kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?ша ?ар З.Ш?кіров

Нажмите, чтобы узнать подробности

аааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа ппппппппппппппппппппппппппппппппппппппп ииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииии ьььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььь ббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббб ооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооо лллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллл дддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддд

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?ша ?ар З.Ш?кіров»

Пәні:

Әдебиеттік оқу 2 класс Бастауыш класс мұғалімі: Усманова Жания Шындауловна

Благодар орта мектебі Ақтөбе қаласы


Тақырыбы:


Ақша қар . З. Шүкіров


Мақсаты:


Өлеңдегі негізгі ойды түсініп , мәнерлеп оқуға үйрету. Өлеңдегі теңеу сөздер арқылы сөз қорын , сөйлем құрау дағдысын жетілдіру. Қар түрлерінің аталуымен таныстырып , қыс мезгілінің ерекшеліктерін байқату.

Автор туралы мәлімет беру арқылы табандылыққа,табиғатты сүюге тәрбиелеу.




Күтілетін нәтиже:


1. Өлеңді мәнерлеп оқуға үйренеді. Теңеу сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап, өз ойларын көркем сөзбен жеткізуге үйренеді. Байқампаздыққа, ақыл-ой еңбегіне үйренеді.


2. Жеке, топта жұмыс жасау барысында шығармашылық қабілеті, белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады.

Әдістері:


Көрнекілігі:

оқыту мен оқуды бағалау, жас ерекшелікпен оқыту , АКТ, сыни ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдері.

жұптық тапсырмаға қима қағаздар, қардың жаууын көрсететін видео- ролик, презентация.

теңеу сөздер , қар түрлері жазылған қима қағаздар.

Кезеңдері:

1. Қызығушылықты ояту.







2.Мағынаны тану.

Мұғалім әрекеті

1. Ұйымдастыру . Топқа бөлу. « қар, торғай, аяз ата , шырша » Сұрақ: - Не себепті топтарға осындай атаулар берілген?

Топ көшбасшысын анықтау. 1-слайд

Сабаққа қадам видео-роликтен қысқы табиғатты тамашалату.

2. Үй тапсырмасымен жұмыс жүргізу . 2-с

М.Жұмабаевтың «Балапан қанат қақты .» мәтінін 1 оқушыға әңгімелету және үзіндіні 2-3 оқушылар өз ойларымен аяқтайды. Салып келген суреттерден көрме ұйымдастыру.

- Сендерге мазмұнды ой туғызуға , сурет салуға шабыт берген қазақтың қандай атақты адамы еді? -Олай болса, М.Жұмабаев туралы не білеміз?

3. Жаңа сабақ.

1) Жұмбақ шешкізу.

Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.

/Қар/.

2) Жаңылтпаштарды оқыту. 3- с

-Қардың қандай түрлері бар екен?

- Қандай жағдайда қар сұр, кір қарға айналады?

-Тағы да қандай қар болатынын білгілерің келсе , З.Шүкіровтың «Ақша қар » өлеңімен танысамыз.

Ақша қар — жаңа жауған таза қар.

3) Автор туралы мәлімет беру. 4-с

Зейнолла Шүкіров-Қызылорда облысының Арал ауданында Бөген ауылында туған. Бастауыш білім алғаннан кейін қатты науқастанған. Бірақ төсек тартып жатқанымен, мүгедек халіне ерлікпен, төзімділікпен төтеп беріп, қайсар жас өздігінен білім алған. Сөйтіп бар өмірін жазушылыққа арнаған. Өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей, ондаған кітап ұсынды. Оның балаларға арнаған жинақтары бар. Шығармалары шет тіліне аударылған. Оның «Менің достарым», «Теңіз жыры», «Арал дәптері», «Алау» атты өлеңдер жинағы мен қатар тағы да басқа әңгімелері өте көп.

4) Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді мұғалімнің оқуы.

Өлеңді оқушылардың шумаққа бөліп , жұппен, хормен, жеке оқушыларға оқыту.

