Просмотр содержимого документа
«Адам ж?не ?сімдіктер мен жануарлар»
Өткізуші: Есемұратова Шаттық Киікбайқызы. Бастауыш сынып мұғалімі. 2-сынып
Сабақтың аты
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Оқушыларға адамдар, жануарлар және өсімдіктердің өзара байланысын меңгерту.
Ойлау, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тірі табиғатқа қамқорлық жасауға баулу.Экологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже
Адам және өсімдіктер мен жануарлар туралы ақпарат алады
Мәтіннің мазмұнын түсіне алады.
Балалар топта бірлесіп жұмыс жасай алатын болады.
Негізгі идеялар
Өзіндік ойларын ашық және еркін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, бір – бірлерімен топтық және жұптық қарым – қатынастарды оқушы бойында қалыптастыру.
Тапсырмалар
Жеке жұмыс «Мәтінді жекеше оқу»
Тапсырмалар
Топтық жұмыс «Мәтінді суреттеу»
Тапсырмалар
Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырмалар»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру .
Сергіту сәті. «Дүкенде»
1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.2. Топқа бөлу (Адам,өсімдік,жануар)
1
Табиғат
.3. Ой қозғау стратегиясы. Жеке жұмыс жүргізу.Топтастыру стратегиясы(интерактивті тақтадан орындау)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сызба орналасқан әрбір ұяшықта Жануарлардың бір – біріне қайырымдылығы деген тақырыптан сұрақтар жасырылған. (Лото ойыны арқылы) 1. Жырқыш жануарларды ата. 2. Ең қу қай жануар? 3. Ең қорқақ жануарды ата. 4. Осы мәтінде қай жануарлардың бір-біріне деген достығын көрсеткен? 5. Шақшақай құсы немен қоректенеді? 6. Алыстан келе жатқан жауды шақшақай қалай байқап, белгі береді? 7. Бунақденелілерді ата. 8. Түлкі немен қоректенеді? 9. Аңшы жануарлардың бір-біріне деген қайырымдылығын қалай байқады?
10. Арқар қай жерлерде тіршілік етеді?
ІІІ. Жаңа сабақ
Адам, өсімдік, жануар-тіршіліктің маңызды бөліктері. Олар ауамен,сумен,топырақпен тығыз байланысты.
2. Жеке жұмыс
1. Тақырыпты оқу.
2. Екі сұраққа жауап алу.
А) Адам өміріндегі өсімдіктің пайдасы.
Б) Қандай жануарлар адамға пайдалы?
Қандай бақша жеміс түрлерін білесіздер? Оқушылар адам,өсімдік,жануар туралы мақал-мәтел немесе тыйым сөздер айту.
3. «Ой тастау» бөлімі арқылы кестемен жұмыс жүргізу. Кестеге адам,өсімдік,жануарларға қажетті жағдайларды жазып шығу.
Адам
Өсімдік
Жануар
4. «Топтастыру» стратегиясы Үй жануарларының түрлері және адам өміріне пайдасы. Олардан біз не аламыз? (төрт түліктің суреттері, плакат беру)
Қорытындылау.Оқушылардан кері байланыс алу.
VII. (мен не істедім немесе не білдім,мені қызықтырғаны,маған қиын болғаны,маған ұнамағаны,маған ұнағаны) (5 минут)
Үй тапсырма
Адам және өсімдіктер мен жануарлар. Оқу,түсінгенін айту.