды

Амангелді Имановқа 1947ж алғашқы ескерткіштердің бірі сәулетші Аскар-Сариджа,місінші Басенов

Мұхтар Әуезов 1967ж мүсінші Досмағанбетов,сәулетші Мендикулов

Луганский Сергеи Данилович Ұлы Отан соғс\ысының батыры 1947ж ескерткіш қойылды Сәулетші И.Павлов,мүсінші Белоцерковский

Панфилов Иван Васильевичке Ұлы Отан соғысының батырына ескерткіш 1968ж қойылды.мүсінші Тулеков,сәулетші Т.Басенов

Тоқаш Бокинге ескерткіш 1980 жылы қойылды


Құс пен аңның мекенің

Алматыда екенің

Зообақ туралы

Фариза айтып өтеді

Алматы зообағы

Алматы зообағы 1937 жылы іргетасы қаланды.Зообақ көптеген шет елдермен

қарым-қатынас жасап экзотиқалық,жойылып кетуге жақын қалған жануарларды өсірумен,зерттеумен айналысады.Жануарларды қорғау акцияларын өткізіп,үгіт жүргізеді.Зообақ территориясының көлемі 32 гектар жердің 13 гектары жабық вольерленген,19 су тоғандары құстарға арналған,онда құстардың 150 түрі,балықтың 80 түрі мекендейді.2мың экзотикалық жануарлары бар.Қызыл кітапқа кірген қытай питоны, фазан,кенгуру,жолбарыс түрлері,қарлы барыс,қара пантера,ягуар,үнді пілі,

қоңыр аю,ала гиена,,гепарт,ақ аю,маймыл түрлері,таулы арқар,қара айст,қызғылт пеликан,фламинго,дала қыраны,ақ құйрықты бүркіт,зебра,марал тағы басқа көптеген жануарлар мекендейді.Жыл сайын зообаққа 1 млн адам келіп тамашалайды.



Талай қазақ баласы

Талай ақын данасы

Алматыда оқыған

Деп айтады анасы-Алматы қаласындағы білім орындары туралы Тайрдың пікірін тыңдалық

Алматы қаласындағы оқу орындар

Адам дамуы үшін әрқашан білім керек.Осы мақсатта алматы қаласын студенттер қаласы деп те атауға болады.

Асфендияров атындағы Мемлекеттік Медицина Академиясы

Абай атындағы мемлекеттік Педагогикалық университет

Алматы Малдәрігерлік институты

Қыздар Педагогикалық институты

Политехнический институт

Ауыл шаруашылық институты

Ішкі Істер Академиясы

Әскери Жоғарғы институты

Өнер Академиясы

Шара Жиенқұлова атында би ущилечесі

Кәсіптік техникалық ушилишелер

Архитектура және сәулет академиясы

Институт Физической культуры

Құқық және Заң институты

Шет тілдер университеті

Аль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Учет-кредит техникумы


Қазақстан республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы тарихи қаламыз Алматыда орналасқан.Мұражай жайлы деректі Мадиярдың аузынан естейік.

Алматы қаласындағы мұражайлар

1925жылы Қазақ өлкелік мұражайы құрылды

1929 жылы жаңа астана-Алматы қаласына көшірілді.

1944 жылдан бастап қазіргі аты Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы деп аталады.1985 жылы Алматы қаласында мұражайдың жаңа ғимараты салынды.Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйымдар жинақтаған.мұражайдың қорында полеонтология экспонаты-13090,археология-16754,бағалы металдар-8857,киімдер-3990,нумизматика-58373,кілемдік түскиіздер-1500,бейнелеу өнері мен фарфорлар-9481,қару-жарақтар мен ат-әбзелдері-1532,ағаш-терілер қоры-2227,қоспа металдар қоры-4359,фотақұжаттық қор-9740.


Киелі жер,қасиетті құт мекен

Талай қазақ азаматы тер төккен

Мен Алматы қаласында тудым деп

Мақтан еткен азаматтар аз бе екен-дей келе Алматыда туған,тұрған атақты адамдар жайында Алдулла не дейді екен


Алматы қаласында туған,тұрған атақты адамдар


Алматы қаласында туған атақты адамдар өте көп әсіресе шығармашылық жұмыспен айналысатын музыканттар,әншілер,актерлар,суретшілер Алматы қаласында тұрған.Солардың бірі қоғам қайраткері Қонаев Дінмұхамет Ахметұлы,атақты домбырашы,сазгер,дирижор Нұрғиса Тілендиев бүкіл өмірін Алматы қаласында өткізген.Атақты ақын Мұқағали Мақатаев туындыларын Алматы қаласында жазған








Ысиды күні кеткендей бұрын бір кегі

Ал фонтандар ауаға дымын бүркеді

Қаланың сұлу,сылқым фонтаны

Алматыға ерекше келбет береді

Фонтандар туралы Илан айтып береді


Алматы қаласындағы фонтандар.