. Өлең шумағына талдау.

-Өлеңде неше шумақ бар?

-Әр шумақта ше қатардан?

-Өлеңнен теңеу сөздерді табу. –Ақын ақша қарды нелерге теңейді?

5) Топтық жұмыс. 1-2 топтар Сюжетті суретке теңеу сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құра. 5-с

3-4-топтар берілген суреттер мен сөздер ішінен сабаққа қатыстысын таңдап алып, постер дайындайды.



6) Сергіту сәті 6- с

7) Қар түрлеріне тоқталу және қардың қалай жауып тұрғанын айырту. 7-с

-Біз үшін тек қар деген сөздің атауы белгілі. Ол жер бетіне түскенге дейін қар, ал жер бетіне түскеннен кейінгі қалпына қазақтар әртүрлі атау берген. Аз жауса да, көп жауса да қардың өз атауы бар!

Жапалақ қар — ірі түйіршікті жапалақтап жауған қар.

Жылбысқы қар — ери жауған қар.

Көбік қар — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.

Қасат қар — ұзақ жатқан қалың қар.

Мұздақ қар — үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр қар.

Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек қар.

Үйме қар — боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе үйілген қар

8) Жұптық жұмыс. Ұйқас бойынша өлең құрау: 8-с

........... ------ қар жауар,

----------------------- қуанар.

Аққала соғып, жарысып

--------- --------- балалар.


Оқушы әрекеті

1. Белгілерге сай оқушылар төрт топқа бөлініп отырады.



2. Оқушылар мәтінді өз ойларымен толықтырып әңгімелеп береді. Мәтін бойынша салған суреттерін көрсетеді.


М.Жұмабаев туралы мәліметті еске түсіреді.



Жаңа ақпаратпен өз білімін байланыстырады.


Жаңылтпаштардыты мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап береді.

-Сұр, кір, қырбық, құрғақ қар түрі бар.-

Ауаның ластануынан, көліктің көптігінен қар кірлейді.





З.Шүкіров туралы мәлімет алады.




З.ШҮКІРОВ –АҚЫН, ЖАЗУШЫ.



Оқулықпен жұмыс жүргізеді.


Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Өлеңге талдау жүргізеді.

Теңеу сөздер: ақ мамықтай, ақ қанатты көбелек, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібектей, ақ желек, ақ көрпе сөз тіркестерін тақтаға топтастырады.

Сұрақтары:-Қандай қар жауыпты?

-Тау-тас , сай- сала не жамылған?

- Ауыл қандай?

Әр топтан бір оқушы оқиды.


Қар түрлерімен тереңірек танысады.

Видео- роликтен қардың жауғанын тамашалап, қандай қар екенін айтады.

1.Жапалақ қар


2.Қырбық қар


3.Ұлпа қар


4. Үйме немесе бұрқасын














Өлең жолдарын жұбымен бірлесе отырып жазады және оқиды.

3. Ой толғаныс

а)Бекіту






ә)Бағалау


б)Үйге тапсырма



-Желтоқсан-аппақ әлем. Қар жауса дала ақ торғынға оранып, аспан мен жер арасын жалғастырып ақ қанатты көбелектер ұшып жүргендей болады емес пе?! Көшелер, талдар, үйлер, саябақтар… бәрі-бәрі аппақ, тап-таза. Шіркін адамдардың пейілі, ойы жаңа жауған қардай аппақ болып, зұлымдық, қастандық атаулы болмаса ғой деген игі тілек тілейміз.






Мадақтау, сенім білдіру , жетонды санап ,ең көп жинақтаған оқушыларды анықтау.

Өлеңді жаттап келу. 94-95- беттер .Қар түрлері туралы іздену. 10-с





Сабақ барысында қар қиыршықтарын жинақтап отыру. 9-с






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
А?ша ?ар З.Ш?кіров

Автор: Усманова Жания Шындауловна

Дата: 02.04.2016

Номер свидетельства: 313970


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства