(Ұ,Т,Қ) Есеп деген не? Зерттеу жұмысын жүргейік.. Ойлан! Оқып, салыстыр! | 10+30 қосындының мәні неге тең? | Жанар бағасы 10 тг кәмпит және бағасы 30 тг тұратын балмұздақ сатып алды. Ол барлығы қанша ақша жұмсады? | Бұл тапсырмалардың ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде? Қай тапсырманы орындау үшін, бірден жауап бере аласың? Осы екі тапсырманың қайсысы есеп бола алады? Неге олай деп ойлайсың? Есеп –шартымен сұрақтан тұратын мәтін. Есептер әртүрлі математикалық ережелерге беріледі.есептер жай және құрама болып бөлінеді.Жай есеп –бір амалмен шешілетін есеп.есептің шарты мен сұрағы болады.Есептің шартында заттардың саны, шамалардың мәндері жайында геометрилық фигуралардың өлшемдері туралы мағлұмат беріледі.Белгілі сандар «мәліметтер» деп аталады.Сұрақ арқылы ненің белгісіз екенін біледі.Белгісіз сан ізделетін сан деп аталады. Есептің шартын сұрағын анықтау үшін, талдау жүргізу. Оқулықпен жұмыс Назым асханадан тоқаш пен бір стақан сүт сатып алды. Тоқаштың бағасы 15 теңге Бір стақан сүттің бағасы 20 тг Назым қанша ақша жұмсады? Әрбір есеп төрт бөліктен тұрады. Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы. Сызба бойынша есептің мазмұнын түсіндіру. 15теңге 20теңге ? теңге Тоқаш-15 тг Сүт-20 тг Барлығы- ? тг Шешуі : 15+20=35 (тг) Жауабы:Назым тоқаш пен сүтке 35 тг төледі. Есепті шығару үшін қандай әрекеттер жасаймыз: Шығарып көр. Әмиянда 10 тг бар.т оған тағы 6 тг салды. Әмиянда енді неше тг болды? Әмиянда -10тг Салды -6 тг Барлығы -? тг Шешуі: 10+6 =16 тг жауабы: Әмиянда барлығы 16 тг болды. (Қ)Орындап көр. Сурет бойынша есеп құрастыр. Есептің 4 бөлігін есіңде сақта. Шарты Сұрағы Шешуі Жауабы | «Шарты», «Сұрағы», «Шешуі», «Жауабы»деп жазылған есептің құрамды бөліктерінің атаулары бар кеспеқағаздар; есептерді құрастыруға және шығаруға арналған сызбалар; есептің құрамды бөліктері жазылған ескертпе: |