Қаланы көркейту мақсатында жасыл-желекті қалаға сәулетшілер көптеген фонтандар салды.Ол қалаға ерекше сұлулық берді.

Қазақ опера –балет театрінің алдында «Апта» фонтаны 1948ж/ Стесин

Жастар театрінің алдында фонтан 1962ж / Леппик

Алматы қонақүйінің алдындағы фонтан 1967ж/ С.Картаси

Парлемент үйінің алдында «Мыңтамшы» 1968 ж В.Панин

Қазақ циркінің алдында «Прямоугольник» 1972ж / З.Кацев

«Одуванчик» фонтаны 1978ж Бөгенбай батыр көшесінде

«Шығыс күнтізбесі» 1979ж

Қазақстан қонақ үйінің алдында 1979ж/ Г.Ратушный

МұхтарӘуезов атындағы театрдің алдында 1980ж/ Ж.Баймурзаев

Қорытынды сөз:

Йә,балалар әрине біз бір сабаққа Алматының барлық өсу,өркендеу тарихын енгізе алмаймыз.Алматы қаласы Қазақ кино өнерінің бастауы,ақпараттандыру өте жоғары дамыған себебі Алматы баспаларында Республикалық газеттер Қазақстан правдасы,Егеменді Қазақстан,Жұлдыз, Мектептегі тәрбие көптеген журналдар оқулықтар Алматыкітап баспасында,Жазушылар одағы бәрі де осы қалада орналасқан.

Алматы қаласында қала ішінде бірнеше ауданға бөлінеді/Бостандық,Әуезов,Алмалы,Калинин,Фрунзе,Түрксиб тб/Ғылым академиясының үлкен кітапханасы,Медециналық орталық,көшелері өте ұзын ,Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера-балет театрі, М.Әуезов атындағы драм театр,Орыс театрі,Неміс театрі,Жастар мен жасөспірімдер театрі,Жамбыл атындағы филормония,Корей театрі,телевидия орталығы,екі темір жол вокзалы,көптеген автостанциялар,шамамен1млн 400 дейін халқы бар дамыған қала.

Поэзия сәті:Елемесова Айым

Алматының фонтандары

1.Біздің Бестай сымпылдап,

Көкесіне қыңқылдап,

Алматыға апар деп

Қоймап еді қылқылдап.

2.Сонда

Бір ай дем алып

Кәдімгідей оналып

Апасы мен екеуі

Келді қайтып оралып.

3.Дейді ол

Біздер білмеген,

Көп екен ғой гүл деген

Жасыл бақта құлпырып

Тұрады екен шілдеде

4.Алатаудың бөктерін

Шарлаған –ау көп тегі

Айта берді қайталап

Ақ самалдың өпкенін

5.Тауды кезіп, жырақты

Шомылыпты бұлаққа

Алматының көркіне

Көз тоймапты бірақта

6.Не көп-

Фонтан көп дейді

Күн ыстығы өтпейді

Сұлулығын айтуға

Әттең тілім жетпейді

7.Күмбез көкпен таласа

Атқылайды ,тамаша!

Пошымдары әртүрлі,

Көз жіберіп қарасаң!

8.Оның,шертер сыры көп,

Оның айтар жыры көп

Фонтандарды айтқанда

Тоқтайтұғын түрі жоқ

9.Барлығымыз соны ұғып,

Жаңалыққа молығып.

Отырсақ та:

Күллі бала шомылып

Жүрген шығар

Мәз болып,

Көңілдері жаз болып?!

10.Деді –рас барғаным

Тек шомыла алмадым

Фонтанға бір түсу ед

Менің дағы арманым......

Көрініс:Алматыға Айгөлекке келген әже.

Қорытынды сөз:Өнер мен білім қатар жүруі тиіс.Сіздерге көп рахмет

қонақтар.Біздің болашағымыз оқушыларымыз өмір

талабына сай білімді,өнерлі,жан-жақты дамыған азамат

боларына сенеміз













Тайынша қаласы

5 орта мектебі


















« Алматыда туғаныма мақтанамын»


Танымдық саяхат сабақ













Бастауыш сынып мұғалімі:Темирбекова Р.Б.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Алматыда ту?аныма ма?танамын

Автор: Темирбекова Райхан Базарбаевна

Дата: 10.03.2015

Номер свидетельства: 184166


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства