Мұғалімнің аты- жөні | Шакенова Жанипа Тұрақбайқызы | №4 Ю.А. Гагарин атындағы орта мектеп |
Пәні | Ана тілі | 3 сабақ | Күні | 19.10 |
Сабақ атауы | Адырбек Сопыбеков.Сапар мен Парта. Сейітқұл Оспанов. Шыбын мен Көбелек. |
Сілтеме | Ана тілі оқулығы – С.Рахметова, Т. Әбдікәрімова,Р. Базарбекова, интернет сайты –Яндекс |
Жалпы мақсаттар | Мысалдарды таныстыру арқылы ондағы астарлап берілген ойдың мәнін аша отырып, мысалдарды салыстыруға үйретеді. Тазалыққа, ұқыптылыққа, қолда бар заттың қадірін білуге тәрбиелеу. Сыни ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту. |
Оқыту нәтижелері | Жаңа тақырыпты толық меңгереді. Тапсырмаларды толық орындайды. Пәнге деген қызығушылықтары артады. Өз - өздерін бағалауға машықтанады. |
Негізгі идеялар | Оқушылардың өмірдегі білегеніне сүйену, оқушының ойлау сөйлеу мәнерін қалыптастыруға ықпал жасау. |
Тапсырма | Тақырыпқа байланысты суреттер мен мәліметтер – интернет сайты – Яндекс |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: |
Уақыты: | Мұғалім іс-әрекеті: | Оқушы іс - әрекеті: |
1130 – 1215 1. 3 минут | 1. Ұйымдастыру Психологиялық дайындық. Тренинг: «Менің саған тілегім» | 1.Жинақталу Кішкене стикерлеге жүрек жарды тілектерін жазып, сыныптас көршілеріне ерекше түрде ұсыну қажет. |
2.5 минут | 2. Өткен сабақты пысықтау. «Араша» мысалы бойынша 5 сұрақ дайындап келу. | 2. Дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қояды. |
3. 10 минут | 3. Жаңа сабаққа ену 1) Авторлар туралы мәлімет. 2) Болжау стратегиясы бойынша мысалдар туралы сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар қойылады. (Әр топқа 2 сұрақтан) 1. Сапар мен Парта мысалында не туралы айтылуы мүмкін? 2. Сапар деген кім болуы мүмкін? 3. Парта дегеніміз не? 4. Парта сөзі неге бас әріппен жазулы тұр? 1. Шыбын мен Көбелек мысалында не туралы айтылуы мүмкін? 2. Шыбын қандай кейіпкер болуы мүмкін? 3. Көбелек қандай кейіпкер болуы мүмкін? 4. Көбелек сөзі неге бас әріппен жазылған? | 3. І-ІІ топ А. Сопыбеков, ІІІ- IV топ С. Оспанов туралы мәліметті өздері таныстырады. Сұрақтарға болжау бойынша ауызша жауап береді. |
4. 6 минут | 4. Оқулықпен жұмыс 1) Сапар мен Парта мысалымен танысу Мысалға байланысты сұрақтар қойылады. 1. Өлеңнің мысалға жататынын неден аңғаруға болады? 2. Парта Сапарға неге ренжіді? 3. Қалай ойлайсыңдар, Сапар өз кінәсін мойындады ма? 4. Оны өлеңнің қай шумағынан аңғаруға болады? 2) «Шыбын мен Көбелек» мысалымен танысу Мысалға байланысты сұрақтар қойылады. 1. Шыбын мен Көбелек неге келіспей қалды? 2. Шыбын не деп мақтанды? 3. Көбелек оған не деді? 4. Қайсысының айтқаны дұрыс деп ойлайсыңдар? | Тізбектеп оқып танысады. Сұрақтарға ауызша жауап береді. Тізбектеп оқып танысады. Сұрақтарға ауызша жауап береді. |
5. 2 минут | Сергіту сәті «Қара жорға» биі | Видеороликке қарап билейді. |
6. 10 минут | Топтық жұмыс 4 топқа 4 түрлі шығамашылық тапсырма беріледі. Тапсырманы өздері таңдап алады. Партаны адам кейпіне келтіріп қабағын түйгізіп, көзін алартып тұрған суретін салып көріңдер. “Шыбын мен Көбелек” мысалын рөлге бөліп, сахналап көріңдер. Әңгіменің соңғы абзацын оқып, қандай қорытынды пікір айтуға айтар едіңдер? Көбелек пен Шыбынға мінездеме беріп көр. | Әр топ өздеріне берілген шығармашылық тапсырманы орындап, қорғайды. |
. 2 минут | Сөздік жұмыс Көз шырымын алу – ұйықтау. Қауыз – ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабы. Жұқсыз – сүйкімсіз, жек көрінішті. Сұғанақ – ұры. Сапалақ – шыбын қорығыш құрал. Шылғи өтірік – мүлде өтірік. | Бұрын естімеген, түсініксіз сөздің мағынасын жазып алады. |
9. 2минут | Салыстыра талдау Танысқан екі мысалдың ұқсастықтары мен айырмашылығын табады. | Мысалдарға сүйене отырып, Венн диаграммасын толтыру. |
10. 2 минут | Қорыту 1.Бағалау 2. Оқытуды бағалау Стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазады. | Топ басшылары бағалау парақшаларын тапсырады, қорытынды баға қойылады. Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазу. Түсінбеген сұрақтары болса жазады. |
Дереккөздер мен жабдықтар: А3 қағаз, фломастер, оқулық, дәптер, бор, тақта, мультимедия және т.б. |
Кейінгі тапсырмалар мен портфолио деректері | Ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлердің суретін салып, мінездеме беру. |
Кейінгі оқу | «Мен қандай оқушымын?» тақырыбына шығарма жазу. |
Сабақты талдау | Тәжірибеде өткізген сабағым талдау арқылы мынадай қорытындыға келдім. Оқушыларға сыни ойлауға сұрақтарды көбірек дайындау қажет. Оқушыларды көбірек сөйлеуге дағдыландыру. |
Тәжірибелік сабақты бағалау | Оқушылар екі мысалды салыстыра алды ма? Жақсы жаман қасиеттерді ажырата ала ма? |
Сабақ бойынша өзгертулер | Топқа сурет құрастыру арқылы бөлінуді үйренді. Жұптасып жұмыс жасау дағдылары дамыды. |