Әбу Сәрсенбаев Атырау облысы Теңіз ауданында туған.Оның Туған өлке,Отан таңы атты тағы басқа өлеңдер жинақтары бар.Ана тілі оқулығы мен кітаптарын жазған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы»
Пән: әдебиеттік оқу күні: 01.02.2017
Бөлім: «Жақсыдан үйрен»
11-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Ә.Сәрсенбаев. Халыққа жеткіз күйіңді
Сабақтың мақсаты:
Әңгіменің негізгі ойын түсіну, Құрманғазы мен Дина күйшілердің «Көбік шашқан» күйлерінің тарихымен танысып, күйдің қалай пайда болғаны туралы түсінік қалыптастыру.
Білімділік: түсініп оқу және әңгіменің мазмұнын ұғыну;
Дамытушылық: күйшілер туралы бар мағлұматтарын толықтыру;
Тәрбиелік: өмірден озған ата бабалар дәстүрін құрметтей білуге үйрену;
Психологиялық дайындық: «Екі көзің...» Қ.Мырзалиев.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Сәкен аға. Бөліктер бойынша жауап береді,сұрақтар қояды.
Үй тапсырмасын пысықтау.
Тұжырым: «Әңгімеден мен өзіме не алдым?»
Кем - кетіктерге жәрдем беру, қолда барыңмен бөлісу,туғандарға көмек беріп жүру;
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
- Қазақтың қандай күйін білесің? - Күйді орындайтын адам кім?
- Қандай күйшілерді білесіңдер?
- Қазір күй орындайтын кімдер? - Күй қалай пайда болады?
Оқулықпен жұмыс.150-152 бет.
Зерттеу жұмысы:
Тақырыбы: Халыққа жеткіз күйімді
Авторы: Әбу Сәрсенбаев
Жанры: Әңгіме
Тапсырмасы: 9
Мәтінді абзац бойынша түсініп оқу. Мазмұнын ашу.
/сұрақтармен жұмыс жасау,жауап беру/
Құрманғазы мен Дина қай жылы кезедесті?
Құрманғазы неге налыды,неге қуанды?
Динаның Құрманғазы атасының алдында ойнап берген күйі қалай аталды?
Құрманғазы Динаға қандай бата берді?
Дина атасына қандай ант берді?Ол антын қалай орындады?
Құрманғазы мен Динаның қандай күйлерін сүйіп тыңдайсыңдар?
8-тапсырма: Рөлдерге бөлу, соңынан неге ол рөлді таңдадың?
Кейіпкерлерді сипаттау, ауызша жүргізу.
Түсініксіз сөздер: оқушылар өздері мәтіннен тауып айтады,бірлесіп талдау жасау.
Жеке жұмыс: Дәптермен жұмыс.
Автор туралы мәлімет. Әбу Сәрсенбаев (1905-1997) Атырау облысы Теңіз ауданында туған.Оның «Туған өлке», «Отан таңы»,т.б. өлеңдер жинақтары бар.Ана тілі оқулығы мен оқу құралдарын жазған.