« Өз ізі » әңгімесінің мазмұнын жоспар бойынша айту.
Жоспары :
Ауыл сыртындағы саяхат.
Әлкеннің әрекеті.
Әлкен мен автордың диалогы.
Автордың тілегі
Оқушылардың ойы.
«Жұмбақ із» ойыны.
Әр аңның ізіне бір сұрақ жасыру.
1. Қазақша жыл басы қай айдан басталады?
(Наурыз)
2. Ертегі мен аңыздың айырмашылығы қандай?
(Ертегі бұл адам баласының қиылының жемісі ретінде ойынан туған жалған әңгіме. Аңыз бұл ел арасында ауыздан-ауызға тарап, болған шындықты суреттейтін прозалық шығарманың түрі.)
3. «Өз ізі» әңгімесінің авторы кім ?
(Мәдіхат Төрежанов)
4. Тікен – тікен тік пісте ,
Қысы - жазы бір түсте . Бұл не ? (Шырша)
5.Төрт әріптен тұратын жыл атауы қандай?
(Сиыр)
III . Жаңа сабақ
«Алдар көсе мен салт атты».
Ой қозғау.
Қазір қандай жыл мезгілі ?
Қыста табиғат қандай күйге енеді?
Адамдар қалай киінеді?
Жұмбақтар шешу.
Күндіз басыңда болады,
Түнде ілгішке қонады. ( Бөрік )
Қыста кимесең тоңасың,
Жазда кисең жанасың. ( Тон)
Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық.
Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз)
Суретпен жұмыс.
Суреттен не көріп тұрсыңдар ?
Жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар ?
Сурет жайында өз ойларыңды әңгімелеңдер.
«Алдаркөсе мен салт атты» тақырыбымен таныстырып, әңгіменің мазмұнын түсіндіру.
Мәтінді топтап , тізбектей , рөлге бөліп оқыту.
Сұрақтар:
Алдар қандай адам?
Бай қандай адам ?
Алдар байды алдай алды ма?
Сен қалай аяқтар едің ?
Суреттегі жерде тұрған кім деп ойлайсың?
Ат үстіндегі кім ?
Алдаркөсе туралы бұрын қандай аңыз оқып шықтыңдар ?
Сөздік жұмыс
Жөн сұрасу - не себепті жүргенін , хал – жағдайын сұрау.
IV . Бекіту
Сөзжұмбақ шешу
1.б
А
й
д
ы
2.а
Л
д
а
д
ы
3.ү
й
Д
е
4.А
т
ы
н
5.қ
а
Р
6.к
ө
К
т
е
м
7.к
Ө
м
і
р
8.қ
ы
С
9.б
Е
с
Алдаркөсе кімді кездестіреді?
Алдаркөсе байды алдады ма?
Алдар алдауыш дорбасын қайда қалдырды?
Алдар дорбасын әкелу үшін байдан не сұрады?
Қыста не жауады?
Бес әріптен тұратын жыл мезгілін ата
От жағу үшін не қажет?
Қазір қай жыл мезгілі?
10-5 = ?
Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп – өніп толамыз.
Әділ, батыл Алдардай
Тапқыр адам боламыз.
Ой толғау
Айлакер Еріккен
Ақылды Халыққа дос Мақтаншақ Халыққа қас
Батыл Алдаркөсе тапқыр Озбыр Бай Ақымақ
Зұлымдыққа қарсыАяушылығы жоқ
V . Үйге тапсырма
Үйге тапсырма : «Алдаркөсе мен салт атты» аңызын мазмұндау.