kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз! самопознание

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Түлкі мен ешкі» атты ертегіні оқып, әңгімелеп беру.

  • Түлкінің айтқаны шындыққа жата ма? Неліктен?
  • Әрдайым шындықты айтқан жөн бе? Неліктен?
  • Өз өмірлеріңнен шындықпен жол тапқан мысалдар келтіріңдер.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз! самопознание»

1-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары Бекітемін __________________


Мектеп: Аққұдық орта метебі

Мерзім: № 2

Мұғалім: Муздакова А.Ж. Сынып: 1

Оқушылар саны: 13

Тақырып: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: қарапайымдылық, шыншылдық, адалдық

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға адалдықпен өмір сүрудің маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

*оқушыларға қарапайымдылық туралы түсінік беру.

*оқушыларды шыншылдық қасиетіне баулу.

* оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу.


1.

САБАҚ БАРЫСЫ:

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ. Оқушылармен танысу. Сабаққа қатысымын қадағалау

ТЫНЫШТЫҚ СӘТІ. «Мейірімді болайықшы» үнтаспадан тыңдалады.


Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Күнделік, оқулық, дәптер, пенал, бейджик

Фильмнен үзінді, мултьфильм, музыка қою, слайдтар көрсету үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтар

2.

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ.

«Түлкі мен ешкі» атты ертегіні оқу.

Ескертулер


3.

ДӘЙЕКСӨЗ

«Ақиқат – адалдықтың бастауы»

Нақыл сөз


­­ Дәйексөзді алдымен өзім дауыстап оқып беремін. Сосын балаларға дауыстап айтуды ұсынамын.

Дәйексөзді бірінші кезекте ер балалар 3 рет дауыстап айтады, сосын қыз балалар 3 рет дауыстап айтады. Оқушылардан дәйексөзді қалай түсінгендері сұралады. Жауаптары тыңдалғаннан кейін, балалардың жауаптарына сүйене отырып, өзім қорытынды жасаймын.

4.

ӘҢГІМЕЛЕУ. «Түлкі мен ешкі» атты ертегіні оқып, әңгімелеп беру.

  • Түлкінің айтқаны шындыққа жата ма? Неліктен?

  • Әрдайым шындықты айтқан жөн бе? Неліктен?

  • Өз өмірлеріңнен шындықпен жол тапқан мысалдар келтіріңдер.

«Жаңаны білеміз»

Ақиқат жолы ешкімді ауыстырмайды. Ақиқат жолымен жүрген адам адал өмір сүреді. Адалдық – адам бойындағы таза ниет. Адал адамның ойы таза, сөзі шынайы, ісі игілкті болады. Адалдықпен өмір сүру – өмірдің басты заңы.

Оқу ақпаратында берілетін білім оқушылардың сабақ мазмұнындағы құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің мәнін жан-жақты ашып, олардың санасында орнығуына мүмкіндік туғызады. Оқу ақпараты жинақталған, түйінді ой-пікірлерді оқушының ұғып алуына, күнделікті өмірінде үлгі-өнеге етуіне, іс жүзінде қолдануына септігін тигізеді. Оқу ақпаратын мұғалім өзі оқып береді.

5.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ, ТОПТЫҚ ТАПСЫРМА.

«Жақсылық жасайық»

1-тапсырма бойынша балалар ертегі кейіпкерлерінің суретін дәптерге салады.

2-тапсырма бойынша «Түлкі мен ешкі» ертегісінен не үйренгендерін, яғни қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйренгенін айтып береді.


6.

ТОППЕН ӘН АЙТУ. Жүректен жүрекке.

«Әдептілік әліппесі»

Өлеңін жазған: Әбдірахман Асылбеков

Әнін жазған: Мәлғаждар Әубәкіров

  • Атам менің әмәнда,

Кішіпейіл бол деген.

Ақыл сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

  • Атам менің әмәнда,

Бол дейтұғын бауырмал.

Мынау байтақ ғаламда

Қаншама дос, бауыр бар.

  • Атам менің әмәнда,

Бол дейтұғын тіл алғыш.

Үлкендерден содан да

Алып жүрмін кіл алғыс.

  • Атам менің әмәнда,

Мейірімді бол деген.

Ақыл сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем.

  • Атам менің әмәнда,

Ынтымақшыл бол деген.

Бірлік болса адамда

Шын бақыт қой ол деген.

Әннің мәтіні тақтада жазылады. Әуені үнтаспадан қойылады. Оқушылар мұғаліммен бірге үнтаспаға ілесіп, әнді айтады.

7.

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ.

«Сыпайы қоян» атты ертегіні оқу.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз! самопознание

Автор: Муздакова Армангуль Жараскановна

Дата: 03.11.2017

Номер свидетельства: 436435


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства