Әдебиеттік оқу | 19.09.2016 | 2 "а" сынып |
Сабақтың атауы | Ә. Дүйсенбиев. Ақылшым – мұғалім |
Жалпы мақсаттар | Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айту.Өлеңді жатқа айту. Білімділік: Ұстаздардың қадір – қасиетін түсіндіре отырып, қазіргі заманда қоғам үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды құрметтеу. Дамытушылық: Оқушылардың өлең шумақтар арқылы ой — өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Ұстаздар бойындағы нәзік мейірімді бағалай білуге, берген білімін ақтай білуге тәрбиелеу. |
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ |
Әдіс тәсілдері: | Түсіндіру,Сұрақ-жауап,Әңгімелесу |
Көрнекілік: | Суреттер,қима қааздар |
Пәнаралық байланыс: | Музыка |
Күтілетін нәтиже | 1.Мұғалім .туралы ойларын айта алу; 2. Сұрақ қоя білу. 3.Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу; |
Психологиялық ахуал | Бір, екі, үш, Қане, қанат қағамыз. Бір, екі, үш, Қарлығаш боп ұшамыз. Бір, екі, үш, Жинап алдық күш. Соз қолыңды оң жаққа, Соз қолыңды сол жаққа. Қолды айналдыр бұлданбай Шеңбер жасап тұрғандай | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Үй тапсырмасын сұрау | Зеректік әңгімесін өз сөздерімен әңгімелеп айту. Шоқан туралы мәлімет әкелу | |
Қызығушылықты ояту | Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын айтқан.
| Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. |
Жаңа сабақ А) автор туралы мәлімет Ә) Ақылшым-мұғалім өлеңін мәнерлеп оқып, жаттау Б)Сөз құрау мұғалім | Әнуарбек Дүйсенбиев - 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және БЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған. М- мейірімді Ұ- ұқыпты Ғ- ғалым А-ақылды Л-лезде ойлайтын І-ізденгіш М-мақтаныш ететін адам |
Мағынаны тану | Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. |
Сергіту сәті | Жел улейді у-у Құйын келіп билейді зу-зу Қатты, қатты жел соқты гу-гу Жапырақтар қол соқты ду-ду
| |
Ой толғаныс | Топпен жұмыс 1-топ мұғалім жайында не білесіңде? 2-топ мұғалім мамандығы қандй мамандық? | Эссе жазу |
Үйге тапсырма | Ақылшым-мұғалім (жаттау) | Күнделіктеріне жазып алады |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс | | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |